• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 11 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Сыбайлас жемқорлықпен күресу-ортақ парыз!

25.03.2024
in Басты ақпарат
Сыбайлас жемқорлықпен күресу-ортақ парыз!

Жемқорлықпен күрес әрбір саналы азаматтың парызы. Кез келген өркениетті қоғам үшін жемқорлықпен күрес өзекті мәселе болып отыр. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде өткізген кеңесте: «Сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін атап өтті. Оның пікірінше, заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керек» — деп атап өткен болатын.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу.
Осыған байланысты, Абай ауданы әкімінің аппаратында ағымдағы жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.
Талдау нәтижесімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді жою бойынша іс-шаралар жоспары жасалып, аппараттың ресми сайтына орналастырылды.
Абай ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында қарқынды жұмыс жүргізуде.
2023 жылы аппарат қызметкерлерінің қатысуымен семинарлар өткізіліп, «Мемлекеттік қызметшілердің арасында сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне төзбеушілік ахуалын қалыптастыра отырып, қарсы тұрарлық мәдениетті, білім мен тәрбиені қалыптастыру» бойынша айтылды. Семинар барысында туындаған өзекті сұрақтарға байланысты аппарат қызметкерлері толық жауап алып, өзара пікір алмасу жүргізілді.
Мұндай іс-шаралардың мақсаты – мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлық мәселесі бойынша мемлекет жүргізіп отырған саясат бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу, парақорлық фактілеріне жол бермеу. Осыған ұқсас жиындар мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.
Аудан әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша аудан тұрғындарына мемлекеттік қызметтер электронды түрде қол жетімді, бұл да белгілі бір дәрежеде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жолы болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық — өте күрделі құбылыс. Сол себептен барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыретінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Ертеңгі болашағы үшін алаңдайтын әрбір саналы азамат жемқорлықты ауыздықтау ісінде өзінің жеке үлесін қосқаны абзал.
Б.ПАРМАНОВ,

Оқи отырыңыз...

Түркістанда кәсіпкерлерге арналған ауқымды бизнес-кездесу өтті

Түркістанда кәсіпкерлерге арналған ауқымды бизнес-кездесу өтті

10.04.2026
Шымкентте бизнесті дамытуға арналған ауқымды семинар өтті

Шымкентте бизнесті дамытуға арналған ауқымды семинар өтті

08.04.2026
В Шымкенте прошёл масштабный семинар по развитию бизнеса

В Шымкенте прошёл масштабный семинар по развитию бизнеса

08.04.2026

Абай ауданының әкімі​ ​.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Шымкентте «ShymSafe360» жобасын іске асыру мәселесі талқыланды⁣⁣

11.04.2026
ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ⁣⁣

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ⁣⁣

11.04.2026
ЗИЯТКЕР ҰРПАҚ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

ЗИЯТКЕР ҰРПАҚ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

11.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған