Тасқыннан зардап шеккен аймақ тұрғындарына келестіктер гуманитарлық көмек жинап жатыр. Аудан тұрғындары қолдаған қайырымдылық шарасына мемлекеттік қызметшілермен қатар, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары да атсалысуда. Сол қатарда Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Бахыт Басымбек те бар. Ол аудандық орталық мешіттің жанынан ашылған пунктке қаржылай көмегін көрсетіп, қажетті заттарды табыстады.
– Су тасқыны батыс, солтүстіктегі тұрғындарды әбігерге салды. Осындай қиын-қыстау кезеңде қол үшін берген жерлестеріме қосылып, тұрғындарға көмектесіп жатқан жандарға өз үлесімізді қосқымыз келді. Осы орайда барша аудан тұрғындарына алғысымды білдіріп, қиындықты бірлесе еңсеретінімізге сенімдін, — деді Бахыт Басымбек.
Айта кетейік, еліміздің су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына Түркістан облысынан гуманитарлық көмек жеткізілу жалғасып жатыр. Азық-түліктер қатарында макарон, ұн өнімдері, тігін фабрикалары да көрпе-төсек, киім-кешек түрлерімен үлес қосты. Азаматтар тұрмысқа қажетті өзге де бұйымдарды ел болып бірігіп жинап, зардап шеккен тұрғындармен қолда бар мүмкіндіктерімен бөлісіп жатыр.
(с) Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі