• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 18 июля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН: ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

25.07.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН: ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

6 айдың қорытындысы бойынша қабылданып жатқан шаралар нәтижесінде Түркістан облысында жол-көлік оқиғалары 13 пайызға, оның салдарынан жарақат алған адамдар саны 20,4 %-ға төмендеген. Бірақ, өкінішке қарай, жолдарда қаза болғандар саны 1,1%-ға артқан. Зардап шеккендер қатары елді мекендердегі жолдарда өскен. Жол көлік оқиғаларының профилактикасы, оның ішінде адам өліміне алып келетін оқиғалардың алдын алу мәселесі Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжіліс отырысында қаралды.

Оқи отырыңыз...

Түркістанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және мектепке дейінгі білім беру мәселелері талқыланды

Түркістанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және мектепке дейінгі білім беру мәселелері талқыланды

17.07.2026
ТҮРКІСТАНДАҒЫ WOOSONG UNIVERSITY УНИВЕРСИТЕТІНЕ ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДАҒЫ WOOSONG UNIVERSITY УНИВЕРСИТЕТІНЕ ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

17.07.2026
ТҮРКІСТАНДА ЛАМИНАТ ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЛАМИНАТ ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

16.07.2026

Түркістан облысы полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Бағланбек Айтпаевтың мәлімдеуінше, облыста 430 мыңнан астам автокөлік тіркелген. Күніне 25 мыңға жуық автокөлік республикалық маңызы бар жолдан өтеді. Талдау қорытындысы бойынша, жол-көлік оқиғалары жаз мезгілінде артады. Апаттың көбі көліктің жылдамдықты асыруынан, қарсы бағытқа шығуынан, маневр жасау ережелерін сақтамауынан болып отыр. Шілде айының өзінде үш ірі жол көлік оқиғасы тіркелген. Барлығында қарсы бағытқа шығу себеп болған.

– Жол саласына қатысты әр деректің артында адам тағдыры тұрғанын ұмытпайық. Жолдағы апат саны азаймай тұрғаны аян. Алайда ең бастысы – қайғылы оқиғаны болдырмаудың нақты нәтиже беретін жолдарын тауып, жүзеге асырайық. Апатты қалай тоқтатамыз? Нақты не істей аламыз? Осы бағытқа күш салу керек. Жол қауіпсіздігі қамтамасыз ету мен жүргізушілер арасында жүргізу тәртібін қалыптастыру бойынша нәтижелі шаралар қабылдануы қажет. Облыс аумағында орналасқан жолдардағы жағдайды қатаң бақылауда ұстап, түсіндірме жұмыстарын күшейту қажет. Ішімдік пен психотропты заттарды қолданып, көлік басқарған азаматтар да қайғылы оқиғаларды көбейтіп отыр. Полиция департаменті осындай жағдайларға жол бермеуі керек. Бұл бағытта жұмысты күшейтіңіздер, – деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимовтың баяндауынша, жолдар мен көшелерде көлік және жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету және қолайлы қозғалысты ұйымдастыру мақсатында басқарма тарапынан 4 бағытта жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, жолдарды жөндеу, жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесін арттыру, жол белгілерін орнату, жол таңбалары мен жаяу жүргінші жолақтарын сызу, жолдарға жарықтандыру шамдарын орнату және аяқжолдар салу.

Түркістан облысы аумағындағы жалпы қолданыстағы жолдар мен елді мекен көшелерінің ұзындығы 17 459,34 шақырымды құрайды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ПІКІРІНШЕ, ЖИ ЭКОНОМИКА, САУДА ЖӘНЕ ЖАҺАНДЫҚ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТЫҢ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН, ТОЛЫҚҚАНДЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ БАР САЛАҒА АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ДАМЫТУДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫНА ТОҚТАЛДЫ

17.07.2026
ПРЕЗИДЕНТТІҢ ПІКІРІНШЕ, ЖИ ЭКОНОМИКА, САУДА ЖӘНЕ ЖАҺАНДЫҚ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТЫҢ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН, ТОЛЫҚҚАНДЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ БАР САЛАҒА АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ПІКІРІНШЕ, ЖИ ЭКОНОМИКА, САУДА ЖӘНЕ ЖАҺАНДЫҚ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТЫҢ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН, ТОЛЫҚҚАНДЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ БАР САЛАҒА АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ

17.07.2026
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ АШЫЛУЫ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ АШЫЛУЫ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

17.07.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған