• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 15 июля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ШЫМКЕНТ: ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚПЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

09.11.2023
in Басты ақпарат
ШЫМКЕНТ: ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚПЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысында құқық бұзушылықты алдын алу және осы бағыттағы өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ жиында қала аумағында жол-көлік оқиғаларын азайту, кәмелетке толмағандар арасында қылмыспен күрес шаралары баяндалды.

Оқи отырыңыз...

Кәсіпкер құқығы қорғалып, мәселе оң шешілді                         

Кәсіпкер құқығы қорғалып, мәселе оң шешілді                         

14.07.2026
ТҮРКІСТАН: АУМАҚТЫҚ ЖӘНЕ УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КАСКАДТЫҚ ОҚУ-СЕМИНАРЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

ТҮРКІСТАН: АУМАҚТЫҚ ЖӘНЕ УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КАСКАДТЫҚ ОҚУ-СЕМИНАРЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

13.07.2026
ТҮРКІСТАНДА ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ӘНДЕРІНЕ АРНАЛҒАН «ШӘМШІ ӘНДЕРІ» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

ТҮРКІСТАНДА ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ӘНДЕРІНЕ АРНАЛҒАН «ШӘМШІ ӘНДЕРІ» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

13.07.2026

Соңғы 9 айда қаламызда қылмыстық құқықбұзушылық саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 34,3%-ға азайғаны байқалады. Онша ауыр емес қылмыстар 38%, ауырлығы орташа қылмыстар 29,5%, ауыр қылмыстар 42,6% төмендеген.

Мегаполисте жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыру мақсатында кешенді жұмыстар жалғасуда. Қазір қала аумағында 16 мың жол белгісі қолданыста. Биыл 520 жол белгісі қайта қалпына келтіріліп, 3 мыңнан астамы жаңадан орнатылды. Келесі жылы тағы 6 мың жол белгісін орнату жоспарлануда.

Басқосуда құқық қорғау органы өкілдері келеңсіздік жиі болатын орындар мен уақыттарды, жасалу себептерін талдап, тиісті ұсыныстарын жеткізді. Құқықбұзушылықтар көбінесе жұма, сенбі, жексенбі күндері кешкі мезгілде тамақтану, ойын-сауық орындарында тіркеледі. Тәулік бойы жұмыс істейтін 164 ойын-сауық орны анықталған. Осыны ескерген полиция өкілдері жергілікті деңгейде ойын-сауық мекемелерінің уақытын айқындауды ұсынып отыр.

Қала әкімі мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін құқықбұзушылықпен күресте күш біріктіріп, қылмыстың жолын кесуде кешенді шараларды тиімді пайдалануға шақырды.

«Құқықбұзушылықты алдын алу мақсатында тамақтану орындары мен ойын-сауық орталықтарының жұмыс уақытын шектеуді заң шеңберінде қарастырамыз. Бұл ретте Астана қаласының тәжірибесін енгізу де тиімді деп ойлаймын. Қатаң тәртіп болған жағдайда ғана заңсыздықтарды жоямыз. Азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтуда жол ережелерін ескермейтін көлік жүргізушілерімен де жұмысты күшейту қажет. Қылмысқа жол беретін барлық жағдайға тосқауыл қойып, тиісті шараларды күшейтуде бірлесе жұмыс істеуге шақырамын», – деді қала әкімі.

Кеңейтілген отырыста құқықбұзушылықтардың жолын кесетін тиімді ұсыныстар талқыланып, алдағы жоспарлар бекітілді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Кәсіпкер құқығы қорғалып, мәселе оң шешілді                         

Кәсіпкер құқығы қорғалып, мәселе оң шешілді                         

14.07.2026
ТҮРКІСТАН: АУМАҚТЫҚ ЖӘНЕ УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КАСКАДТЫҚ ОҚУ-СЕМИНАРЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

ТҮРКІСТАН: АУМАҚТЫҚ ЖӘНЕ УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КАСКАДТЫҚ ОҚУ-СЕМИНАРЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

13.07.2026
ТҮРКІСТАНДА ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ӘНДЕРІНЕ АРНАЛҒАН «ШӘМШІ ӘНДЕРІ» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

ТҮРКІСТАНДА ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ӘНДЕРІНЕ АРНАЛҒАН «ШӘМШІ ӘНДЕРІ» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

13.07.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған