Қазақстанның көптеген аудандары, бүгінгі күнде де экологиялық мүшкіл хал кешіп отыр. Қоршаған ортаны қорғау шараларына, республикамыз біршама мөлшерде мемлекеттік және орталықтандырған түрде күрделі қаржы бөліп отыр. Қазіргі заман қоғамының сұранысы және еліміздің жаңарған идеологиясы жас ұрпақтың табиғатты қорғауға әзірлігін дамыту қабілетін мектептен бастап жаңа сапаға көтерілуіне міндет қойып отыр. Қазақстан Республикасының Конституциясында қоршаған ортаны қорғау әрбір қазақстандықтың абыройлы мақсат-міндеті болып саналатыны атап көрсетілген. Онда «мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны қорғауды мақсат етіп қояды» — делінген. Ата заңымыздың басты талаптарының бірі – табиғат қорғауды күшейтіп, табиғи қорларды тиімді пайдалануды жолға қою болып табылады. Осыны негізге алған республикамыздың экологиялық білім жүйесі мен табиғат қорғау қоғамдары, мекемелері өндірісті ұйымдастыру ісінде экологиялық талаптарын орындауды, білім жүйесінде ел болашағы жастарды,-жас ұрпақты табиғатты қорғауға тәрбиелеуге баса назар аударады.
Мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайтып, асқақ руханият пен азаматтықты өркендету, шынайы мәдени-этникалық мұраны жандандыру мен болашаққа аманаттау, ұлттық тектілікті сақтау, ең алдымен мектеппен байланысты. Шәкіртті мектепке алғаш қадам басқаннан бастап, өзінің ата — анасын, ұстаздарын құрметтеп сыйлауға, айнала қоршаған табиғатты, туған өлкесін сақтап-қорғауға, сол арқылы адамгершілік мінез-қасиетті орнықтыруға баулу – мектептің қоғам алдындағы атқаратын қызметі. Қазіргі мектептің бүгінгі күннің өзекті міндеттерінің бірі – жас ұрпаққа экологиялық білім беріп қоршаған табиғи ортаны қорғауға, аялауға тәрбиелеу. Экологиялық білім беру педагогика ғылымдарындағы бағыт жастарға жалпы орта білім берудің құрамдас бөлігі болып саналады. Қазіргі кезде мектептер жастардың бастауыш сыныптан бастап, өз іс-әрекетінің саналы болуына, экологиялық білімінің білім мазмұны арқылы экологиялық танымның оңтайлы болуына қолайлы жағдай туғызылуы көзделеді.Мұнымен бірге ол табиғатты қорғауға көмек берерлік халықтың тарихындағы игі дәстүрлерді жаңғыртуға ,оны күнделікті өмірде тәжірибеге қолдана алуға мектеп қабырғасында дағдыландыру мәселелеріне назар аударған жөн. Бұл білім-біліктіліктің түп-тамыры балалардан бастау алатындығына да жете назар аударыла бастады.Алғашқыда экологиялық білімнің қосымша сабақ ретінде жүргізілуі туралы ой қозғаса ,кейіннен экологиялық білімнің көпшілікке міндетті бағыт екендігі алға тартылды. Аталып отырған мәселе бірден елімізде де өріс алғандығын, балаларға туған табиғатты тану, экологиялық ахуалды терең түсіну бағытында тәрбие жұмыстары ғылыми негізде, белгіленген бағдарламалар бойынша жүзеге асырылып келеді. Сонымен, ғылыми-зерттеулерге жасаған талдауларда авторлар өздерінің зерттеу нысанына қарай педагогика ғылымына айтарлықтай үлес қосқанын, олардың зерттеу нәтижелерінің практикада кең көлемде қолданылып жүргенін, сондай-ақ, олардың тұжырымдарын қолдай отырып, біздің зерттеу проблемамызға қатысты қажетті бағыттарды аңғаруға болады.Жастарға экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелерін зерттеу барысында экологиялық білім берудің негізі бастауыш сыныпоқушыларының түсінігін парасатты іс-әрекетке бағдарлаудың табиғи жолы жеткілікті зерделенбегені байқалды. Біз парасатты дамытарлық экологиялық білімді жетік білуге және оның даму барысына жете көңіл бөліне бермегені бүгінгі күннің проблемасын туғызды демекпіз. Тәуелсіздікке қолымыз жеткеннен бастап табиғитты қорғау жолындағы жасандылықтан қорғаудан табиғилық, ұлттық мәртебеден туған экологиялық парасатты іс-әрекетке көшуге мемлекет тарапынан қолайлы жағдайлар жасалып келеді. Бірақ бұл мәселе экологиялық білім беру үдерісінде уақыт талабына сай жетілдірілуге тиіс.Іс–тәжірибемде бастауыш сынып оқушыларына табиғатты аялау,қорғау,көзіміздің қарашығындай сақтау керек екендігін бірінші сыныптан бастап айтып және шығармашылық тапсырмалар арқылы,өлең шумақтары арқылы немесе табиғатқа қамқорлық жасау туралы сурет көрмесін ұйымдастыру арқылы оқушыларға табиғатты аялау керек екендігін барынша жүректеріне жеткізіп түсіндіруге тырысамын. Сонда жақтаушы топ табиғатты аялау керек,өйткені табиғат өте ластанып экологиялық проблемалар көбейіп жатыр,соның салдарынын аурудың да түрлері көбейіп, адамдардың денсаулықтары нашарлауда делінеді.Ал керісінше даттаушы топ табиғат пен адамның арасындағы байланысты жоққа шығарып, ауру табиғаттың ластануынан болмайды деген сияқты өз ойларын білдіреді. Міне біз оқушыларға осындай мектеп табалдырығында табиғатты аялау керек екендігін түсіндірсек,мүмкін экологиялық проблемалар да өз шешімін табар деген ойдамын.
Табиғатты қорғау – бүкілхалықтық іс. Оқушыны айналадағы табиғи орта жағдайына жауапкершілік сезіммен қарап, табиғатты қорғауға тәрбиелеу біздің үлкен міндетіміз болса керек.Табиғатты сақтау арқылы ғана адамзат өзінің болашағын жасай алатыны айқын аңғарылды.
Осы фактордың екеуі де қоршаған ортаның жағдайына әсер етеді.
Экологиялық надандық-адам мен қоршаған ортаның өзара байланысының заңдарын меңгеруге талапсыздық.
Экологиялық нигилизм- бұл заңдарды басшылыққа алуға талпынбау, аталмыш заңдарды елемеушілік.
Қоршаған ортаны қолға алу келесі принциптерді сақтау негізінде жүзеге асырылады.
• Приоритет адамның денсаулығын және өмірін қорғауға,халықтың өмір сүруіне,еңбек етуіне,демалуына қолайлы болатындай етіп қоршаған ортаны сақтауға жіне қалпына келтіруге беріледі.
• Мемлекеттік тұрақты дамуын қамтамасыз ету, қазіргі және келешек ұрпақтардың қолайлы қоршаған ортаға ұажеттерін қанағаттандыру үшін, әлеуметтік-экономикалық және қоршаған ортаны қорғау проблемаларын үйлестіріп шешу
• Экологиялық апат аймақтарының бұзылған экосистемаларын қайтадан қалпына келтіру және экологиялық қауәпсіздікті қамтамасыз ету.
• Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қалпына келтіру
• Қоршаған ортаға шығын келтіруді тоқтату, оған болуы мүмкін әсерлерді алдын ала бағалау.
• Халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық бірлестіктер.
Экологиялық тәрбие жұмыстарының түрлері
• Мектеп оқушылары мемлекеттік орман шаруашылығына көмек көрсетіп отыру керек
• Көшет отырғызу оны күтіп баптау
• Табиғатқа зиян келтіретін адамдармен күресу.
• Экологиялық мәдениеттілікті арттыру мақсатын іс-шара өткізу.
• Өсімдіктер мен жануарларды қорғау.
• Феналогиялық бақылау жүргізу керек.
Қоршаған ортаны нелер ластайды?
Жер қойнауынан жылына 100 млрд.тонна тау жыныстары қазып алынады.Оның тек қана 10%-ы ғана дайын өнім ретінде шықса,қалғаны өндірістік қалдық табиғатты нағыз ластаушы болып есептелінеді.Электр энергиясын алу үшін тонналаған отын жағылады. Ауаны негізгі ластаушы көздер-автокөліктер.Жеңіл автокөліктер 1 км. Қашықтықтың өзіне төрт адамнан тұратын жанұяның бір жылдық оттегін пайдаланады.Екіншіден, зауыт-фабрикалардың түтіні,ауылдық үйлердің мұржаларының түтіні,орман өрттері т.б.Олар атмосферадағы су буларымен араласып,қышқыл жаңбырды түзіп,жерге жауын-шашын күйінде қайта түседі.Ондай жаңбырлар айналамыздағы егістік жерлерге,ормандарға,су жануарларына үлкен қауіп туғызып,олардың жойылуына әсер етеді. Аэрозольдерді пайдалану кезінде атмосфераға хлорфторкөмірсулар, транспорт жұмысы нәтижесінде – көмірсутектер (бензин және т.б.) бөлінеді. Қышқылды жауын-шашын – суда күкірт қостотығымен азоттың еруі нәтижесінде түзілетін, жер бетіне жаңбыр, тұман, қар немесе шаң арқылы түсетін заттар. Көлге түсіп, қышқылды жауын-шашын балықтардың және бүкіл жануарлардың жаппай қырылуына әкеп соқтырады.
Қазіргі уақытта табиғи сулардың құрғауы және ластану қаупі тұр. Адамзат толығымен құрлықтардың жербеті суларына көлдер мен өзендерге тәуелді.Суды пайдалану ылғи өсіп отыр, ең бір қаупі –оның қорының таусылуы. Орта Азия өзендерінің суын ысырапсыз пайдалану – Арал теңізінің жойылуына әкеп соқты. Қауіп кеткен теңіз түбіндегі тұздар жүздеген км-ге желмен таралып, топырақтың тұздануын тудырады.
Теңіз сулары да ластанады. Өнеркәсіп өндірістеріне жақын жатқан өзендер мен ағын сулар арқылы теңізге жыл сайын миллиондаған тоннаға дейін химиялық қалдықтар құйылады. Мұнай өндіруші құралдардың бұзылуынан мұхитқа жыл сайын 5 млн. т мұнай түседі. Мұнай су бетінен буланып, бактериялармен ыдыратылады, бірақ оған дейін көптеген су жануарларын жойып, теңіз құстарына зиян тигізеді.
Топырақ шектен тыс пайдалану мен ластануға ұшырайтын ресурстардың бірі. Құнарлы топырақтың ауданының азаюының негізгі себебі — ауыл шаруашылықтың жетілмеуі. Жыртылған жердің құнарлы қабаты жауын-шашынмен немесе өзендермен (сулы эрозия) немесе желмен шайылады. Шамадан тыс суғару, әсіресе ыстық климаттарда топырақтың тұздануын тудырады. Бұл да ауылшаруашылық айналымынан түсудің бір себебі.
Негізінен топыраққа қауіпті радиоактивті ластану әсер етеді. Ұзақ өмір сүруші радиоактивті элементтер экожүйеде жүздеген жылдар сақталады. Олар жануарлар мен өсімдіктер организмінде жиналып, түрлі аурулар туғызады. Қоршаған орта, табиғат туралы оқушылардың үйден дайындаған тақпақтары бар, қанеки ол балаларды тыңдайық. Өте жақсы балалар осы оқыған өлеңдеріңнің мағынасын түсініп,қорытынды шығарыңдар.Белгілі ақындар,ғұлама жазушылардың барлығы қоршаған орта ,табиғатты анаға теңеген, анаңды қалай сүйсең табиғатыңды да солай сүйіп,қорғай біл.Табиғатты қорғау -отанды қорғаумен бірдей.
Экологиялық мәдениетті дамытудың жолдары
Табиғи және әлеуметтік өзгерістердің көп болуы және олардың жаһандануы адамзатты оның ары қарай тіршілік ету мүмкіндігі туралы ойландырмай қоймайды. Қазіргі кезде адамзат алдында тұрған міндет экологиялық мәселелерді шешудің оңтайлы жолдарын табу.
Бүгінгі күні экологиялық дағдарыстың негізгі себептерінің бірі болып қоғамның экологиялық мәдениетінің төмендігі болып табылады деп сеніммен айтуға болады.
Қазіргі кездегі экологиялық жағдай қоғамның, адамның өмір сүру ортасына деген қарым – қатынасына басқаша қарауға мәжбүр етті. Экологиялық мәселелер адамдардың табиғи ортаға деген рационалды емес қарым – қатынасының салдары ретінде пайда болды. Ендігі кезде экологиялық апаттан қалай құтылу немесе оны бастан өткізу туралы емес, оның техногендік және экологиялық – мәдени салдарын қалай жеңілдетуге болады деген сұрақ туындайды.Тұлғаның құндылықтық бағыттарының қалыптасуы – ұзақ және күрделі үдеріс. Оған әлемдегі, елдегі, аймақтағы жағдай, бұқаралық ақпарат құралдары, аз топтың (жанұя, достар) құндылықтары әсер етеді. Экологиялық құндылықтарды меңгеру жанұяда басталады. Балалар экологиялық білім мен мінез–құлық стереотиптерінің алғашқы сабақтарын жанұядан, бәрінен бұрын ата –анасынан алады. Баланың экологиялық білім алуында мектептің ролі маңызды.Мектеп өсіп келе жатқан буынның экологиялық білімінің көзі ғана болып қоймай, сонымен бірге табиғатқа қатысты жауапкершілік, экологиялық білім алуға деген қызығушылық, қоршаған ортаға қатысты әр түрлі іс –шараларға қатысуға тырысу сияқты қасиеттерді қалыптастырады.
Көптеген зерттеушілердің ойынша, экологиялық білім беруде мектептің әсері ата –ананың білім берудегі әсерінен асып түспесе кем түспейді.
Жанұя, мектеппен қатар әр түрлі экологиялық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары және т.б. экологиялық білім берудің көзі болып табылады
Оқу-тәрбие процесіндегі экологиялық тәрбие.
Оқу-тәрбие процесіндегі экологиялық тәрбие.Оқыту процесіндегі экологиялық тәрбие. Экологиялық білімнің негізгі көздері: химия, физика, биология, география, астроиомия пәндері, олардың бағдарламаларындағы оқу материалдарын дәрістерде терең түсіндіріп, сыныптан және мектептен тыс экологиялық жұмыстарда тиімді қолдана білуге оқушыларды үйрету және дағдыландыру — мұғалімнің міндеті.Бастауыш сынып оқушылары табиғат байлығын ауыл шаруашылығында пайдалану жайлы алғашқы ұғымды еңбек сабақтарында алады. Олар үй мүліктерін, киім-кешек, тағам, т.б. жаасайтын табиғат заттарын пайдалану жолдарымен танысады. Бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасындағы оқушылардың экологиялық іскерлік дағдысын қалыптастыруға бағытталған жұмыс түрлері: өсімдіктердің даму кезеңіне фенологиялық бақылау жүргізу, мектеп және қоғамдық мүлікті ұқыптылықпен күту, тұрмыста электроэнергияны, газды, суды үнемді пайдалану. Орта және жоғары сыныптар оқушыларын кең көлемде экологиялық біліммен қаруландыру қажет.
Қазіргі жағдайда өндіріс табиғатқа күшті әсер етуші фактор болып отыр. Осыған орай табиғатты ұтымды пайдаланудық ғылыми білімге негізделетінін оқушылардың түсінуі керек. Өндірістік іс-әрекеттің нәтижесінде ортада әр түрлі өзгерістер болып жатыр.Экологиялық тәрбие жұмыстарының түрлері:
1. Ауыл мектептерінің оқу-тәжірибе алақын бағалы ағаштар тұқымының көшеттерін өсіріп, көгалдандыруға пайдалану.
2. Мектеп оқушылары мемлекеттік орман шаруашылығына үнемі көмек көрсетіп отырады. Олардың негізгі атқаратын жұмыстарының түрлері: көшет материалдарын өсіру, ағаштар отырғызу, оларды күту, өрттен, ұрылардан қорғау, орман-тоғай зиянды жәндіктермен күресу.
— дәрі өсімдіктерін дайындау, жидек, саңырау-құлақ, т.б. жемістерді жинау;
— пайдалы жануарларды қорғау және есебін алып отыру;
-фенологиялық бақылау жүргізу.
3. Оқушылар ауылшаруашылық тәжірибе жұмысымен айналысады. Тәжірибе жұмысы биология, химия мұғалімдерінің, жергілікті ғалымдарының басшылығымен жүргізіледі.
4. Оқушылар табиғатқа зиян келтіретін адамдармен күреседі, қорықтағы ережені бұзушыларды анықтайды, химиялық улы заттарды, минералдық тықайтқыштарды сақтау және қолдану ережелерін бұзушыларды әшкерлейді.
5. Экологиялық тәрбиеге айланысты мектепте жаппай шаралар ұйымдастырылады. Олар: кештер, дәрістер, баяндамалар, т.б.
6. Жалпы білім беретін мектептерде экологиялық білім мен тәрбие әр түрлі сыныптардағы оқу пәндерінің мазмұны, қоғамға пайдалы жұмыс және өндірістік еңбек арқылы іске асырылады.
Экологиялық қоғамның мақсаты: қоғам мүшелерін өздері тұрған аймақтың табиғатын қорғауға, күтуге тәрбиелеу, зерттеу жұмысына тарту, зерттеуді жүргізудің әдістері мен тәсілдеріне үйрету, мектепті экологиялық жұмыстың орталығына айналдыру.
Қоғам мүшелері мектептегі жастар ұйымымен ынтымақтасып, тұрғылықты жерде экологиялық штабтар құрады, жорықтар, саяхаттар ұйымдастырады. Экологиялық деректерді, ғылыми мағлұматтарды білім және тәрбие процесінде пайдалану мұғалімнің білімділігіне, педагогикалық шеберлігіне, жоғары мәдениеттілігіне байланысты.
Экологиялық тәрбие оқушылардың — табиғатқа жаңаша көзқарасын қалыптастырып, әр түрлі нысандарда жүргізіліп, жеке тұлғаның эмоциялық сезімдік әлемін қалыптастыруға бағытталып, адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерін жетілдіреді.
1. Экологиялық мәдениет – бұл адамның табиғатқа әсерінің әлеуметтік реттеушілерінің жиынтығы, экологиялық білім мен тәрбие берудің жүйесі.
2. Ұзақ уақыт бойы адамзат табиғатты шексіз пайдалана беруге болады деп ойлады және ол адамға пайдалану үшін берілген деген көзқарас болды.
3. Экологиялық сана деп, күрделі жүйе мәнінің көрінісін, табиғи ресурстарды пайдалану, қайта құруға байланысты адамдардың бір – біріне және қоршаған ортаға қарым – қатынасы түсініледі.
4.Табиғатты адамға тәуелсіз, оған қарама – қарсы ретінде қабылдау Жаңа заман дәуірінде болады. Табиғат негізгі қызметі адамның өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандырушы пассивті жақ ретінде қабылдана бастады. Бүгінгі күні адам мен табиғат арасындағы қарым – қатынас және экологиялық дағдарыстың болуын еуропалық өркениеттің даму ерекшеліктерінен іздеу керек деген пікірмен келісуге болады.
5 . Экологиялық мәдениеттің мәнін анықтау жан –жақты талдау жасауды талап етеді. Осы тұрғыда синергетикалықбағытты қолдану кең етек алған.
6.1997 жылғы 23 маусымдағы БҰҰның арнайы сессиясында ел басым ыз Н.Ә.Назарбаев әлемдік қоғамдастықты экологиялық мәселелерді күш біріктіре отырып, соның ішінде оның ойынша әлемдік маңызы бар Семей полигоны және Арал теңізі мәселелерін шешуге шақырды.
7. экологиялық мәдениет – табиғи ортаға деген саналы қарым – қатынас, адамның қоршаған ортаны жақсартуға өзіндік үлесін қосуы, экологиялық білімділік. Экологиялық мәдениеттің негізін экологиялық қарым – қатынас құрайды. Экологияландыру қоғамды сақтаудың шешуші шарты болып табылады, тек сол арқылы ғана адам мен табиғаттың арасында үйлесімділік орнатуға болады. Мәдениет жекелендіруден гөрі, адам мен табиғатты біріктіру құралына айналады.
8.Табиғатқа жанашыр болу адамзат қоғамына, оның келешегіне жанашырлық жасау болып табылады. Сол себепті туған жеріміздің тамылжыған, тамаша табиғатын сүю, оны қастерлеп, қадірлеу әрбір адамның азаматтық парызы.