• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 18 августа, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

ЖАҢҒЫРМАЛЫ ЭНЕРГИЯ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

13.07.2023
in Қоғам, Мәдениет
ЖАҢҒЫРМАЛЫ ЭНЕРГИЯ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

Прогрессивті мемлекеттік сая­саттың және «жасыл» бағытқа ұмтылудың арқасында соңғы жылдары жаңғырмалы энергия секторы қуатты серпін алды. Эко­­но­миканы «жасылдан­ды­ру» еліміздің жаңа эко­номи­ка­лық саясатының негізгі қа­ғидат­тары­ның бірі болып та­ныл­­ды. 2030 жылға дейінгі энер­гети­калық теңгерімдегі жаңғырмалы энергия үлесінің нысана­лы индикаторы 10 пайыздан 15 пайызға дейін өсті. Енді 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтарап­тығына қол жет­кізу стратегиясы қабылданды. Сондай-ақ 2035 жылға дейінгі болжам балансы 6 ГВт жаңғырмалы энергия көздерінің қуаттарын іске қосуды көздейді.
Бұдан әлемнің дамыған озат елдері табиғат ананы барынша қорғап, жасыл «жайлау» өмірге тезірек жетуге асығып жатқанын аңғарамыз. Осынау жасыл көш-керуеннің қатарына қазақ елінің ілескені қандай жақсы.
Былтырғы жылдың қорытын­ды­сы бойынша елімізде жалпы қуаты 2388МВт болатын 130 жаң­ғырмалы энергия көздерінің нысаны пайдалануға берілді. Жал­пы өткен жылы атқарылған жұмыс­тардың нәтижесінде жаң­ғырмалы энергия көздерінің электр энергиясын өндіру үлесі 4,5 па­йызды құраған. Негізі 2018 жылдан бастап жаңғырмалы энергия көздерінің жобаларын іріктеу бойынша аукциондық тетік іске қосылды. Ол шетелдік инвесторлар мен халықаралық даму институттары тарапынан жоғары бағаға ие болды. Осы жосықпен 5 жыл ішінде аукциондарға әлемнің 13 елінен 232 компания қатысты. Сөйтіп, жаңғырмалы энергия секторы 1 трлн теңгеден астам инвес­тиция тартты. Соның арқасында біліктілігі жоғары мамандарға 2000-нан астам тұрақты жұмыс орындары құрылды.
Соңғы жылдары еліміздің электр энергетикасындағы жаңа қуаттардың өсуі жаңғырмалы энергетика есебінен жүзеге асырылуда. Мәселен, 2019 жылдан 2022 жылдың соңына дейінгі жағдай бойынша әдеттегі стансалардың қуатына 311,5 МВт қарсы қуаты 1908,2 МВт жаңғырмалы энергия көздері пайдалануға берілді.
Аталған іскерлік қоғамдасты­ғын шоғырландыру мақсатында бес жыл «Qazaq Green» Жаңғыр­малы энергия көздері қауым­дастығы құрылды. «Qazaq Green» құрамына жаңғырмалы энергия көздері нарығының барлық негізгі ойыншылары: инвесторлар, әзірлеушілер, жабдықтарды жеткізушілер, халықаралық ұйым­дар мен қаржы институттары, университеттер кіреді. «Qazaq Green» Энергетика министрлігінде, Экология және табиғи ресурс­тар министрлігінде, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасын­да аккредиттелген. Бүгінде «Qazaq Green» өзінің табысты бас­та­малары ретінде «Qazaq Green» ақпараттық-талдау журналын және «жасыл» экономика бойынша qazaqgreen.com жаңалықтар порталын шығарып отыр.
Қазақстанда жаңғырмалы энергия көздерін дамытудың аса өзекті мәселелерін талқылау мақсатында «Qazaq Green» 2019 жылы алғаш рет «Solar fest Qazaq­stan» жаңғырмалы энергия көз­дері бойынша халықаралық іскер­лік фестивалін өткізді. Іс-шара­ның негізгі нәтижесі Хартия – жаң­ғырмалы энергия көздері іскерлік қоғамдастығы Үкіметіне үндеу болды. Онда секторды да­мытудың маңызды мәселелері көтерілді. Айта кету керек, ол ұсы­ныстар мен талаптардың көпшілігі оң шешімін тапты.
Атап айтқанда, жаңғырмалы энергия көздері шағын ауқымды жобаларын енгізуді ынталан­дыру мәселелері, шартты тұты­нушылардың төлем қабілеттілігі тәуекелдерін өтпелі тарифті ен­гізу арқылы төмендету шара­сы, жаңғырмалы энергия көз­дері бойынша есеп айыры­су-қаржы орталығының қаржылық тұрақ­тылығы қам­та­ма­сыз етіл­ді, сондай-ақ еліміз­дің уни­верситеттерінде жаңғырмалы энергия көздері бойынша бі­лім беру бағдарламалары іске қосылды, бұлармен бірге жаңғыр­малы энергия көздері жобалары инвестициялық жобаларды іске асыру үшін басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілді.
Аталған фестивальды Қазақ­стандағы Біріккен Ұлттар Ұйы­мы­ның Даму бағдарламасы, Еура­зиялық Даму Банкі, KAZENERGY қауымдастығы да қол­даған. Осыған қарап, әлем­нің дамыған және оларға іле­суші елдері экологиялық таза жә­не барлық игілікте үнемшіл өрке­ниетке қадам басқанын анық көруге болады. Фестивальге қа­тыс­қандар алдында Италияның Қазақстандағы елшісі Марко Альберти, Ұлыбританияның Қазақ­стандағы елшісі Кэти Лич, Парламент Мәжілісінің депутаты Д.Тұрғанов, Ақмола облысының әкімі Е.Маржықпаев, Энергетика вице-министрі Ж.Нұрмағанбетов, ЕҚҚДБ Еуразия, Таяу Шығыс және Африка өңірінің энергетика жөніндегі директоры Аида Ситдикова, орнықты даму мәселе­лері бойынша отандық және ха­лық­аралық сарапшылар сөз сөй­леп, жасыл экономика бойынша өзекті мәселелерге деген өз ой-пі­кір­лерін білдірді.
«Qazaq green fest» сессияларында Қазақстан Республикасы үшін энергетикалық көшудің өзекті мәселелері жан-жақ­ты тал­­қыланды. Әсіресе энергети­ка­­лық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ша­ралары басты назарда болды. Жаңғырмалы энергия көзде­рі сек­торындағы мемлекеттік саясат ашық айтылды. Оған қоса, елдегі электр энергетикасын дамытудың стратегиялық пайымы да назардан тыс қалмады. Жаңғырмалы энергия көздері жобаларын іске асыру үшін қолжетімді қаржыландыру мәселелері мен ESG-саясатының гендерлік және корпоративтік аспектілері, сондай-ақ көміртегі нарықтарын дамыту істері тал­қыланды. Сессияда бизнес өкіл­дері жаңғырмалы энергия көздері жобаларын іске асыру кезінде ұшырасатын проблемалары мен қиындықтары туралы ашық айтуға мүмкіндік алды.
«Qazaq Green Fest» аясын­да «Qazaq Green» ЖЭК қауымдас­ты­ғының базасында бағдарламаны тереңдетіп оқытып, үйрететін арнайы мектеп ашылғаны туралы мәлім болды. Ондағы курс­­тар икемділік қағидатын ес­кере отырып әзірленген. Бұл оған қатысушылардың түрлі қа­жет­тіліктеріне бейімдеуге мүм­кіндік береді. Аталған курсты жаңғырмалы энергетика саласына жаңадан ке­лушілерге де, білімдерін жаңарт­­қысы келетін тәжірибелі ма­ман­дарға да бейімдеуге болатынын білдіреді. «Qazaq Green» ЖЭК мектебінде оқытуды саланың са­рап­­шы-практиктері жүргізеді.
Сонымен қатар фестивальда Қазақстанда алғашқы ерікті көміртегі сертификаты – «Qazaq green certificate» іске қосы­латы­ны жарияланды. Бұл құрал­дың негізгі міндеті барлық ниет біл­дірген компанияларға кор­по­ративтік деңгейде көмір­тегі ізін төмендетуін растау мүм­кін­ді­гін беру болып табылады. Бұл сер­тификатты «Qazaq Green» жаң­ғырмалы энергия көздері қауым­дастығы «Каспий тауар бир­­жасы» акционерлік қоға­мы­мен бірлесіп әзірледі.
Іс-шараға Қазақстан, АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Франция, Германия, Қытай, Жапония, Өзбекстан, Ресейден 300-ден астам адам, оның ішінде «Қаз­Мұнай­Газ» ҰК» АҚ, Visor Holding, ENI, Shell, KPO, NCOC, Air Liquide, Toyota Tsusho, Chevron, Tengizchevroil, Sany, Longi, Huawei және т. б. ком­па­ния­­­лар­дың өкілдері қатысты.
Ел үшін игілігі мол іс-шараның қорытындысы бойынша Хартия – Жаңғырмалы энергия көздері іс­кер­лік қоғамдастығының Қа­зақ­стан Үкіметіне үндеуі дайындалды.
«Qazaq green fest» – жаңғыр­малы энергетиканы дамыту мә­селелерін талқылау оны қажет еткен электр энергетикасы саласын трансформациялаудың қозғаушы күші болды деп санаймыз. Бүгінгі таңда жаңғырмалы энергия көзі секторының алдында маңызды мін­­деттер тұр. Ол жаңа өндіруші қуат­тарды енгізу есебінен елдің энергетикалық қауіпсіздігін қам­тамасыз ету. Бұлармен бірге, ха­­лық пен кәсіпкерліктің ша­ғы­н ауқымды ЖЭК-ті дамытуы, екі­жақ­ты келісімшарттар сегмен­тін дамыту, энергия жинақтау жүйе­­­­лерін пайдалану шаралары бо­лып тұр. Сондықтан біз жаңғыр­малы энергия көздері – кө­мір­те­гі бейтараптығына қол жет­кізу үшін ең тиімді құрал деп са­най­мыз», деді «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығының Дирек­тор­лар кеңесінің төрағасы Нұрлан Қапенов.

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «ТАЗА ҚАЛА» ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЛА ОБЩЕГОРОДСКАЯ АКЦИЯ «ТАЗА ҚАЛА»

17.08.2025
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «ТАЗА ҚАЛА» ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «ТАЗА ҚАЛА» ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

17.08.2025
ШЫМКЕНТТЕ МЕДИЦИНА ҰЙЫМДАРЫНДА ПОЛИЦИЯ БЕКЕТТЕРІ АШЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ МЕДИЦИНА ҰЙЫМДАРЫНДА ПОЛИЦИЯ БЕКЕТТЕРІ АШЫЛДЫ

14.08.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «ТАЗА ҚАЛА» ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЛА ОБЩЕГОРОДСКАЯ АКЦИЯ «ТАЗА ҚАЛА»

17.08.2025
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «ТАЗА ҚАЛА» ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «ТАЗА ҚАЛА» ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

17.08.2025
Кассациялық сот – әділетті Қазақстанның айнасы

Кассациялық сот – әділетті Қазақстанның айнасы

17.08.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған