• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 24 мая, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

ПРЕЗИДЕНТ СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ ТИІСТІ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕТІНІН АЙТТЫ

08.04.2024
in Қоғам
ПРЕЗИДЕНТ СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ ТИІСТІ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕТІНІН АЙТТЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар облысындағы су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты Қазақстан халқына үндеу жариялады.
Президент қауіпті аймақтарда су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша жұмысты жалғастыру, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және инфрақұрылымды сақтаудағы маңызды қадамдар туралы айтып өтті.
Су тасқынының жиілігі мен қарқындылығына қарсы жұмысты нығайтуды жалғастыру және бақылауға ұстау керектігін атап өтті.
Зардап шектен отбасылар мен аймақтарға тиісті түрде көмек көрсетіліп, мемлекеттік резервтен қауіпті аймақтарға көмек жіберілетінін айтты.
— Бұл – табиғи апат. Мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмаған. Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат деуге болады, — деді Президент.
Тұрақты және жүйелі жұмысты жүргізіп, қоғамның қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету — басты міндет.
Су тасқыны кезеңінде қыстағы жауған қар еріп, судың арнасынан асуы, дамбалардың толуы елімізді әбігерге салып жатқаны жасырын емес. Сонымен қатар, қыста жауын-шашынның көп болуына байланысты топырақ та ылғал.
Көлденең келген қиыншылық су тасқынының алдын алып, салдарын жоюға көмек қолын созу әрқайсымыздың міндетіміз деп ойлаймын! Барлық өңірде су тасқынына қарсы жұмыстарды күшейту, ең алдымен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды.
Бұл сынақтан да халқымыз ауызбіршіліктің арқасында шығады деп білемін! Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Еліміз аман болсын!

Оқи отырыңыз...

«ЗАҢДЫ БІЛУ — ЗАМАН ТАЛАБЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«ЗАҢДЫ БІЛУ — ЗАМАН ТАЛАБЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

19.05.2026
Мемлекет басшысы Алтын Орда мәселесін зерделеу бойынша іргелі бастамаларды қолға алуды ұсынды

Мемлекет басшысы Алтын Орда мәселесін зерделеу бойынша іргелі бастамаларды қолға алуды ұсынды

19.05.2026
Президент: Алтын Орданың қуатты империя болғанына ешқандай тарихшы күмән келтірмейді

Президент: Алтын Орданың қуатты империя болғанына ешқандай тарихшы күмән келтірмейді

19.05.2026

Қайрат ЗАЙНИШЕВ,
Казинформ.кз сайтының Түркістан облысындағы меншікті тілшісі, Түркістан облысы ҚХА жанындағы журналистер мен блогерлер клубының мүшесі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Түркістанда дизайн-код талаптары мен маңдайша жарнамаларды реттеу мәселелері талқыланды

Түркістанда дизайн-код талаптары мен маңдайша жарнамаларды реттеу мәселелері талқыланды

23.05.2026
ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

23.05.2026
Отанға қызмет – болашаққа серпін

Отанға қызмет – болашаққа серпін

23.05.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған