• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 7 сентября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ҰЛТТЫҚ СПОРТ КЛУБЫ ҚҰРЫЛДЫ

17.02.2024
in Басты ақпарат
КЕЛЕС АУДАНЫНДА ҰЛТТЫҚ СПОРТ КЛУБЫ ҚҰРЫЛДЫ

Келес ауданында ұлттық спорт түрлерін дамыту басты назарға алынған. Оның ішінде ат спорты, қазақ күресі, асық ату, тоғызқұмалақ сынды ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға айналған спорттық шараларға басымдылықтар берілуде.

Оқи отырыңыз...

Камбоджа Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру тәжірибесін меңгеруде

Камбоджа Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру тәжірибесін меңгеруде

04.09.2026
ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ГРУЗИЯ КӨРЕРМЕНДЕРІН ТӘНТІ ЕТТІ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ГРУЗИЯ КӨРЕРМЕНДЕРІН ТӘНТІ ЕТТІ

03.09.2026
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасында  құрылыс индустриясын дамыту және заманауи технологияларды өңірге енгізу мәселелеріне арналған кездесу өтті

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасында құрылыс индустриясын дамыту және заманауи технологияларды өңірге енгізу мәселелеріне арналған кездесу өтті

02.09.2026

Осы орайда Келес ауданы әкімдігінің қаулысымен Келес ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі жанынан «Келес аудандық ұлттық спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. Мекемеде жалпы 25 штаттық бірлік болып, 9 әкімшілік қызметкерлер, 16 жаттықтырушы спорттың 8 түрі бойынша спортшыларды дайындайды. Атап айтқанда көкпар, қазақ күресі, аударыспақ, жамбы ату, тоғызқұмалақ, теңге ілу, асық ату, ұлттық жекпе-жек спорт секциялары бойынша жаттыға алады. Бұл туралы аудан басшысы Жәнібек Ағыбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Даурен Ілесов мәлімдеді.

– Бүгінгі күнге ұлттық спорт түрлерімен шұғылданатын спортшылар саны жыл сайын артып келеді. Сұранысқа сай құрылған мекеме бүгінде арендалық ғимаратқа орналасқанымен жыл соңында құрылыс аяқталуы жоспарланған спорт комплексінде жұмысын жалғастырмақ. Сондай-ақ жастарды спортқа баулу мақсатында Келес спорт клубы ашылып, онда бүгінде спорттың 4 түрінен 1330 жасөспірім оқушылар шұғылданады. Ал, бұқаралық спортты дамыту мақсатында өткен жылы бекітілген жоспарға сәйкес, аудан аумағында 72 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 6 150 адам қатысты, — деді Даурен Ілесов.

Дербес бөлім басшысы өз баяндамасында аудандағы саяси-ахуал, мәдениет саласын дамыту мен бұқаралық спортты дамыту, жастар саясатында жүзеге асып жатқан жобалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті. Өз кезегінде аудан басшысы аталған бөлімнің жұмысы күрделі әрі жауапкершілігі жоғары сала екенін айтып, жастарды спортпен шұғылдануға жағдай жасау барысында берілген тапсырмалардың орындалуы барысы мен алдағы жоспарлары туралы сұрады. Сонымен қатар, ауылдық елді мекендердегі тұрғындарға мәдени шараларды ұйымдастыруды, спорттық инфрақұрылымды жаңғырту бағытында нақты тапсырмаларды жүктеді.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЁННАЯ СБОРНИКУ «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА — ШЫНШЫЛ СӨЗ»

04.09.2026
ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

04.09.2026
ТІЛ – БІРЛІККЕ БАСТАР ЖОЛ ЖӘНЕ ТӘРТІП НЕГІЗІ

ЯЗЫК — ПУТЬ К ЕДИНСТВУ И ОСНОВА ПОРЯДКА

04.09.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған