• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 3 февраля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

КЕЛЕС: ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАР СУ ТАСҚЫНЫ ОРЫН АЛҒАН АЙМАҚТАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТПЕК

08.04.2024
in Қоғам
КЕЛЕС: ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАР СУ ТАСҚЫНЫ ОРЫН АЛҒАН АЙМАҚТАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТПЕК

Еліміздің бірнеше өңіріндегі су тасқынына байланысты Келес ауданының тұрғындары гуманитарлық көмек қабылдайтын штаб құрып, жергілікті тұрғындардың көмектерін қабылдауда. Қарғын су апаты аймағындағы зардап шеккен тұрғындарға көмек қолын созамын деген аудан тұрғындары игі іске өз үлестерін қосуда. Қайырымдылық шарасын ұйымдастыруда аудандық Орталық мешіттің бас имамы Жорабай Дулатбаев пен Абай ауылының биі Рахматулла Ермеков белсенділік танытуда.
– Өздеріңізге белгілі еліміздің батыс, солтүстік, шығыс өңірлерінде су тасқыны орын алып, тұрғындар қиын жағдайға тап болды. Қиындықты бірлесе еңсереміз деген ниетте Келес ауданының тұрғындары бірігіп, гуманитарлық көмек жинауды бастап кеттік. Көмектесемін деген азаматтарымыздың қарасы қалың. Саудада жүрген кәсіпкерлеріміз ұн, ең қажетті және жолға жарамды заттармен қамтып үлгерді. Қайырымдылық жасауға бекінген азаматтарымызға жеке басқа арналған гигиеналық заттар мен киім-кешек, көрпе-төсек, тұрмысқа қажетті заттарды жеткізуді сұранудамыз. Көпшілігі қаржылай да көмек көрсетуде. Алдағы уақытта жиналған елдің аманатын тиісті орынға тікелей Келес ауданының тұрғындары атынан жеткізетін боламыз, — дейді ауыл биі Рахматулла Ермеков.
Сондай-ақ, ауданның бас имамы игі іске үлес қосқан Келес ауданының жұртшылығына, жастарына, кәсіпкерлеріне ризашылығын білдіріп, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге қолдау көрсету жұмыстары жалғасатынын жеткізді. Айта кетейік, бүгінгі дейін аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Түркістан қаласы арқылы Ақтөбе облысына азық-түлік керуені жіберілген болатын. Бүгінде жаппай аудан тұрғындары бірлескен түрде қайырымдылық шарасына атсалысуда.
(с) Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз...

Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесі Жаңа Конституция жобасын қолдайды

Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесі Жаңа Конституция жобасын қолдайды

02.02.2026
«Жоғары оқу орны: қауіпсіз аймақ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

«Жоғары оқу орны: қауіпсіз аймақ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

30.01.2026
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ: ЕГЕМЕНДІК ПЕН АУМАҚТЫҚ ТҰТАСТЫҚ – ӨЗГЕРМЕЙТІН ҚҰНДЫЛЫҚТАР

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ: ЕГЕМЕНДІК ПЕН АУМАҚТЫҚ ТҰТАСТЫҚ – ӨЗГЕРМЕЙТІН ҚҰНДЫЛЫҚТАР

30.01.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесі Жаңа Конституция жобасын қолдайды

Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесі Жаңа Конституция жобасын қолдайды

02.02.2026
2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА – ХАЛЫҚ БАСТАМАСЫ МЕН АШЫҚТЫҚ НЕГІЗІНДЕ

2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА – ХАЛЫҚ БАСТАМАСЫ МЕН АШЫҚТЫҚ НЕГІЗІНДЕ

02.02.2026
Шымкент қаласының әкімдігінде жаңа Конституция жобасы талқыланды

В акимате Шымкента обсудили проект новой Конституции Республики Казахстан

02.02.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған