• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 19 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛЫЖАЙЛАРҒА ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТҚА СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТЫН БЕРУ ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

16.11.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛЫЖАЙЛАРҒА ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТҚА СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТЫН БЕРУ ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

Енді аккредиттелген жылыжайлардың иелері субсидия алуға өтініш бере алады. ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір тағы 142 жылыжай шаруашылықтарының өтінімі инспекция органдарының қарауында жатыр.
Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте жылыжай шаруашылықтарына мемлекеттік қолдау шараларының нәтижелері қаралды. Биыл алғаш рет субсидиялаудың жалпы ережелеріне фермерлік жылыжайларға субсидия алуға мүмкіндік беретін норма енгізілді. Енді жылыжайлар орналасқан облыс әкімдіктері тиісті өкімдерді қабылдап, субсидия мөлшерін белгілеуі тиіс.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда екі өңірде ғана бұл жұмыстар жүргізіліп жатыр – Шымкент пен Түркістан облысында. Түркістан өңірінде өнеркәсіптік жылыжайларға – 8,1 млн теңге/га, фермерлік жылыжайларға – 4,8 млн теңге/га белгіленген. Ал Шымкентте биылғы жылдың 20 қарашасына дейін нормативтер бойынша өкім шығару жоспарланған.
«Жылыжай шаруашылығын дамыту үшін мемлекет келесі қолдау шараларын көрсетуде: инвестициялық субсидиялар аясында жылыжай кешендерін салу және кеңейту жобаларын іске асыру кезінде шығындардың 25%-ын, тамшылатып суару жүйесін құру және кеңейту кезінде 50%-ын өтеу көзделген. Қазір біз норманы 25%-дан 30%-ға дейін ұлғайту үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бұдан бөлек органикалық тыңайтқыштарды, пестицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды, суаратын суды қоспағанда, тыңайтқыштардың құны субсидияланады. Сондай-ақ маусымаралық кезеңде жылыту шығындары субсидияланады. Бүгінгі таңда 605 фермерлік жылыжай ұлттық стандартқа сәйкестік сертификатын алды, олардың иелері жақын арада субсидия алуға өтініш бере алады. Осылайша, жылыжай шаруашылықтары өндірісінің барлық циклі мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылған және нарықты қорғау бойынша қосымша шаралар талап етілмейді. ТРМК Ұлттық аккредиттеу орталығының мәліметі бойынша, фермерлік жылыжай шаруашылықтарының тағы 142 өтінімі инспекция органдарының қарауында жатыр», – деп хабарлады ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов.
Кеңес қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин әкімдіктер мен бақылаушы мемлекеттік органдарға көкөністерді жабық топыраққа отырғызу алдында жылыжайларға уақытылы көмір жеткізуді бақылауға алуды тапсырды.
«Жылыжайлар мен көкөніс қоймалары – ауыл шаруашылығы инфрақұрылымының маңызды элементтерінің бірі. Бірінші кезекте азық-түлік қауіпсіздігі аясында елімізге қажетті дақылдарды өсіретін шаруашылықтарға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуіміз керек. Мысалы, ол дақылдардың қатарында қызанақ пен қияр бар. Барлық өңірдегі қолданыстағы жылыжайлардың есебін жүргізіп, аталған қолдау шараларын көрсетуді қамтамасыз ету қажет», – деп атап өтті вице-премьер.
Айта кетейік, жылыжай алаңдарының негізгі бөлігі Түркістан облысында орналасқан — 824,2 га. Алматы облысында – 79 га, Жамбыл облысында – 23,2 га, Маңғыстау облысында – 15,5 га, Қарағанды облысында – 43 га, Ақтөбе облысында – 38 га, Атырау облысында – 15,6 га, Шымкент қаласында – 139,2 га және Алматы қаласында – 11,1 га.
Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 17-тармағына сәйкес, жабық топырақта басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған нормалар алынған өсім қорытындылары бойынша көкөніс дақылдарының бір дақыл айналымына белгіленеді (1 шаршы метрге егілген көшеттің 95%-ынан кем емес).

Оқи отырыңыз...

Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Подписан меморандум с бизнес-ассоциациями Кыргызстана

17.04.2026
Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

17.04.2026

Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады

15.04.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Подписан меморандум с бизнес-ассоциациями Кыргызстана

17.04.2026
Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

17.04.2026
Мемлекет басшысы БҰҰ мен басқа да халықаралық институттарды жетілдіру жөніндегі ойымен бөлісті

Мемлекет басшысы БҰҰ мен басқа да халықаралық институттарды жетілдіру жөніндегі ойымен бөлісті

17.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған