• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 17 июля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ШЫҰ-ҒА МҮШЕ ЕЛДЕРДІҢ 300-ДЕН АСТАМ ДЕЛЕГАТЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ЛАГЕРІНЕ ЖИНАЛДЫ

22.09.2023
in Басты ақпарат
ШЫҰ-ҒА МҮШЕ ЕЛДЕРДІҢ 300-ДЕН АСТАМ ДЕЛЕГАТЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ЛАГЕРІНЕ ЖИНАЛДЫ

Бүгін «Bir Tolqynda» пікірталас алаңында «Жастар кеңістігі: Әділетті әлем және келісім» жастар саяси лагерінің делегаттары жастар қозғалыстарының ынтымақтастығы мен халықаралық диалогын дамыту перспективаларын талқылады. Лагерь Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының қолдауы аясында өтіп жатыр.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАНДА ЛАМИНАТ ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЛАМИНАТ ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

16.07.2026
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚЫТАЙДЫҢ ЖЕТЕКШІ КОМПАНИЯЛАРЫ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚЫТАЙДЫҢ ІРІ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ ҚАТЫСҚАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ БАРЫСЫНДА ҚОЛ ҚОЙЫЛҒАН КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫ АЛМАСУ РӘСІМІ ӨТТІ:

16.07.2026
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚЫТАЙДЫҢ ЖЕТЕКШІ КОМПАНИЯЛАРЫ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚАЗАҚСТАН ЦИФРЛЫҚ БОЛАШАҚҚА БАҒЫТ АЛДЫ: ПРЕЗИДЕНТ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕН ИННОВАЦИЯНЫҢ ЖАҢА БАСЫМДЫҚТАРЫН АЙҚЫНДАДЫ

16.07.2026

Лагерь жұмысына Қазақстанның барлық өңірінен, сондай-ақ Қытай, Қырғызстан, Ресей, Беларусь, Үндістан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген 300-ден астам делегат қатысуда. Ұйымдастырушы – «Жастар Рухы» жастар қанаты.

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды қолдауға ерекше назар аударып отырғанын атап өтті.

«Мемлекет басшысы өзінің қыркүйек айындағы Жолдауында Қазақстан әлемдегі ең жас мемлекеттің бірі екенін атап өткен болатын. Қазір азаматтарымыздың орташа жасы небәрі 32-де. Жастар қашан да бірегей бастамалар мен жаңа жаңалықтардың жаршысы болып келеді. «AMANAT» партиясы Президенттің қоғамдық тірегі ретінде жастар үшін әділ әлеуметтік лифт жасау міндетін өз мойнына алып отыр. Қазақстан – тәуелсіз мемлекетте дүниеге келген және еркін ойлайтын жастар елі. Ал, Партиямыз жастармен бір толқында. Бүгінде қоғамның әр саласында жетістікке жеткен дарынды өркендеріміз көп. Олар егемен елдің жаңа тарихын жасап, қарқынды дамуына өз күш-жігерін салуға дайын екеніне сенімдіміз», — деді ол.

Атқарушы хатшының айтуынша, партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында 2027 жылға дейін 1,5 млн-нан астам жас қазақстандықты жұмыспен қамтамасыз ету, жұмыс істейтін жастарға жалдамалы тұрғын үй беру, ауылдағы жас дәрігерлерге көтерме жәрдемақыны 10 миллион теңгеге дейін арттыру, жас ғалымдарға ғылым гранттар бөлу, жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне арналған шәкіртақы мөлшерін арттыру және т.б. жоспарланып отыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, лагерьдің негізгі аспектілерінің бірі – жастарды өз елінің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласуға ынталандыру. Жас көшбасшылар мен қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, азаматтық қоғамды нығайтуға және демократиялық институттарды дамытуға ықпал ететін бірлескен шешімдерді іздейді.

«ШЫҰ аясында өтіп жатқан жастар саяси лагері қатысушы елдерді біріктіретін ортақ құндылықтарға баса назар аударады. Бұл түрлі мәдениетті құрметтеуді, аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдауды, сондай-ақ әділдік пен экономикалық дамуға ұмтылуды қамтиды», — деді «Жастар Рухы» төрағасының орынбасары Ақерке Искандерова.

Осы күні белгілі саясаттанушы Серік Қалқаманов мемлекеттік саясат бойынша оқыту семинарын өткізсе, ал коуч Шыңғыс Зипатолла «Tazalike» қозғалысы аясында Орталық Азияның өзекті экологиялық проблемаларына тоқталды.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЛАМИНАТ ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЛАМИНАТ ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

16.07.2026
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚЫТАЙДЫҢ ЖЕТЕКШІ КОМПАНИЯЛАРЫ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚЫТАЙДЫҢ ІРІ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ ҚАТЫСҚАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ БАРЫСЫНДА ҚОЛ ҚОЙЫЛҒАН КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫ АЛМАСУ РӘСІМІ ӨТТІ:

16.07.2026
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚЫТАЙДЫҢ ЖЕТЕКШІ КОМПАНИЯЛАРЫ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚАЗАҚСТАН ЦИФРЛЫҚ БОЛАШАҚҚА БАҒЫТ АЛДЫ: ПРЕЗИДЕНТ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕН ИННОВАЦИЯНЫҢ ЖАҢА БАСЫМДЫҚТАРЫН АЙҚЫНДАДЫ

16.07.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған