Бүгін Түркістан қаласында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Түркістан облысы ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің төрағасы Бақытжан Бейсембаев модераторлық етті.
Кеңес отырысында Түркістан облысында медиация саласын дамыту мәселелері және дауларды медиация тәсілімен шешу тәжірибесі жан-жақты талқыланды.
Басқосуға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейітжанов, «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева, Түркістан облыстық сотының судья медиаторы Марат Арапов, Қазақстан кәсіби медиаторлары мен құқықтық кеңесшілер қауымдастығының президенті Дана Кенжеқұлова, «Халықаралық медиация орталығы» Қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы бойынша өкілдігінің директоры Еркебұлан Әлжанов, сондай-ақ Түркістан облыстық құқық қорғау органдарының салаға жауапты қызметкерлері және Түркістан облысы ҚХА жанындағы аудандық және қалалық Медиация кеңесінің мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ-нің филиал басшылары қатысты.
Жиында сөз алған Түркістан облыстық сотының судья медиаторы Марат Арапов өркениетті елдерде бүгінде медиация институтына мықтап ден қойылып жатқанын, бұл ретте медиация ұғымы қазаққа да жат емес екенін тілге тиек етті…