Ауданымызда этностар көп шоғырланған Достық ауылдық округінде этносаралық кикілжіңдердің алдын алу, бірлік пен ұлтаралық татулықты насихаттау, ауыл тұрғындарының мұқтаж мәселелерін тыңдау мақсатында кездесу өткізілді. Кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Бабашев, «Қоғамдық келісім» КММ Мақтаарал аудандық филиалының басшысы А.Жолдасов, ауыл округ әкімі, ауыл билері мен тұрғындары қатысты.