• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 12 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

28.07.2023
in Басты ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күндегі үлкен мәселелерінің бірі болып отыр. Ол үлкен әлеуметтік қасірет болып табылады. Жемқорлық мемлекеттік құрылымды іштей бұзып, еліміздің дамуына, халқымыздың игілігіне барын салуға дайын азаматтардың прогрессивті бастамаларын жоққа шығарады.

Оқи отырыңыз...

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

09.10.2025

На заседании Совета образования обсудили вопросы финансирования частных школ

08.10.2025
Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды

Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды

08.10.2025

Сыбайлас жемқорлық бір күнде жойылатын іс емес. Ол еліміздің әр азаматы жұмыла күрескен сәтте ғана нәтижелі болатыны айқын. Мемлекеттің дамуына бармақ басты, көз қыстылықтың тигізер кесірін бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген.

Жемқорлықпен күрестің өзі қауіпті әлеуметтік құбылыспен күрес болып табылады. Осыған орай, билік органдары жүйесінде қатаң ішкі құрылымдық бақылау жүргізу өте орынды. Жалпыға белгілі жағдай, жемқорлықты тудыратын тек Қазақстанға ғана қатысты емес, жаңарту жолындағы әсіресе орталықтанған жүйеден нарықтық экономикаға көшуді бастан өткеріп отырған елдерге де қатысты мәселелер жатады. Себебі, мен оған жағдай жасайтын шарттарды тиісті түрде анықтай отырып, оны шектеу мен төмендету бойынша нақты шараларды қолдану қажет деп есептеймін. Бұл орайда, жемқорлықпен күресте әлемдік тәжірибені зерттеудің біз үшін маңызы зор. Оған қоса, жемқорлықпен күрес кең халықаралық құқықтық базаға ие. Қазіргі таңда жемқорлықпен күреске қатысты бірқатар халықаралық құқықтық құжаттар қабылданған: Мемлекеттік лауазымды тұлғалардың халықаралық мінез-құлық кодексі (БҰҰ Бас Ассамблеясының 12.12.1996 жылғы 51/59 резолюциясы); Халықаралық сауда операцияларында жемқорлық пен парақорлықпен күрес бойынша БҰҰ Декларациясы және т.б.

Сонымен қатар, жемқорлықпен күреске елімізде тиісті түрде көңіл бөлініп, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен реттеледі. Жемқорлықпен күресті жүзеге асыруға орай көптеген құжаттар қабылданған. Дегенмен, жемқорлықпен күрес саласының негізін қалаушы заң азаматтардың бостандығы мен құқықтарын қорғауға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін жемқорлық негізінде туындайтын қауіптен сақтауға, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік функцияларды атқаратын лауазымды және басқа да тұлғалардың тиімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 18.11.2015 жылғы Заңы болып табылады.

Аталған заң жемқорлықпен күрестің негізгі принциптерін, жемқорлықпен қатысты құқық бұзушылықтардың түрлерін және жауапкершіліктің пайда болу шарттарын анықтайды. Сондай-ақ, демократиялық бастаулардың, мемлекеттік бастаулардың өрістеуіне, мемлекетті басқарудағы жариялылық пен бақылауға, халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімін ұлғайтуға, білікті мамандардың мемлекеттік қызметке түсуіне ынталандыруға, мемлекеттік функцияларды атқаратын тұлғалардың жемқорлыққа жол бермеуіне жағдай жасауға бағытталған.

Сауле РЫСҚҰЛОВА,

Әл-Фараби ауданы бойынша МКБ-ның бас маманы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН БІРГЕ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

АКИМ ШЫМКЕНТА ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ПОСАДКЕ ДЕРЕВЬЕВ ВМЕСТЕ С ЖИТЕЛЯМИ

11.10.2025
ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН БІРГЕ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН БІРГЕ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

11.10.2025
Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 18% деңгейіне дейін көтерді: бұл шешім қандай әсер етеді?

Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 18% деңгейіне дейін көтерді: бұл шешім қандай әсер етеді?

11.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған