• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 8 сентября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА АСТЫҚ ОРУ НАУҚАНЫ ҚЫЗА ТҮСТІ

21.07.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА АСТЫҚ ОРУ НАУҚАНЫ ҚЫЗА ТҮСТІ

Сайрам ауданында масақты дәнді дақылдардарды ору науқаны басталды. Аудан аумағында жалпы масақты дәнді дақылдар 17800 гектар жерге егілген.

Оқи отырыңыз...

Шымкент цифрлық сауаттылықты оқытуда өңірлер арасында бірінші орынға ие болды

Шымкент цифрлық сауаттылықты оқытуда өңірлер арасында бірінші орынға ие болды

07.09.2026
Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
Камбоджа Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру тәжірибесін меңгеруде

Камбоджа Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру тәжірибесін меңгеруде

04.09.2026

Биылғы шілде айының басынан өнім жиналып жатыр. Гектарына орта есеппен 15-17 центнерден өнім беріп отыр.

Бүгінгі таңда масақты дәнді дақылдар 26900 тонна, яғни егіс алқабынан 25,8 пайыз көлемінде өнім жиналған. Олардың ішінде масақты дақылдардан 7500 тонна мал азығы, сонымен қатар 2650 га бидай және 1950 га жерлерден арпа орылған. Егістік алқаптарында 15100 гектарға бидай, 2700 гектарға арпа егілген. Бидайдың орташа түсімі гектарына 15,2 центнер, ал арпаның орташа түсімі гектарына 16-17 центнерге жуық өнім береді.

Масақты дәнді дақылдарды шілде айының соңына дейін толық жинау жоспарланған. Жоспарды толық орындауға аудан бойынша 162 комбайн жұмылдырылған. Масақты дәнді дақылдар ішінде бидай дақылын 60 ірі және орта ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі егумен айналысады.

Өткен жылдың күз айларында масақты дақылдарды егу кезінде ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жергілікті шаруалар тарапынан егін егу жұмыстары кешеуілдетсе де, жоспарлаған егістік толық егілді. Өнімділігі артып, былтырғы жылмен салыстырғанда ауданымыздың таулы аймақтарында, атап айтқанда Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Машат ауылынан, Манкент ауылдық округіне қарасты Аққала ауылынан, Қарамұрт ауылдық округінен 2-3 центнерден артық өнім алынып жатыр. Бұл ауыспалы егіс жүйесін қолданумен, мемлекет тарапынан қарастырылған тыңайтқыштар мен дизель отынын уақтылы берілуіне байланысты болып келеді.

Ауданға жерсіндірілген бидайдың «Память-47», ал арпаның «Бәйшешек» сорттары көбіне егіледі. Облыс деңгейінде топырақтың құнарлылығын сақтау мен шығынды азайта отырып, өнім көлемі мен сапасын арттыру мақсатында семинарлар өткізіліп жатыр. Осыған орай, биыл Қазығұрт ауданында Аграрлық ғылыми зерттеу институттарының қатысуымен нөлдік технологияның тиімділігі бойынша семинар өткізіліп, оған Сайрам ауданынан бірнеше шаруа қатысып, өнімділікті арттыру бағытында тәжірибе алмасты.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026
Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026
Шымкент цифрлық сауаттылықты оқытуда өңірлер арасында бірінші орынға ие болды

Шымкент цифрлық сауаттылықты оқытуда өңірлер арасында бірінші орынға ие болды

07.09.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған