• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 29 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Аймақ

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫН САҚТАУ БАСТЫ МІНДЕТІМІЗ

17.07.2023
in Аймақ
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫН САҚТАУ БАСТЫ МІНДЕТІМІЗ

Еліміздегі аса өзекті проблемалардың қатарына қоршаған ортаны қорғау мен экологиядағы өзекті мәселелер жатады. Осы жағдайға қатысты бүгінгі таңда елімізде түрлі ауқымды шаралар жүзеге асырылып келеді. Табиғат байлықтарын сақтау жер бетінде өмір сүріп жатқан халықтардың өмірі мен қызметін, мемлекеттердің тұрақты экономикалық дамуының және әл-ауқатын арттырудың негізі болып саналады. Ал қоршаған ортаны, ондағы жасыл желекті аялау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен оның байлықтарын сақтау және көркейту әрбір адамзаттың міндетіне кіреді.
Бүгінде ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға сәйкес рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыру, жасөспірімдерді қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуді мақсат ететін ұйымның ауқымды жобаларды іске асыру барысында тәжірибесі мол.
Бүгінде мемлекетімізде экология саласындағы қозғалыстар мен түрлі жобалар бар. Кейбір аймақтардағы оқушылар мен студенттер еліміздегі қайта өңдеу саласын дамыту, энергия үнемдеу мен қоршаған ортаның өзекті мәселелері бойынша өз жобаларын ұсынып, өзекті проблеманы шешуге атсалысып келеді.
Экология қазіргі таңда әлем бойынша ең күрделі проблемалардың бірі. Халық арасында экологиялық түсінікті, сананы қалыптастыру, экологияны жақсартуға үгіттеу біздің негізгі міндеттеріміздің бірі деп білеміз.
Адамдарды қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалап, ағаш отырғызуы және қоқысты сұрыптауға үйрету жөніндегі жобаларды іске асыруға қатысуын кеңейту де біздің негізігі міндетімізге кіреді.
Алдағы уақытта еліміздің барлық өңірінде экология саласындағы нақты жергілікті міндеттерді шешуде азаматтардың жеке күш-жігерін және еріктілік бастамаларды қолдауға бағытталған жобалар іске асыруды көздеп отыр. Сонымен қатар, табиғатты қорғайтын азаматтар мен еріктілерді тарту және оқыту, қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаш отырғызу, қоқысты сұрыптауға үйрету жөніндегі қызметке тартылған еріктілік пен бастамашыл топтардың қызметін жандандыруды да жоспарлап отыр. Ал жастар арасында эко-еріктілікті насихаттау мен ең үздік тәжірибелер жинағын шығару мен тарату алдағы уақыттың еншісінде.
Еліміздің кейбір аймақтарында экологиялық жобалар мен эко-еріктілікті қолдау орталықтары ашылған. Түрлі іс-шаралар, акциялар, мастер-кластар, қайырымдылық шаралары мен эко викториналар, вебинарлар және экоквестер ұйымдастырыла бастады.
Еріктілікпен айналысу өте қызықты да ауқымды істердің бірі. Ол арқылы жаңа білім, жаңа дағдылар әрине жаңа достар табуға болады. Бүгінгі таңда экологиялық мәселелер адамзаттың басты проблемасына айналды. Ол әрбір адамның мүддесіне тікелей қатысты болуы керек. Қазіргі кезде дүниежүзіндегі көптеген мемлекеттерде қоршаған ортаны бүлдіру арқылы қоғам өз келешегін жоятынын мойындау түсінігі бірте-бірте өсіп келеді. Ал қоршаған ортаның ластануы әр түрлі халықтардың ортақ қасіретіне айналды.
Егемен еліміздің, байтақ жеріміздің өсіп-өркендеп, әлемде еркениетті елдердің алдыңғы қатарына қосылуы, оның экономикалық даму деңгейіне байланысты болады деп санайтын белсенді эковалентерлер «Тазалық –денсаулық кепілі» деген халық нақылын естен шығармау керек. Өйткені, бүгінгі күні экологиялық жағдайдың күрт нашарлауы адам өміріне және мемлекетіміздің дами түсуіне қауіп төндіріп отыр.
Қарапайым қоқысты сұрыптау, үй жағдайында су және энергия көзін үнемдеп, пластикалық бөтелкелерден және полиэтилен пакеттерден бас тару мәселесін күн тәртібіне енгізетін уақыт келген секілді. Біз үлкен жетістіктерге жетуіміз үшін барлығын өзімізден бастауымыз керек.
Көп жастардың табиғатты қорғауына үлес қосуына білім алып жүрген мектебі мен достары себепкер болуы тиіс . Еріктілік дегеніміз адамдарға, жануарларға риясыз көмек беру. Бүгінгі таңда табиғат ресурстарын тиімсіз қолдану экологиялық дағдарысқа әкеліп соғады. Сондықтан да сенбіліктерге шығып, адамдарды табиғатты аялап қорғауға шақыру көп мәселенің алдын алуға бағыттайды.
Қоршаған орта мен экологияның жағдайы алаңдатын жастардың бар екені бізді қашанда қуантады. Бүгінгі таңдағы ең қиын экологиялық дағдарыстарға ауа мен өзен-көлдердің ластануынан біздің халық зиян шегуде. Ауының ластануы адам денсаулығына кері әсер етеді. Эко еріктінің басты міндетіне қоршаған ортаңды таза ұстау мен табиғатты қорғау кіреді. Айналамыздағы әсем жасыл желектерді, сұлулығы көз қуантар ағаштарды, сол ортаны мекен еткен аң мен құсты болашақ ұрпаққа қалдырар мұрамыз. Сол үшін қазірден оны қорғай білу, тазалығын сақтауға жас шәкірттерді тәрбилеуді міндетіміз.
Көкірегі ояу, талапшыл жастарымыз алдағы уақытта да эко белсенділікті дамытатын болса, қоршаған орта мен экологияның қарым-қатынасы реттеліп, қалдықты сұрыптап тастау, су мен жарықты үнемдеу мәселелері барлық өскелең ұрпақтың басты парызына айналады.

Оқи отырыңыз...

КЕНТТЕГІ КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ

КЕНТТЕГІ КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ

22.05.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» 2025 жылғы 03 қаңтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» 2025 жылғы 03 қаңтар

03.01.2025
ШЫМКЕНТТЕ МОНОПОЛИСТ КОМПАНИЯЛАР ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢАРТУҒА ИНВЕСТИЦИЯ САЛЫП ЖАТЫР

ШЫМКЕНТТЕ МОНОПОЛИСТ КОМПАНИЯЛАР ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢАРТУҒА ИНВЕСТИЦИЯ САЛЫП ЖАТЫР

23.09.2023
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» ҰЙЫМЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» ҰЙЫМЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

29.05.2025
ТҮРКІСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ ТУРИЗМДІ АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ 

ТҮРКІСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ ТУРИЗМДІ АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ 

28.05.2025
Жергілікті өзін-өзін басқару институттарының рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері  жөнінде семинар өтті

Жергілікті өзін-өзін басқару институттарының рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері  жөнінде семинар өтті

28.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған