• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

ШЫРАЙЛЫ ШЫМҚАЛАДАҒЫ ШУАҚТЫ КЕЗДЕСУ

13.09.2023
in Қоғам
ШЫРАЙЛЫ ШЫМҚАЛАДАҒЫ ШУАҚТЫ КЕЗДЕСУ

12 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының ақпараттық-насихаттау тобы Шымкент қаласына арнайы сапармен келді.
Әскер қызметінің имиджін көтеру, азаматтардың әскери қызметшілерге, олар атқаратын қызметтік-жауынгерлік міндеттерге оң көзқарасын қалыптастыру, жастарды патриотизмге, Отанға адал қызмет етуге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған ақпараттық насихаттау тобын бастап келген Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, Халық қаһарманы генерал-майор Қайрат Үмбетов іс-сапарын Шымкент қаласындағы «№2 өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығының» балаларымен кездесуден бастады. Әскердің бас тәрбиешісі мен Ұлттық ұлан ән-би ансамблінің өнерпаздарын балалар тамаша көңіл күймен қарсы алды. Мекеменің басшысы, балалардың бас қамқоршысы Лаура Жарылқапқызы алдымен балалар мекемесінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымен, орталықтың тыныс-тіршілігімен таныстырды. 3 жас пен 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер тәрбиеленетін мекемеде балалар үшін жасалған барлық жағдайға Халық қаһарманы өз ризашылығын білдіріп, өзінің атынан алғыс хатпен марапаттап, балаларға құнды сыйлықтар табыстады. Өз кезегінде тәрбиеленуші балалар да бар өнерлерін ортаға салып, әсем әндерін тарту етті. Жасөспірімдермен болған жаймашуақ кездесу Ұлттық ұлан ән-би ансамблінің концертіне ұласты. Генерал-майор Қайрат Үмбетов балаларды ел қорғайтын батыл ұландарды оқытып шығаратын оқу орнына білім алуға шақырды. Халық қаһарманы жасөспірімдермен сұхбат барысында, ел қорғайтын офицер болуды мақсат еткен тәрбиеленуші Никита есімді жасөспірім балаға естелік ретінде қол сағатын шешіп беріп, талапты ұлға жарқын болашақ тіледі.
Ақпараттық насихаттау тобының жұмысы Шымкент қаласындағы «Қазақстан Республикасы Қазақстан халқы ассамблеясының» концерт залында ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның ән және би ансамблінің «Ұлттық ұлан — ұлт рухы!» атты гала-концертімен жалғасты. Ауқымды көрермендер залы әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерімен, сондай-ақ басқа күштік құрылым өкілдерімен лық толды. Тамаша концерттің қадірлі қонағы болған Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Асылов нағыз патриотизм мен ұлтжандылықтың үлгісін көрсетіп жүрген әскери қызметшілерге, ұранды жастардың рухын көтеруге салмақты үлес қосып жүрген Ұлттық ұлан ән-би ансамблінің өнерпаздарына үлкен алғыс білдірді.
Өнерпаздар гала-концертте әскери әндермен қатар халық әндерін, заманауи және эстрадалық әндерді шырқады. Сондай-ақ көрермендер әлем халықтарының билерін және құрметті қарауыл ротасының дефилесін тамашалап, қошеметтерін аямады. Концерт соңында сөз алған 6506 әскери бөлімінің командирі сахна төріне шығып, әскери қызметшілер мен олардың отбасына, құрметті қонақтарға, ардақты ардагерлерге тамаша көңіл-күй сыйлаған ансамбльдің талантты жастарына ризашылығын білдіріп, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының арнайы грамоталары мен алғыс хаттарын табыстады.
Ішкі істер министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының ақпараттық-насихаттау тобы алдағы күндері Түркістан қаласында өз жұмысын жалғастырады.

Оқи отырыңыз...

Шымкенттегі «Байтақ» жасылдар партиясының V конференциясының қосымша маңызы мен болашаққа көзқарасы

Шымкенттегі «Байтақ» жасылдар партиясының V конференциясының қосымша маңызы мен болашаққа көзқарасы

24.01.2025
МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ 2024: СЫЗДЫҚОВТАР ӘУЛЕТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ 2024: СЫЗДЫҚОВТАР ӘУЛЕТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

06.10.2024
ЕРКІН КҮРЕСТІҢ ШЕБЕРІ БАТЫЛ ШЕШІМ ЖАСАДЫ

ЕРКІН КҮРЕСТІҢ ШЕБЕРІ БАТЫЛ ШЕШІМ ЖАСАДЫ

06.10.2024
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған