• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 20 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДАҒЫ ЗАУЫТ ТӘУЛІГІНЕ 100 МЫҢ ДАНА ҚЫШ ӨНДІРЕДІ

06.11.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДАҒЫ ЗАУЫТ ТӘУЛІГІНЕ 100 МЫҢ ДАНА ҚЫШ ӨНДІРЕДІ

Ордабасы ауданында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Тур аясында журналистер алдымен Бадам ауылындағы «Бөрте милка» сүт зауытының жұмысымен танысты. Бүгінде зауытта тәулігіне 50 тонна сүт өнімі өңделеді. Сүт өңдеу зауытына Италия мемлекетінің «Технолат», «SPX», «FBF» компанияларының құрал-жабдықтары қойылған. Сондай-ақ, сапар аясында БАҚ өкілдері Бадам ауылы, «BOKEI» ЖШС-ң толық автоматтандырылған қыш зауытының жұмысымен танысты. Өндіріс орны бүгінде тәулігіне 100 мың дана қыш өндіреді. Италия, Жапония, Франция, Ресей сияқты мемлекеттерде жасалған заманауи қондырғылармен жабдықталған зауыт Түркістан облысымен қатар еліміздің өзге де аймақтарын сапалы кірпішпен қамтуға қауқарлы. Өндіріс орнында бүгінде 30 адам жұмыспен қамтылған.

Оқи отырыңыз...

Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Подписан меморандум с бизнес-ассоциациями Кыргызстана

17.04.2026
Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

17.04.2026

Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады

15.04.2026

Сонымен қатар, журналистер аудандағы «KazKioti» ЖШС — трактор жинау зауытында болды. Бүгінде Ордабасы индустриалды аймағында құрастырылатын тракторларға сұраныс жоғары. 2021 жылдан бастап трактор құрастырумен айналысатын зауыт қазіргі таңда Түркістан облысына ғана емес, Шымкент, Тараз, Алматы, Қызылорда, Орал мен Ақтөбе қалаларына тракторларын жөнелтуде. Зауытта 60 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылған. Серіктестік жылына 300 дана трактор құрастырады. Сонымен қатар, тракторды сатып алған азаматтарға 30%-дық субсидия беріледі.

Бұдан бөлек, БАҚ өкілдері «Темірлан ауылындағы «Шапағат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Орталық бүгінде үш бағытта қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, «Ардагерлер орталығы» – егде жастағы зейнеткерлер мен аға буын азаматтарына, «Тең қоғам» – мүгедектігі бар адамдарға көмек береді. Сондай-ақ, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан дағдарысқа ұшыраған жәбірленушілерге арнаулы әлеуметтік психологиялық көмектер көрсетіледі.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚОҒАМ ТІРЕГІ

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚОҒАМ ТІРЕГІ

20.04.2026
ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ПСИХОЛОГТАРЫНА АРНАЛҒАН  ПРАКТИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ ӨТТІ

В КЫЗЫЛОРДЕ ПРОШЛИ ПРАКТИЧЕСКИЕ ЗАНЯТИЯ ДЛЯ ПСИХОЛОГОВ НАЦИОНАЛЬНОЙ ГВАРДИИ

20.04.2026
ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ПСИХОЛОГТАРЫНА АРНАЛҒАН  ПРАКТИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ПСИХОЛОГТАРЫНА АРНАЛҒАН ПРАКТИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ ӨТТІ

20.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған