• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 3 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

08.04.2024
in Қоғам
ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының мәжіліс залында «Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы аудандық Ақсақалдар кеңесінің отырысы өтті.
Жиында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Атырау өңірінде өткен Ұлттық құрылтайдағы «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында көтерілген өзекті мәселелер талқыланды.
Кездесуді Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-сі Сайрам аудандық филиалының басшысы Базарбай Мамадиярұлы ашып, жүргізіп отырды.
Кеңес отырысына аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Аманкелді Қабылбеков және мүшелері, ауданның мәслихат депутаттары, кәсіби медиатор Сайера Даванова және кәсіби емес медиаторлар, Сайрам ауданының бас имамы Арыстан Оспанов, этномәдени бірлестіктердің төрағалары қатысты.
Кеңес отырысында А.Қабылбеков сөз сөйлеп, құрылтайда айтылған маңызды мәслелерге тоқталып өтті.
– Ынтымағы жарасқан, ортақ мақсатқа ұйысқан ұлт ешқашан ұтылмайды, ештеңеден құр қалмайды. Бұл істе зиялы қауым айрықша рөл атқарады. Әсіресе, елге сөзі өтетін аға буынның орны бөлек. Олар – қазақтың қаймағы, ұлттың мақтанышы. Елдің тұтастығы зиялы қауымның бірлігінен басталады. Яғни, алдымен ел ағаларының арасында ауызбіршілік болуы керек – деді ол.
Келесі сөз алған Арыстан Оразалыұлы кітап оқудың маңыздылығына тоқтала келе, күш – білімде, білім – кітапта екенін атап өтті.
– Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз. Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыру керек, — деді ол.
Жарыссөзге шыққан ауданның Құрметті азаматы А.Құрманбеков: «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға ұмтыламыз. Өнімді еңбек етіп, сапалы білім алып, ортақ мақсатқа бірге жетеміз» деп, өз ойын ортаға салды.

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТТЕ 134 АЗАМАТ  ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА ИЕ БОЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ 134 АЗАМАТ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА ИЕ БОЛДЫ

03.07.2025
ҚАЛАМЫЗДА ҚҰТЫРУҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ ТЕГІН ЖҮРГІЗІЛЕДІ

ҚАЛАМЫЗДА ҚҰТЫРУҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ ТЕГІН ЖҮРГІЗІЛЕДІ

02.07.2025
МЮНХЕНДЕ  ШЕТЕЛДІК МАМАНДАР  ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИЗМ САЛАСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ АЛДЫ

МЮНХЕНДЕ ШЕТЕЛДІК МАМАНДАР ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИЗМ САЛАСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ АЛДЫ

01.07.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

03.07.2025
ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ПРОАКТИВТІ ТҮРДЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ПРОАКТИВТІ ТҮРДЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

03.07.2025
ШЫМКЕНТТЕ 134 АЗАМАТ  ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА ИЕ БОЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ 134 АЗАМАТ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА ИЕ БОЛДЫ

03.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған