Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Жартытөбе ауылында болып, көркейту, көгалдандыру шаралары бойынша жасалған жұмыстармен танысты.
Сапар барысында «Астана» саябағында болды. Онда тұрғындардың жайлы өмір сүруі мен халық игілігі үшін берілген нысанды күтіп ұстау ауыл округ әкімдігінің міндеті екеніне тоқталып, алдағы уақытта осы бағыт бойынша жұмыстарды үйлестіру керектігін айтты.
Көгалдандыру мақсатында отырғызылатын ағаштар мен бұталарды таңдағанда алдымен олардың адамға пайдасын, әсерін ,сәндік мақсатта отырғызылатын орны, биологиялық және экологиялық ерекшеліктері ескеріледі. Әр ағаш әр түрлі болып келеді.
Қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар жаңа технологиялармен өндірістерді құрастыруын ынталандыру керек, ал экологиялық сұрақтардың шешілуі халықаралық стандарттарға сәйкес, аумақтық даму негізінде жүргізілуі қажет. Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғау жүйесі қатан әкімшілік және бақылауда құрастырылған. Осының нәтижесінде қоршаған ортаны ластауын өсуін көбейтпеуге мүмкін болса, істегі табиғат қорғау заңнамасының кемелсіз екендігі туралы сұрақ туындап, заң бұзушыларға толық көлемде әсер ете алмаймыз.
Сондай-ақ ауылдың ішкі көшелерін аралап, бұған дейін халық сұранысына орай жасалу керек жұмыстар мен жүктелген тапсырмалардың орындалу барысын назарға алды. Жауапты мамандармен аралау барысында туындаған мәселелерді саралап, қосымша бірқатар тапсырмалар жүктеді.