• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 18 июля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАНДА «AL-FARABI» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫСЫ ӨТТІ

12.08.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАНДА «AL-FARABI» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫСЫ ӨТТІ

Түркістанда республикалық «AL-FARABI» интеллектуалды ойыны өтті. Жеңімпаздарды Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды марапаттады.

Оқи отырыңыз...

Түркістанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және мектепке дейінгі білім беру мәселелері талқыланды

Түркістанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және мектепке дейінгі білім беру мәселелері талқыланды

17.07.2026
ТҮРКІСТАНДАҒЫ WOOSONG UNIVERSITY УНИВЕРСИТЕТІНЕ ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДАҒЫ WOOSONG UNIVERSITY УНИВЕРСИТЕТІНЕ ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

17.07.2026
ТҮРКІСТАНДА ЛАМИНАТ ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЛАМИНАТ ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

16.07.2026

Облыстық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен өткізілген шараның мақсаты – дарынды жастарды анықтау, олардың танымдық қызығушылықтарын ояту арқылы білім деңгейін көтеру. Интеллектуалды ортаны қалыптастыру, жастар арасында ораторлық мәдениетті қалыптастыру бағытында ұйымдастырылған сайысқа 50-ге жуық команда қатысты. Оның ішінде Түркістан облысынан бөлек, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Жамбыл және Қызылорда облыстарынан келген 200-ден астам жас бақ сынады.

Ойынның іріктеу кезеңінде өзара мықтыны анықтаған командалар, тартысқа толы ойынның көркін қыздырды. Түркістан төрінде нағыз білімді жастардың басын қосқан бұл сайыс, көрермендерге де тамаша көңіл-күй сыйлады. Сайыстың екінші кезеңіне облыс әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, жастарға сәттілік тіледі.

– Тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан интеллектуалды сайыс биыл Түркістанда республика көлемінде ұйымдастырылып жатыр. Бұл сайыс Түркістан қаласын «Интеллектуалды қала» ретінде жаңа бағытпен өркендетуге септігін тигізеді. Жастардың арасында зияткер буын қалыптастыру, өзге мемлекеттің жастарымен достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Al-Farabi» интеллектуалды сайысын халықаралық деңгейде өткізу қажет деп есептеймін. Президентіміз Үкіметке жас ғалымдарды қолдау, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасау жөнінде тапсырмалар берген болатын. Демек, қазір елімізде зияткер жастарды қалыптастыру үдерісі қарқын алды деуге негіз бар. Жастардың сапалы білім алып, спортпен, өнермен шұғылданып, кәсіби маман атанып, мүмкіндіктерді мүлт жібермей еліміздің дамуына өз үлестерін қосуы – біз үшін ерекше маңызды. Алдағы уақытта да зияткерлік сайыстар ұйымдастыруға қолдау көрсетуге дайынбыз. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймын, – деді Дархан Сатыбалды.

Атап өтейік, 50-ге жуық команда арасынан ширек финалға өткен 9 команда шықты. Олардың төртеуі финалдық кезеңнің жолдамасын сарапқа салды. Нәтижесінде бірінші орынды Бәйдібек ауданының «BBC» командасы жеңіп алды. Екінші орынға Алматыдан келген «Oilike team» командасы ие болса, үшінші орынды Шымкенттің «Әл-Фараби» командасы еншіледі. Төртінші орынға Түркістанның «Key To Life» командасы ие болды. I орын алған командаға 500 000 теңге, II орынға 300 000 теңге және III орын иегерлеріне 200 000 теңге қаржылай сыйлық берілді.

​Сонымен қатар «Үздік білімгер» номинациялары бойынша 1-орынға 150 000 теңге, 2-орынға 100 000 теңге, 3-орын иегеріне 50 000 теңге қаржылай сыйлық берілді. 10-нан аса командаға ынталандыру қаржылай сыйлықтары тапсырылды. Түркістан өңірінің жастары білім саласында ғана емес, спорт, мәдениет салаларында да әлемдік жарыстарда биік белестерді бағындыруда.

Биыл өңірдің 10 спортшысы әлем чемпионаттары мен кубоктарында 1-ші орын иеленді, 5 спортшы 2-ші орынды, 2 спортшы 3-ші орынға ие болды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ПІКІРІНШЕ, ЖИ ЭКОНОМИКА, САУДА ЖӘНЕ ЖАҺАНДЫҚ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТЫҢ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН, ТОЛЫҚҚАНДЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ БАР САЛАҒА АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ДАМЫТУДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫНА ТОҚТАЛДЫ

17.07.2026
ПРЕЗИДЕНТТІҢ ПІКІРІНШЕ, ЖИ ЭКОНОМИКА, САУДА ЖӘНЕ ЖАҺАНДЫҚ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТЫҢ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН, ТОЛЫҚҚАНДЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ БАР САЛАҒА АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ПІКІРІНШЕ, ЖИ ЭКОНОМИКА, САУДА ЖӘНЕ ЖАҺАНДЫҚ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТЫҢ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН, ТОЛЫҚҚАНДЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ БАР САЛАҒА АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ

17.07.2026
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ АШЫЛУЫ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ АШЫЛУЫ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

17.07.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған