• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 24 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ — ӨЗЕКТІ ТАҚЫРЫП

02.08.2023
in Басты ақпарат
ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ — ӨЗЕКТІ ТАҚЫРЫП

«AMANAT» партиясы еліміздің барлық өңірінде ірі жұмыс беруші компаниялардың қатысуымен ауқымды бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізуде. Бас партияның Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек биыл 300 мың жасты, жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды жұмыспен және әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз ететін орталықтар құрылатынын айтқан болатын. Осылайша, партия жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін жүйелі түрде шешеді. Жалпы, сайлауалды бағдарламада 2027 жылға дейін 1,5 млн жасты жұмыспен қамту көзделген.

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Жастар рухы» белсенділері мен Жастар ресурстық орталығы КММ-і бірлесіп, «Авто-нұр» базарында «Мүмкіндіктер алаңы» және «Жастарға жұмыс» жобасы аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды.

Оқи отырыңыз...

Шымкент: Өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 8 мыңнан астам бос орын ұсынылды

Шымкент: Өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 8 мыңнан астам бос орын ұсынылды

23.04.2026
Қырғыз Республикасы делегациясы Түркістан облысының инвестициялық әлеуетімен танысты

Қырғыз Республикасы делегациясы Түркістан облысының инвестициялық әлеуетімен танысты

21.04.2026
Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Подписан меморандум с бизнес-ассоциациями Кыргызстана

17.04.2026

NEET санатындағы жастар үлесін азайту мен мемлекеттік бағдарламаларды жастарға насихаттау мақсатында өткен жәрмеңкеге, «Еңбек» мобильді орталығы, шағын несие гранттары, тұрғын үй мен «Отбасы банк» орталығының қызметкерлері қатысты.

Жастар жәрмеңкесі – бос жұмыс орындар нарығын зерттеуге және сала мамандарымен тікелей сөйлесуге тамаша мүмкіндік. Жастарға жұмыспен қамту, кәсіпкерлік, жастар практикасы, ақылы қоғамдық жұмыс, алғашқы бос жұмыс орын бағдарламалары мен тұрғын үй жөнінде толықққанды мағлұматтар беріліп, ақпараттық кітапшалар таратылды.

— Негізінен жұмысқа жас мамандар керек. Себебі қазіргі жастардың ойлауы, өмірге, қоғамға деген көзқарасы жаңаша. Жұмысымызға тың бағыт береді деген ойдамын. Біздің тараптан қойылатын негізгі талап – жұмысқа деген ынтасы болса, біз қалғанын үйретіп, оның кәсіби маман болып қалыптасуына көмектесеміз. Кез келген адам маман болып тумайды, уақыт өте келе жетіледі және өз ісінің шеберіне айналады, — деді жұмыс беруші «Бадам» ЖШС тігін фабрикасының директоры Гүлзада Нұржанова.

Базар орталығында өткен жәрмеңкеге 40-тан аса жас қатысып, 5 жас Еңбек мобильді орталығына тұрғылықты мекен-жайы бойынша жолдама алды.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Шымкент: Өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 8 мыңнан астам бос орын ұсынылды

Шымкент: Өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 8 мыңнан астам бос орын ұсынылды

23.04.2026

23.04.2026

23.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған