• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 21 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖАНУАРЛАРЫНА 30,1 МЛН. ВАКЦИНА ЕГІЛЕДІ

11.03.2024
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖАНУАРЛАРЫНА 30,1 МЛН. ВАКЦИНА ЕГІЛЕДІ

Түркістан облысында ветеринария саласына тиісті қолдау көрсетіліп, жұмыстар күшейтілді. Ауыл шаруашылығы жануарлары арасында кездесетін 16 түрлі аса қауіпті ауруға қарсы тиісті іс-шаралар атқарылуда. 2023 жылы барлығы 13 ауруға қарсы 29,5 млн. доза вакцина егіліп, жоспар толығымен орындалды. 2024 жылы 30,1 млн. доза вакцина егу жоспарланып, бүгінгі таңға 12,8 млн. доза вакцина бөлініп, аудан, қалалардағы уақытша сақтау қоймаларына жеткізілген. Төрт түлікке екпе жұмыстары басталуда.
Бұл саладағы жұмыстар мен кемшіліктер және жоспарлар Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды өңірде ауыл шаруашылығының маңызы жоғары екеніне тоқталып, ветеринария саласындағы жұмыстар өте сапалы атқарылуы тиіс екеніне тоқталды. Өз жұмысын дұрыс атқара алмай жатқан кейбір филиал басшыларына қарсы қатаң қызметтік шара көруді тапсырды.
– Эпизоотиялық жағдайды үнемі бақылап, тұрақты ұстап отыруымыз керек. Өйткені, Түркістан облысының негізгі басымдықтарының бірі – мал шаруашылығы. Егер ветеринария саласында эпизоотиялық жағдай дұрыс болмаса, мал шарушылығына зиян келеді. Экспорт та тоқтайды. Сондықтан өте үлкен жауапкершілікпен жұмыс істеңіздер. Көптеген аудандарда жолдың бойында, қоқыс полигондарында малдың өлекселері жатыр. Малды сойып, терісін далаға тастап кететіндер де бар. Бұл аурулардың таралуына әкеліп соғу мүмкін. Сондықтан осы мәселені ретке келтіріңіздер. Қатаң қадағалап, тәртіп орнату керек. Биыл ветеринария саласында кене шағу жағдайларын, мал ауруларының таралуын төмендетіңіздер. Ол үшін вакцинация, зарарсыздандыру жұмыстары сапалы әрі оны жүргізген мамандар білікті болуы тиіс, – деген Дархан Сатыбалды Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылындағы мал базарын ретке келтіру, өңірдегі мал базарларын талапқа сай ету, санитариялық тазалық жұмыстарын күшейту, «Беккари» шұңқырларына қатысты түйткілдерді шешу бойынша тапсырмалар берді.
Түркістан облысының ветеринария басқармасының басшысы Ғани Құрманбай ветеринариялық іс-шараларды өткізу барысы туралы баяндады. Оның айтуынша, 2022 жылмен салыстырғанда бруцуллезге шалдығу дерегі мүйізді ірі қараларда – 41 %, уақ мал арасында 37 %-ға азайған.
2024 жылы бруцеллез ауруына қарсы 1 247,0 мың ірі қара және 4 344,8 мың бас уақ малдардан қан сынамасын алу және ветеринариялық зертханаға жеткізу жоспарланып, бүгінгі танда 105,2 мың, бас ірі қара, 281,5 мың, бас уақ мал тексерілді.
Былтыр энзоотиялық аурулардың алдын алуға қажетті дәрі-дәрмектерді сатып алуға қаржы бөлініп, бұл іс-шараларды атқаруға кәсіпорыннан 1552 қызметкер жұмылдырылған. Мамандар арнайы қорғаныс киімдермен қамтамасыз етілген. 17 дана сәйкестендірілген ДУК автокөлігі әперілген. 3 056,5 мың бас ірі малды бүрку және 9 773,7 мың бас ұсақ малды тоғыту жұмыстары жүргізілді. 74,2 млн. шаршы метр қора жайлар мен жапсарлас аумақтар, 29,2 млн. мал иірімдері, суаттар, бұталар залалсыздандырылған.
Биыл бұл іс-шараларға қажетті дәрі-дәрмектерді сатып алуға қаржы бөлініп, жеңімпаз мердігермен келісімшарт түзілді. Көктемгі кезеңде 1 595,7 мың бас ірі малды бүрку және 5 197,0 мың бас ұсақ малды тоғыту, қоражай мен жапсарлас аумақты, суаттар мен бұталарды залалсыздандыру, тиісті іс-шараларды атқару жоспарланып отыр.
Құтыру ауруының алдын алу және таралу жолдарын болдырмау мақсатында былтыр қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Қолданыстағы ережелерді сақтамай үй жануарларын қараусыз жібергені үшін ішкі істер органына 514 ұсыныс беріліп, 485 адамға «Әкімшілік құқық бұзушылық» заңы басшылыққа алынып, айыппұл салынды. Үй жануарларын есепке алу бойынша 12 915 бас ит-мысық чиптеліп, «Танба» дерекқор базасына енгізіліп, есепке алынды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
———
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ВАКЦИНИРУЮТ 30,1 МЛН СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННЫХ ЖИВОТНЫХ
В Туркестанской области усилена работа в области ветеринарии. Проводятся соответствующие мероприятия против 16-ти различных особо опасных болезней, встречающихся среди сельскохозяйственных животных. В 2023 году против 13-ти заболеваний было выполнено 29,5 млн доз вакцин. В 2024 году планируется выполнить 30,1 млн доз вакцин, на сегодняшний день на склады временного хранения в районах и городах завезено 12,8 млн доз вакцин. Начинается вакцинация скота.
Работы и недостатки в этой сфере и планы обсуждались на еженедельном заседании аппарата акима Туркестанской области. Аким области Дархан Сатыбалды отметил высокое значение сельского хозяйства в регионе и подчеркнул, что работа в области ветеринарии должна быть выполнена качественно. Было поручено принять строгие служебные меры в отношении руководителей филиалов, которые не справляются со своими функциями.
«Мы должны постоянно контролировать эпизоотическую ситуацию. Ведь одним из главных приоритетов Туркестанской области является животноводство. Если эпизоотическая ситуация в области ветеринарии опасная, животноводство пострадает. Экспорт мяса тоже прекратится. Так что работайте очень ответственно! Во многих районах вдоль дорог, на свалках лежат трупы крупного рогатого скота. Есть и те, кто забивает скот и оставляет шкуры на поле. Это может привести к распространению болезней. Нужно навести порядок в этом. В этом году необходимо снизить количество случаев укусов клещей, уменьшить уровень распространенности болезней животных. Для этого вакцинация и стерилизация должны быть проведены квалифицированными специалистами», — сказал
Д. Сатыбалды и поручил привести в порядок скотный рынок в селе Карабулак Сайрамского района, а также все скотные рынки региона, усилить санитарную очистку, решить проблемы с ямами Беккари.
Руководитель управления ветеринарии Туркестанской области Гани Курманбай доложил о ходе проведения ветеринарных мероприятий. По его словам, по сравнению с 2022 годом заболеваемость бруцуллезом среди КРС снизилась на 41%, среди МРС — на 37%.
В 2024 году против бруцеллеза запланирован отбор проб крови у 1 247,0 тыс. голов крупного рогатого скота и 4 344,8 тыс. голов МРС. На сегодняшний день обследовано 105,2 тыс. голов КРС и 281,5 тыс. голов МРС.
В прошлом году были выделены средства на закуп лекарств, необходимых для профилактики энзоотических заболеваний, на выполнение этих мероприятий было привлечено 1552 специалиста. Они обеспечены специальной защитной одеждой. Проведены работы по опрыскиванию 3056,5 тыс. голов крупного рогатого скота и 9 773,7 тыс. голов мелкого рогатого скота. Обеззаражено 74,2 млн квадратных метров сараев, скотобоен и водостоков.
В этом году на такие мероприятия выделены средства на приобретение необходимых медикаментов и заключен контракт с подрядчиком-победителем. В весенний период опрыскиванию подлежат 1 595,7 тыс. голов крупного рогатого скота и 5 197,0 тыс. голов мелкого рогатого скота. Будут обеззаражены 46,5 млн квадратных метров сараев и скотобоен.
В целях предотвращения распространения бешенства в прошлом году были проведены работы по отлову бродячих собак и кошек. За отправку домашних животных без присмотра без соблюдения действующих правил в органы внутренних дел выдано 514 предложений, 485 человек оштрафованы на 6 185,0 тыс. тенге, согласно Закону «Об административных правонарушениях». Чипировано 12 915 голов домашних собак и кошек, информация занесена в базу данных. Предусмотрены средства на бюджетную программу вакцинации бродячих животных. В соответствии с законом «О государственных закупках» проводятся открытые конкурсы.
Пресс-служба акима Туркестанской области

Оқи отырыңыз...

Президент екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

Президент екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

17.06.2025
Шымкенттің үздік тауар өндірушілері анықталды

Определились лучшие товаропроизводители Шымкента

13.06.2025
Шымкенттің үздік тауар өндірушілері анықталды

Шымкенттің үздік тауар өндірушілері анықталды

13.06.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

21.06.2025
КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІМЕН ТАНЫЛҒАН ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ПЕДИАТР

КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІМЕН ТАНЫЛҒАН ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ПЕДИАТР

21.06.2025
«ТАЗА ҚАЛА – ОРТАҚ МІНДЕТ» АТТЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

«ТАЗА ҚАЛА – ОРТАҚ МІНДЕТ» АТТЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

21.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған