Еліміздің өңірлерінде су басу қаупі сейілмеуіне байланысты, сонымен қатар гуманитарлық көмектің қажеттілігіне орай, Келес ауданында «Күшіміз бірлікте» атты акциясы қызу жалғасып жатыр.
Аталған шараға Келес аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі де барынша өз үлестерін қосуда. Қазіргі таңда Келес аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Сәрсенова Гүлбала Жәнібекқызы бастаған топ Келес аудандық мешіттегі штабқа азық-түлік, көрпе-төсек, тұрмыстық заттар мен қаржылай көмектерін әкеліп, тапсырды.
Келес ауданы тұрғындары өз жанашырлықтарын көрсетуде және аудандағы ауылдық округтерден және әкімшілік бөлімдерінен гуманитарлық жүк толассыз жеткізіліп, қаржылай жылу жиналуда.