• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 7 сентября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ҚАЛА ӘКІМІ БИЗНЕС ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

12.03.2024
in Басты ақпарат
ҚАЛА ӘКІМІ БИЗНЕС ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің жергілікті бизнес қауымдастығы өкілдерімен өткен арнайы кездесуінде кәсіпкерлікті дамытуда көрсетілетінін қолдау шаралары баяндалып, мегаполисті өркендетуге қатысты ұсыныстар талқыланды.

Оқи отырыңыз...

Камбоджа Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру тәжірибесін меңгеруде

Камбоджа Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру тәжірибесін меңгеруде

04.09.2026
ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ГРУЗИЯ КӨРЕРМЕНДЕРІН ТӘНТІ ЕТТІ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ГРУЗИЯ КӨРЕРМЕНДЕРІН ТӘНТІ ЕТТІ

03.09.2026
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасында  құрылыс индустриясын дамыту және заманауи технологияларды өңірге енгізу мәселелеріне арналған кездесу өтті

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасында құрылыс индустриясын дамыту және заманауи технологияларды өңірге енгізу мәселелеріне арналған кездесу өтті

02.09.2026

Қала басшысы сыйақы ставкаларын субсидиялау мақсатында жергілікті бюджеттен 2 млрд теңгеден астам қаржы қаралғанын жеткізді. Қазіргі уақытта мемлекет тарапынан бизнес өкілдеріне барлық қолдау көрсетіліп отырғанына тоқталып, салықты уақтылы және толық төлеу қажеттігін ескертті. Сондай-ақ қаламызда көлеңкелі экономикамен күресті күшейту қажеттігін, осы мақсатта бөлшек салық мөлшерін 4 пайыздан 2 пайызға төмендетілгенін, жеңілдікпен 90 мыңнан астам кәсіпкер қамтылатынын атап өтті.

— Біз өз тарапымыздан жалақысы төмен бюджеттік қызметкерлерді анықтап, өткен жылы 15 мың қызметкерге жергілікті бюджеттен 22 мың теңге қосымша үстемақы тағайындадық. Биыл үстемақы мөлшерін 50 мың теңгеге дейін ұлғайтып, ең төменгі жалақы көлемін 140 мың теңгеге жеткіздік. Бұл мақсаттарға жергілікті бюджеттен 10 млрд теңгеге жуық қаржы бағытталды. Құрметті кәсіпкерлер! Бұл бастамаға қолдау көрсетіп, халықтың әл-ауқатын көтеруге Сіздер де үлес қосады деген сенімдемін. Жалпы, ниеті таза, қаламызға, халқымызға жанашыр кәсіпкерлермен біз қашан да жұмыс істеуге дайынбыз – деді қала әкімі.

Сондай-ақ Ғабит Әбдімәжитұлы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне тоқталып, «Шымкент – қайырымды қала» корпоративтік қорының жұмыс істеу форматы түбегейлі өзгеретінін атап өтті. Өз кезегінде Кәсіпкерлер палатасының директоры С.Қ.Адамбекова бөлшек салық мөлшерінің төмендетілуі бүгінде 364 қызмет түрін қамтып отырғанын, бұл қолдау кәсіпкерлерге жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беріп, қаражат айналымын арттыратынын айта келе, бизнес қауымдастығы тарапынан аталған қорға қолдау көрсетілетінін баяндады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЁННАЯ СБОРНИКУ «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА — ШЫНШЫЛ СӨЗ»

04.09.2026
ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

04.09.2026
ТІЛ – БІРЛІККЕ БАСТАР ЖОЛ ЖӘНЕ ТӘРТІП НЕГІЗІ

ЯЗЫК — ПУТЬ К ЕДИНСТВУ И ОСНОВА ПОРЯДКА

04.09.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған