• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 16 июля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобалары

17.10.2023
in Басты ақпарат

Заң жобасына сәйкес тұтынушылардың арыз-шағымын қараудың қолданыстағы төрт сатылы алгоритмін өзгерту қажеттелігі ұсынылған.

Оқи отырыңыз...

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚЫТАЙДЫҢ ЖЕТЕКШІ КОМПАНИЯЛАРЫ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚЫТАЙДЫҢ ІРІ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ ҚАТЫСҚАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ БАРЫСЫНДА ҚОЛ ҚОЙЫЛҒАН КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫ АЛМАСУ РӘСІМІ ӨТТІ:

16.07.2026
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚЫТАЙДЫҢ ЖЕТЕКШІ КОМПАНИЯЛАРЫ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚАЗАҚСТАН ЦИФРЛЫҚ БОЛАШАҚҚА БАҒЫТ АЛДЫ: ПРЕЗИДЕНТ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕН ИННОВАЦИЯНЫҢ ЖАҢА БАСЫМДЫҚТАРЫН АЙҚЫНДАДЫ

16.07.2026
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚЫТАЙДЫҢ ЖЕТЕКШІ КОМПАНИЯЛАРЫ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚЫТАЙДЫҢ ЖЕТЕКШІ КОМПАНИЯЛАРЫ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

16.07.2026

Бірінші кезеңде тұтынушы құқығының бұзылғаны туралы тікелей кәсіпкерге шағымдануға тиіс. Егер келіссөз сәтсіз болса және кәсіпкер шағыммен келіспесе, тұтынушы екінші кезеңге өтіп, міндетті түрде медиатрдың көмегіне жүгінуі қажет. Үшінші кезең – мемлекеттік органға шағымдану. Әкімшілік мемлекеттік органның жеке тұлғалардың арасында туындаған дауды шешуге өкілеттігі жоқ, себебі ол сот құзыретіне жатады. Бұл жағдай құқықтары бұзылған тұтынушылар үшін қиындық туғызуда.

Осыған байланысты заң жобасында Конституцияның ережесіне және логикаға сәйкес келмейтін бұл жүйені алып тастау ұсынылды.

Осы түзетулерді қабылдаған кезде тұтынушы өз құқығын қорғау тәсілдерін еркін таңдайды. Тікелей сотқа немесе әкімшілік құқықбұзушылық болған жағдайда заң аясында жауапқа тарту үшін мемлекеттік органға шағым беру мүмкіндігіне ие болады.

Келесі өзгеріс:

  • тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл институтын енгізу ұсынылды. Ол шағымдармен айналысады, кеңес береді, осы саладағы мемлекеттік мекемелерді үйлестіреді және нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады.

Келесі өзгеріс:

  • заң ережелеріне «тұтынушылардың негізгі құқықтары» мәртебесін беру,
  • тұтынушылардың құқықтарын қорғау ережелері тұрғын үй-коммуналдық тұтыну, байланыс, туризм, мәдениет, оқыту, сауда, көлік және өзге де салаларына да енгізілмек.
  • тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың салааралық үйлестіруін күшейту ұсынылды.

Келесі өзгеріс: заң жобасында азаматтық-құқықтық айыппұл салу ұсынылады

  • Кәсіпкерлерге жүгінген кезде құқықтары бұзылған және сотқа дейінгі кезеңде шешілмеген тұтынушылардың пайдасына кәсіпкерлердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін енгізу
  • Айыппұл мөлшері тұтынушының талап қою сомасының 10-нан 50%-на дейін.
  • Шағым сомасы неғұрлым аз болса, айыппұл мөлшері жоғарыда көрсетілгендей үлкен болады (айыппұл мөлшерін анықтаудағы парасаттылық қағидаты). Өз кезегінде, көрсетілген сома заң кеңесшілерінің көрсетілген қызметтері үшін шығындарды жабуға мүмкіндік береді.

Яғни тұтынушының құқықтары бұзылған және сотқа дейінгі кезеңде шешілмеген жағдайда кәсіпкерге сот арқылы тұтынушының пайдасына айыппұл салынады.

Бұл өзгерістің ОҢ ЖАҚТАРЫ:

  • Кәсіпкерлерді бұзушылықтарды сотқа дейінгі кезеңдегі өз еркімен жоюға ынталандыру;
  • Қоғамдық мониторингті дамыту және елдегі өркениетті нарықты құруға ынталандыру;
  • Клиенттің қажеттіліктеріне назар аудару;
  • Салауатты бәсекелестікті дамыту.

Келесі өзгеріс:  Заң жобасында онлайн саудаға қатысты жеке ереже ұсынылған.

  • Тауарларды өткізу мақсатында пайдаланылатын «интернет ресурстардың» деңгейін «сауда объектілер» деңгейіне теңестіру.
  • «электрондық коммерция» терминінің анықтамасын кеңейту, бұл ұялы телефонның әртүрлі онлайн платформаларында тапсырыс беру барысында көрсетілетін қызметтер мен жұмыстарды тұтынушылардың құқықтарын бұзу мәселелерін реттеуге мүмкіндік береді.
  • тұтынушылар туралы дербес деректерді қорғауды Заңның негізгі қағидаты ретінде анықтау.
  • Шарттарда тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын талаптарға ЖОЛ БЕРМЕУ.
  • Электрондық сауда алаңдарының иелеріне:
  • тұтынушылардың талаптары мен құқықтарын сақтау жөніндегі ережелерді қамтитын кәсіпкерлермен шарттар жасасу;
  • кәсіпкермен шартта қарастырған шараларды қолдану.
  • Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің субъекті ретінде «кәсіпкерді» айқындау.

Вице-министрдің айтуынша, биыл жарты жылда (4 795 өтініш) тұтынушылардың электрондық сауда сегментіне шағымдарының саны 2022 жылдың сәйкес кезеңімен (937 өтініш) салыстырғанда 411 пайызға өскен.

Осыны ескере отырып, шарттарда тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын және оларға қысым жасайтын талаптарға жол бермеуді бекіту, сондай-ақ құқықтық олқылықтарды жою, атап айтқанда, тауарларды сату мақсатында пайдаланылатын интернет-ресурстарды «сауда объектілеріне» теңестіру ұсынылып отыр. Бұл өз кезегінде бизнес субъектілерін әкімшілік жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.

Б.ҚЫСТАУОВ,

Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы.

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚЫТАЙДЫҢ ЖЕТЕКШІ КОМПАНИЯЛАРЫ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚЫТАЙДЫҢ ІРІ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ ҚАТЫСҚАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ БАРЫСЫНДА ҚОЛ ҚОЙЫЛҒАН КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫ АЛМАСУ РӘСІМІ ӨТТІ:

16.07.2026
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚЫТАЙДЫҢ ЖЕТЕКШІ КОМПАНИЯЛАРЫ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚАЗАҚСТАН ЦИФРЛЫҚ БОЛАШАҚҚА БАҒЫТ АЛДЫ: ПРЕЗИДЕНТ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕН ИННОВАЦИЯНЫҢ ЖАҢА БАСЫМДЫҚТАРЫН АЙҚЫНДАДЫ

16.07.2026
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚЫТАЙДЫҢ ЖЕТЕКШІ КОМПАНИЯЛАРЫ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚЫТАЙДЫҢ ЖЕТЕКШІ КОМПАНИЯЛАРЫ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

16.07.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған