• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 17 июля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАНДА ҚҰРЫЛЫМДАР МЕН ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ БІРЛЕСКЕН БАСҚОСУЫ ӨТТІ

25.08.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАНДА ҚҰРЫЛЫМДАР МЕН ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ БІРЛЕСКЕН БАСҚОСУЫ ӨТТІ

 Түркістанда «Ұлы Дала Елі» орталығында облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктердің бірлескен отырысы өтті.

Оқи отырыңыз...

Түркістанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және мектепке дейінгі білім беру мәселелері талқыланды

Түркістанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және мектепке дейінгі білім беру мәселелері талқыланды

17.07.2026
ТҮРКІСТАНДАҒЫ WOOSONG UNIVERSITY УНИВЕРСИТЕТІНЕ ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДАҒЫ WOOSONG UNIVERSITY УНИВЕРСИТЕТІНЕ ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

17.07.2026
ТҮРКІСТАНДА ЛАМИНАТ ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЛАМИНАТ ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

16.07.2026

🔰 Аталған шараға облыстық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов модераторлық етті. Басқосуға облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары- ҚХА хатшылығының меңгерушісі Керімбек Мырзабаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Баян Ахатай, Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, подполковник Жандос Кулдербаев, Түркістан облысы полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асылхан Төреханов, облыстық ҚХА жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктер төрағалары, жастар мен облыс тұрғындары қатысты.

⚡Өз кезегінде Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары- ҚХА хатшылығының меңгерушісі Керімбек Мырзабаев басқосудың маңызына тоқталып, отырыс жұмысына сәттіліктер тіледі. Ал Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Баян Ахатай қоғамда бала тәрбиесінде ананың алар орнының ерекше екенін айта келе, облыстағы Аналар кеңесі ауқымды жұмыстар атқарып жатқанын жеткізді. Сондай-ақ ол аталған Аналар кеңесіне республикадан қолдау қажеттігін де назардан тыс қалдырмады.

⚜️ Түркістан облысы полиция департаменті Жергілікті полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асылхан Төреханов кәмілетке толмағандар қылмысының алдын алуда оқу ордаларында лекциялар оқылуда екенін айтты. Сонымен қатар ерте тұрмысқа шығудың да деректері бар екенін тілге тиек етті. Асылхан Сейдіханұлының айтуынша кәмілетке толмағандардың келеңсіздіктеріне отбасындағы тәрбиенің қателіктері де себеп болуда екен. Полиция полковнигі ата-аналардан балаларының кімдермен жүргендеріне мән беру қажеттігін де атап өтті.

🔰Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, подполковник Жандос Кулдербаев «Отанға қызмет ету- осы елде тұрып жатқан барша жұрттың жүрегінде болуы керек.Өңіріміз көктемгі, күзгі әскерге шақыруда бес мыңдай азаматты әскери борышын өтеуге аттандыруда. Жалпы әскерге барған бала жаманшылықтан мейлінше аулақ болады.Олар ата-ана мен бауырдың қадірін жақсы түсінеді»,- деді.Сонымен бірге ол баланың отанға деген сүйіспеншілігін оятуда бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

⚡»Ассамблея жастары» РҚБ-нің Түркістан облыстық өкілдігінің мүшесі Наталья Григорьева жалынды жастардың еліміздің гүлденуі жолында жасап жатқан игі жұмыстарына тоқталып, өзінің қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін білдірді.
Шара барысында жиналған жұртшылық өз ойларын ортаға салып, ұсыныс пікірлерін айтты. Сонымен қатар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды.

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы
«Қоғамдық келісім» КММ-нің
Баспасөз қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ПІКІРІНШЕ, ЖИ ЭКОНОМИКА, САУДА ЖӘНЕ ЖАҺАНДЫҚ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТЫҢ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН, ТОЛЫҚҚАНДЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ БАР САЛАҒА АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ДАМЫТУДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫНА ТОҚТАЛДЫ

17.07.2026
ПРЕЗИДЕНТТІҢ ПІКІРІНШЕ, ЖИ ЭКОНОМИКА, САУДА ЖӘНЕ ЖАҺАНДЫҚ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТЫҢ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН, ТОЛЫҚҚАНДЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ БАР САЛАҒА АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ПІКІРІНШЕ, ЖИ ЭКОНОМИКА, САУДА ЖӘНЕ ЖАҺАНДЫҚ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТЫҢ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН, ТОЛЫҚҚАНДЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ БАР САЛАҒА АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ

17.07.2026
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ АШЫЛУЫ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ АШЫЛУЫ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

17.07.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған