• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 24 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

 2023 жылдың 22 маусымында «БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні» өткізілді   

24.07.2023
in Басты ақпарат

«Ашық есік күні» Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары үшін дәстүрлі іс-шараға айналды. Бұл жолғы күн тәртібі – «Зейнетақыны жоспарлау. Зейнетақы калькуляторы».

Оқи отырыңыз...

Шымкент: Өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 8 мыңнан астам бос орын ұсынылды

Шымкент: Өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 8 мыңнан астам бос орын ұсынылды

23.04.2026
Қырғыз Республикасы делегациясы Түркістан облысының инвестициялық әлеуетімен танысты

Қырғыз Республикасы делегациясы Түркістан облысының инвестициялық әлеуетімен танысты

21.04.2026
Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Подписан меморандум с бизнес-ассоциациями Кыргызстана

17.04.2026

 Қазақстанның зейнетақы жүйесі бірнеше деңгейден және төлем көздерінен тұрады: мемлекеттік бюджеттен базалық және ортақ бөліктер түссе, жинақтаушы бөлік БЖЗҚ-дағы міндетті және ерікті жарналар есебінен түседі.

Еліміздегі зейнетақымен қамсыздандыру жауапкершілігі үш тарапқа бөлінеді: мемлекет, азаматтың өзі және жұмыс беруші. Сондықтан қызметкерге болашақ зейнетақысын жоспарлау үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын уақытылы төлеуін және жалпы жеке зейнетақы шотының жай-күйін қадағалап отырғаны өте маңызды. Қор мамандары «Ашық есік күніне» қатысушылармен осы тақырыпты талқылады.

Қатысушылар БЖЗҚ сайтындағы және БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасындағы «Зейнетақы калькуляторы» көмегімен болашақ төлемдерді есептеу мәселесіне ерекше қызығушылық танытты. Пайдаланушыға мемлекеттік бюджет есебінен берілетін зейнетақыны және БЖЗҚ-дан жинақтаушы зейнетақыны қоса алғанда, барлық зейнетақы төлемдерінің болжамды мөлшерін дербес есептеуге мүмкіндік беретін ағымдағы және болжамды калькулятор  жоғары бағаланды.

Калькулятор зейнетақы жинақтарын біржолғы пайдалануды жоспарлаған жағдайда зейнетақы төлемдерін есептеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, калькуляторда заңнамада көзделген түзету коэффициентін ескере отырып, қауіпті және зиянды өндірістерде кемінде 60 ай жұмыс істеген қызметкерлер үшін БЖЗҚ-дан төлемдерді арттыру есебі де қамтылған.

Қатысушылар инвестициялық портфельді басқаратын компанияларға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін аударған жағдайда зейнетақы төлемдерінің серпінін көруге мүмкіндік беретін есептеуді өте пайдалы деп тапты.

Сондай-ақ, «Зейнетақы калькуляторының» көмегімен зейнетақы жинақтарын аннуитетке аударған жағдайда сақтандыру ұйымынан берілетін сақтандыру сыйақысы мен сақтандыру төлемдерінің сомасын да есептеуге болады. Бұл есептеулер төлемдердің қай мерзімде жүзеге асырылатынын, оларды жүзеге асыру кезеңін, бірінші төлемнің мөлшерін түсінуге және оның сізге қаншалықты тиімді екенін салыстыруға және өз таңдауыңызды жасауға көмектеседі.

Іс-шараға қатысушылар саны  көп болды және ол аса белсенді пікірталас ретінде өтті.

 БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Жастарды заң бұзушылықтан сақтаудағы прокуратураның профилактикалық жұмысы

Профилактическая работа прокуратуры по предотвращению правонарушений среди молодежи

24.04.2026
Жастарды заң бұзушылықтан сақтаудағы прокуратураның профилактикалық жұмысы

Жастарды заң бұзушылықтан сақтаудағы прокуратураның профилактикалық жұмысы

24.04.2026
Шымкент: Өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 8 мыңнан астам бос орын ұсынылды

Шымкент: Өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 8 мыңнан астам бос орын ұсынылды

23.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған