• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 17 июля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

02.10.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН: АРЫСТА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Арыс қаласында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Қаламызға қарасты 6 ауылдық округтің дихандары жеткізген өнімдер әдеттегідей, нарықтағы бағадан анағұрлым төмен бағамен сатылды.
Арыс-1 теміржол вокзалы алдында өткен жәрмеңке жұмысы таң сәріден қызды. Сөреге көкөніс, ет, сүт және жеміс-жидек, бақша мен дәнді дақылдар, тіпті кептірілген жемістерге дейін, жалпы көлемі 35-тен астам жуық өнімдер саудаланды.
Жәрмеңкенің басты артықшылығы — бағаның төмендігі. Диқандар мен малшылардың биылғы еңбегі еленіп, қол жеткізген жетістігі жиналғандар алдында сараланды. Азық-түлік нарықтық құннан 15-20 процентке төмен саудаланды. Тауар өндірушілер өнімдерін делдалсыз сатып, табыс тапты. Келушілер адал азығын қолжетімді бағаға ұсынған шаруаларға алғысын жаудырды.
-Қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың тапсырмасына сәйкес ауылшаруашылығы өнімдерінің кезекті жәрмеңкесі өтті. Әдеттегідей, жәрмеңкеде тауарлар нарықтан төмен сатылды. Мәселен, қой еті 2200-ден, 5 литрлік пісте май 2500-ден, ал картоп 120-110-нан саудаланды. Жалпы, бағалардың бағасы тікелей назарымызда. Бұл өз кезегінде халықтың арзан бағада азық-түлік сатып алуына септігін тигізеді, — деді Арыс қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы Нұрлыбек Біләлбеков.
Жәрмеңкеде барлық ауыл шаруалары ет өнімдерін саудалады. Сондай-ақ, Монтайтас шаруалары таза бидай өнімдерін әкелсе, ақдалалық шаруа биогумуспен өсірілген, яғни еш табиғи қоспасыз өскен асқабақтарды қолжетімді бағада саудалады. Ал, Жиделі шаруалары өздерінің әйгілі қауын-қарбыздарын, жеміс-жидектерін ұсынса, байырқұмдықтар картоптан бастап, сәбіз, табиғи бал өнімдерін паш етті. Түйелі ауыл саналатын дерменеліктер қымыраннан бастаған сүт өнімдерін әкелсе, қожатоғайлықтар сыр жағасында өскен етті әрі құнарлы ет өнімдерін көптеп әкелді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАНДА ЛАМИНАТ ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЛАМИНАТ ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

16.07.2026
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚЫТАЙДЫҢ ЖЕТЕКШІ КОМПАНИЯЛАРЫ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚЫТАЙДЫҢ ІРІ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ ҚАТЫСҚАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ БАРЫСЫНДА ҚОЛ ҚОЙЫЛҒАН КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫ АЛМАСУ РӘСІМІ ӨТТІ:

16.07.2026
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚЫТАЙДЫҢ ЖЕТЕКШІ КОМПАНИЯЛАРЫ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚАЗАҚСТАН ЦИФРЛЫҚ БОЛАШАҚҚА БАҒЫТ АЛДЫ: ПРЕЗИДЕНТ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕН ИННОВАЦИЯНЫҢ ЖАҢА БАСЫМДЫҚТАРЫН АЙҚЫНДАДЫ

16.07.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЛАМИНАТ ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЛАМИНАТ ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

16.07.2026
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚЫТАЙДЫҢ ЖЕТЕКШІ КОМПАНИЯЛАРЫ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚЫТАЙДЫҢ ІРІ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ ҚАТЫСҚАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ БАРЫСЫНДА ҚОЛ ҚОЙЫЛҒАН КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫ АЛМАСУ РӘСІМІ ӨТТІ:

16.07.2026
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚЫТАЙДЫҢ ЖЕТЕКШІ КОМПАНИЯЛАРЫ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚАЗАҚСТАН ЦИФРЛЫҚ БОЛАШАҚҚА БАҒЫТ АЛДЫ: ПРЕЗИДЕНТ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕН ИННОВАЦИЯНЫҢ ЖАҢА БАСЫМДЫҚТАРЫН АЙҚЫНДАДЫ

16.07.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған