• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 18 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ САЙРАМДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ

14.11.2023
in Басты ақпарат
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ САЙРАМДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев Сайрам ауданына іссапармен барды. Сапар барысында өңір басшысының орынбасары Қарасу ауылдық округінің емхана жұмысымен танысты. Аталған медициналық мекеме 13 мыңнан астам халыққа қызмет көрсетуде. Ғимараты 1974 жылы типтік емес үлгіде дәріханаға арналып салынған. Соған қарамастан мекеме қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп, науқастарға медициналық көмекті дер кезінде көрсетіп жатыр.
Емхана жұмысының жай-күйімен танысқан Б.Тәжібаев жаңа типтік жобадағы емхана ғимаратының құрылысын жоспарға енгізуді жүктеді. Мұнан соң күрделі жөндеуден өтіп жатқан «Күншуақ» бөбекжай бақшасының құрылыс жұмыстарын тексерді. Сала мамандарына құрылыс жұмыстарын уақтылы және сапалы аяқтауды тапсырды.
Облыс әкімінің орынбасары Манкент ауылындағы дәрігерлік-амбулатория жұмысымен танысты. Қазір медициналық мекеме жаңа ғимарат құрылысын қажет етеді. Бұл ретте ғимарат құрылысына Манкент ауыл округі әкімшілігі тарапынан Жалал ата көшесі бойынан 1,0 га жер телімі бөлініп, мемлекеттік актісі рәсімделген. Қазір СЖТ құжаты Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасына ұсынылған. Аталған жұмыстар жалғасын табады.
– Сайрам аудандық ауруханасына да соңғы он жылдықта күрделі жөндеу жүргізілмеген. Оннан астам нысанды қамтитын ауруханаға күрделі жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаты әзірленуде. Аудандағы әлеуметтік нысандарды ретке келтіру мәселесін мұқият бақылауда ұстаймыз, – деген Бейсен Тәжібаев аудан орталығында тұрғындарға жеке қоғамдық қабылдау өткізіп, өтініштерін тыңдады.
Қордаланған мәселелердің біразы мектеп тапшылығы, білім нысандарына жөндеу жүргізу, жаңа емхана мен кітапхана соғуды қамтыды. Мәселен, 55 жылдық тарихы бар аудандық орталық кітапхана 2011 жылдан соң жөндеу көрмеген. Кітап қорын сақтайтын қойма орындары да жетіспейді. Мәселені шешудің екі жолы қарастырылуда. Жаңа кітапхана құрылысын бастау немесе басқа ғимаратқа ауыстыру ұсыныстары бар. Қабылдауда өзге де жергілікті деңгейде шешілетін сұрақтар қаралды. Заң аясында жауаптары жолданады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз...

Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Подписан меморандум с бизнес-ассоциациями Кыргызстана

17.04.2026
Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

17.04.2026

Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады

15.04.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Подписан меморандум с бизнес-ассоциациями Кыргызстана

17.04.2026
Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

17.04.2026
Мемлекет басшысы БҰҰ мен басқа да халықаралық институттарды жетілдіру жөніндегі ойымен бөлісті

Мемлекет басшысы БҰҰ мен басқа да халықаралық институттарды жетілдіру жөніндегі ойымен бөлісті

17.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған