Су тасқынынан зардап шеккен, табиғи апат аймағында тұратын халыққа көмек қолын созу мақсатында: Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы күрді этномәдени бірлестігі мүшелерінің ұйымдастыруымен Ақтөбе облысында болған су тасқынынан зардап шеккен отбасыларына қайырымдылық іс шарасы барысында Төлеби ауданы, Жылан бұзған елдімекенінің тұрғындары мен кәсіпкерлерінің ұйымдастыруымен, 1млн теңге көлемінде азық- түлік және киім кешек, төсек орын заттарымен көмек көрсетілді.
Игі істердің ортасынан табылып, ел жағдайына бей-жай қарамай, көмек қолын созған барша азаматтарға алғысымыз шексіз.