• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 13 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

«Samruk-Kazyna Trust» АҚ қайырымдылық қызметі аясында түркістандық 150 бала оңалтудан өтеді

31.08.2023
in Басты ақпарат
«Samruk-Kazyna Trust» АҚ қайырымдылық қызметі аясында түркістандық 150 бала оңалтудан өтеді

Түркістан облысындағы Түлкібас ауданыңда балаларды дамыту және инклюзивті білім беру орталығы «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауының арқасында жаңаша қарқында жұмыс істей бастады.

Оқи отырыңыз...

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

09.10.2025

На заседании Совета образования обсудили вопросы финансирования частных школ

08.10.2025
Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды

Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды

08.10.2025

Орталықта тірек-қимыл аппараты бұзылған, ой-сана дамуы тежелген, мінез-құлқында ауытқу бар, сөйлеу қабілеті төмен, яғни арнайы оқытуды қажет ететін 4-17 жастағы балалар мен жасөспірімдерге педагогикалық-психологиялық түзету, логопедиялық-дефектологиялық, арт-терапиялық жәрдем жасалып, ем алу мақсатындағы тренингтер ұйымдастырылады. Оңалтудан ата-ананың қарауынсыз қалған, көпбалалы және аз қамтылған және ерекше балалар өте алады. Бұл Қордағы компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы  «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржылай көмегі арқылы мүмкін болып отыр.

«Дені сау ұлт — Қазақстанның болашағы және еліміздің дамуының негізі. Ерекше қамқорлыққа мұқтаж өскелең ұрпақ үшін қолдаудың қаншалықты маңызды екенін түсіне отырып, біз бүгінгі іс-шараға «Самұрық-Қазына» қорына кіретін «Қазатомөнеркәсіп» атом холдингі атынан арнайы келдік. Балаларды тәрбиелеу және оларға қажетті жағдайларды қамтамасыз ету – біздің ортақ міндетіміз. «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен Түлкібас ауданының ерекше білім беруді қажет ететін 150 баласы жыл бойы тегін оңалтудан өтетініне қуаныштымыз», — деп атап өтті «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі бас директоры Мұхит Мағажанов   .

Орталық қызметіне дефектолог, психолог, емдік-дене шынықтыру  сауықтыруы, арт-терапия секілді бағыттарда 10-ға жуық маман жұмылдырылған.

«Менің ерекше білім беру қажеттілігі бар бір ұлым, бір қызым осы орталыққа келіп педагогикалық-психологиялық  түзету кабинетінен  білім алып жүр. Нәтижесі өте жақсы, ұстаздары да өте білімді, білікті, өз ісінің шеберлері.  Түлкібас кенті тұрғындары болып, бәріміз өте қуаныштымыз. Қолдау көрсетіп отырған «Самұрық-Қазына» қорына алғысымызды білдіреміз», — деді көпбалалы ана Эльмира Жапашева.

«Samruk-Kazyna Trust» қорының қызметінде Түркістан өңірінде 2017-2023 жылдары 1,8 млрд теңгеге 23 жоба жүзеге асты. Оның ішінде «Қамқорлық» оңалту орталықтары, «Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік осал топтағы 6 мыңнан астам оқушыға мектеп құралдарын алып беру, мектепішілік санитарлық тораптар орнату және ауылдық медицина нысандарына жаңа жедел жәрдем көліктерін табыстау сияқты қадамдар бар.

 

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ 2025 ЖЫЛҒЫ ЖОЛДАУЫ – ЭКОНОМИКАНЫ ЖАНДАНДЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ 2025 ЖЫЛҒЫ ЖОЛДАУЫ – ЭКОНОМИКАНЫ ЖАНДАНДЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

13.10.2025
ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН БІРГЕ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

АКИМ ШЫМКЕНТА ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ПОСАДКЕ ДЕРЕВЬЕВ ВМЕСТЕ С ЖИТЕЛЯМИ

11.10.2025
ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН БІРГЕ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН БІРГЕ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

11.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған