• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 21 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАНДА ҚАЛАМГЕРЛЕРМЕН ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 20 ӘДЕБИ КЕЗДЕСУ ӨТЕДІ

17.10.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАНДА ҚАЛАМГЕРЛЕРМЕН ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 20 ӘДЕБИ КЕЗДЕСУ ӨТЕДІ

Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев бір топ қаламгермен кездесу өткізді. Кездесуге Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, сыншы Әрмиябек Айт, Филология ғылымдарының докторы, профессор Қансейіт Әбдезұлы, ақын, халықаралық «Түркістан» газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлы, Қазақстан Жазушылар одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Айдар Сейдазым, «Turkistan Media Holding» ЖШС-ның басқарушы директоры, журналист Тельман Бейсен және облыстық мәдениет және туризм басқармасының өкілдері қатысты.

Оқи отырыңыз...

Қырғыз Республикасы делегациясы Түркістан облысының инвестициялық әлеуетімен танысты

Қырғыз Республикасы делегациясы Түркістан облысының инвестициялық әлеуетімен танысты

21.04.2026
Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Подписан меморандум с бизнес-ассоциациями Кыргызстана

17.04.2026
Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

17.04.2026

Мазмұнды жиында облыс әкімінің орынбасары қаламгерді мерейтойымен құттықтай отырып, өңірде атқарылып жатқан шараларға тоқталып, бес жылдық белесте ауқымды істер қолға алынғанына тоқталды. Сонымен қатар жыл соңына дейін облыс аумағында қаламгерлермен 20 әдеби кездесу өткізу жоспарланғанын, соның алғашқысы осы сапар екенін атап өтті. Аталған кештер облыстың аудан, қалаларында өтеді. Осы арқылы Түркістан өңірінің рухани әлеуетін көтеріп, Түркістан қаласын тарихи елорда ретінде дамыту көзделген.

Қасымхан Бегманов облыс басшылығының осындай құрметпен қарсы алып жатқанына алғысын жеткізіп, өзінің ән жинағы мен үш бірдей кітабын тарту етті. Өзге де қаламгерлер киелі мекен Түркістанның жаңа кейіпке еніп, гүлденгенін тілге тиек етті.

Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет және туризм басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан қаламгерлердің өңірдегі сапары Түркістандағы «Фараб» кітапханасында Қасымхан Бегмановтың «Жырым сенсің, туған жер» атты шығармашылық кешімен жалғасты. Ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалып, театр әртістері өлеңдерін оқыды. Облыс әкімінің атынан құрмет көрсетілді. Ертең ақынның туған ауылы Сауран ауданы мен Кентау қаласында кеші өтеді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Заң мен тәртіп — қоғам тұрақтылығының негізгі тірегі

Заң мен тәртіп — қоғам тұрақтылығының негізгі тірегі

21.04.2026
Қырғыз Республикасы делегациясы Түркістан облысының инвестициялық әлеуетімен танысты

Қырғыз Республикасы делегациясы Түркістан облысының инвестициялық әлеуетімен танысты

21.04.2026
ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚОҒАМ ТІРЕГІ

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚОҒАМ ТІРЕГІ

20.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған