• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 12 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭКОТУРИСТЕР САНЫ ЕКІ ЕСЕ АРТЫП ОТЫР

24.07.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭКОТУРИСТЕР САНЫ ЕКІ ЕСЕ АРТЫП ОТЫР

Түркістан облысында экотуристер саны екі есеге артып отыр. Өткен жыл бойында өңірдегі тауларға 75 мың адам саяхаттаса, биылғы алты айдың өзінде олардың саны 80 мыңға жетіп отыр. Жыл соңына дейін 100 мыңнан асады деген болжам бар.
Түркістан облысының туризмін дамыту шаралары 3 бағытта жүргізіледі. Олар: тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм кластері. Өңірдің таулы аймақта орналасуы туризмнің әлеуетін арттыруға екпін береді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды туристік әлеуетті арттыру бойынша нақты тапсырмалар жүктеген болатын.
Осыған орай, Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет және туризм басқармасына қарасты «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы және «Miras Legion» туристік-спорттық фирмасының ұйымдастыруымен Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде «Түркістан таулары» белсенді экотуристік фестивалі өтті.

Оқи отырыңыз...

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

09.10.2025

На заседании Совета образования обсудили вопросы финансирования частных школ

08.10.2025
Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды

Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды

08.10.2025

Тау фестивалін өткізудегі мақсат – ерекше қорғалатын аумақтар мен Түркістан облысының тауларында белсенді экотуризмді дамыту, өңірдің табиғатын насихаттау, экологиялық сауаттылық пен саяхаттау мәдениетін көтеру, адамдарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға шақыру және жаңа орта қалыптастыру.
22-23 шілде күндеріне жоспарланған ауқымды шараға 200-дей адам қатысты. Алдын ала жарияланған хабарландыруда көрсетілген шарттарды толық орындаған үміткерлер арнайы бағдарлама арқылы іріктеліп алынды. Фестивальге қатысуға жалпы 2000-нан астам өтінім келіп түскен. Басым бөлігі Түркістан облысынан және Шымкент қаласынан болғанымен, еліміздің өзге де аймақтарынан белсенділік жоғары болды. Жас ерекшелігі: 18-60 аралығы.
Фестивальдің ашылу рәсіміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев қатысып, фестивальдің маңыздылығына тоқталды. Фестиваль аясында облыстың құрылғанына 5 жыл толуына орай альпинистер таудың шыңын бағындырып, тақтайша орнатуды мақсат еткен. Бұл бастама Түркістан жұртшылығы үшін ерекше оқиға болары сөзсіз.
— Түркістан облысы туристік әлеуетке басымдық беретін бірден-бір өңір. Өңірге былтыр 470 мың, ал биыл 6 айда 123 мың турист келген. Облыс аумағында 4 ерекше қорғалатын табиғи нысан орналасқан. Олар: «Ақсу-Жабағылы» және «Қаратау» қорықтары, сондай-ақ «Сайрам-Өгем» ұлттық табиғи паркі және «Сырдария-Түркістан» өңірлік табиғи паркі. Экологиялық туризмді дамыту мақсатында инфрақұрылымдарды жаңарту, жөндеу және саяхатшыларға арналған қонақжайлар салу үшін қажетті жерлерді бөлу жұмыстарын белсенді түрде жүргізудеміз. Бұл өз кезегінде экотуристерді еселеп арттырады. Жуырда туризм саласының өкілдерімен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдадық. Онда көтерілген мәселелер сарапталды. Осылайша, өңірдің туризм саласын жан-жақты дамыту міндетін бірлесіп орындаймыз, — деді Бейсен Дәулетұлы.
Қатысушылар арасында мобилография бойынша байқау ұйымдастырылды. Нәтижесі 28 шілде анықталып, жеңімпаздар Түркістан қаласында арнайы сыйлықтармен марапатталады.
Бағдарлама бойынша облыстық ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Талғат Досалиев, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, экологиялық ағарту және туризм бөлімінің бастығы Қалжігіт Қалыбаев тау туризмінің негіздері және қауіпсіздік ережелері туралы, ал алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша «Қызыл ай» қоғамының өкілдері шеберлік дәрістерін жүргізді.
Екі күнге жалғасқан бағдарламаның бірінші күнінде қатысушылар «Тимбилдинг», «Шатырды құру», «Таланттар шоуы» секілді командалық және шығармашылық ойындар мен сайыстарда бақ сынаса, гір көтеру, волейбол, бадминтон, фрисби спорттық жарыстарда бәсекеге түседі. Жылдамдығы және шапшаңдығымен үздік атанғандар Түркістан облысы әкімдігінің алғыс хаты және жүлделерімен марапатталды.
Кешкі бағдарламада жастар арасында танымал ойындар ойнатылды. Әрі қарай гитарамен ән айту, би кеші және ашық аспан астында кино көрумен жалғасады. Екінші күні маршрут бойынша «Буревестник» алаңына жаяу экскурсиясы жүргізіліп, тауға көтерілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, тау-тасы және өзен-көлімен талайды тамсандырған, Түркістан өңірінің табиғатын насихаттайтын мұндай фестивальдер жалғасын табады.

Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН БІРГЕ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

АКИМ ШЫМКЕНТА ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ПОСАДКЕ ДЕРЕВЬЕВ ВМЕСТЕ С ЖИТЕЛЯМИ

11.10.2025
ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН БІРГЕ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН БІРГЕ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

11.10.2025
Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 18% деңгейіне дейін көтерді: бұл шешім қандай әсер етеді?

Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 18% деңгейіне дейін көтерді: бұл шешім қандай әсер етеді?

11.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған