• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 18 июля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМДІ ТҮЛЕТЕТІН ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

05.07.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМДІ ТҮЛЕТЕТІН ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасының бөлім басшысы Нұрдәулет Медеуов айтты.

Оқи отырыңыз...

Түркістанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және мектепке дейінгі білім беру мәселелері талқыланды

Түркістанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және мектепке дейінгі білім беру мәселелері талқыланды

17.07.2026
ТҮРКІСТАНДАҒЫ WOOSONG UNIVERSITY УНИВЕРСИТЕТІНЕ ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДАҒЫ WOOSONG UNIVERSITY УНИВЕРСИТЕТІНЕ ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

17.07.2026
ТҮРКІСТАНДА ЛАМИНАТ ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЛАМИНАТ ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

16.07.2026

Баспасөз мәслихатында белгілі болғандай, бүгінде Түркістан облысына келушілер мен туристер санында оң динамика байқалып отыр. 2022 жылы өңірімізге 470 мыңнан астам турист келген. Орналастыру орындары – 253,4 мың, шипажайлар – 142,4 мың, табиғи аумақтар – 74,9 мың туристі қабылдаған. Оған қоса 1,2 миллионнан астам зияратшы мен қонақ келген.

Басқарма өкілінің мәлімдеуінше, Түркістан облысының туристік әлеуетін арттыру мақсатында биыл бірқатар ауқымды іс-шаралар өтпек. Атап айтқанда, 15-16 шілдеде халықаралық Eagles of Turkistan конкурсы, 22-23 шілдеде «Түркістан таулары» белсенді экологиялық туризм іс-шаралары, ақпараттық турлар ұйымдастырылмақ.

Сонымен қатар, биыл күзде, яғни 5-6 қыркүйек күндері Түркі мемлекеттері ұйымдарына мүше елдердің туризм министрлерінің қатысуымен сегізінші отырысын өткізу көзделіп отыр. Аталған іс-шарада 2024 жылы Түркістан қаласына түркі әлемінің туристік астанасы статусын беру қарастырылмақ. Сондай-ақ алдағы уақытта Түркістан облысының туристік әлеуетін ВВС телеарнасынан көрсету жоспарланып отыр. Осылайша, халықаралық телеарна арқылы Еуропа, Таяу Шығыс және Орталық Азия елдеріндегі туристік нарықтарға таныстырылмақ.

Басқарма тарапынан аталған бағытта тиісті жұмыстар жүргізіліп, туризмді 3 бағытта кластерлік дамыту ұсынылып отыр. Біріншісі – Түркістан қаласындағы, Отырар, Сауран және Бәйдібек аудандарында орналасқан тарихи нысандарды қамтитын тарихи-танымдық туризм кластері. Екіншісі – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен Түркістан қаласы маңындағы Жетікөлді қамтитын экологиялық белсенді туризм кластері. Үшіншісі – Сарыағаш, Арыс, Манкент курорттық аумақтарын қамтитын емдік туризм кластері. Сонымен қатар, облыс орталығы Түркістан қаласына келушілер ағынын арттыру және туристердің болу ұзықтығын ұлғайту мақсатында қаланың төңірегіндегі 60 шақырым радиуста орналасқан туристік нысандарды дамыту және қала аумағында аталған нысандар бойынша ақпараттар орналастыру жұмыстары қолға алынып жатыр. Бұл ретте, нысандардың инфрақұрылымын жетілдере отырып, жаңа туристік бағыттар ашу жоспарланған.

Брифингте Ақмешіт үңгірін туристификациялау жайы да сөз болды. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде үңгір жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштер тізіміне енгізілді. Қазіргі таңда үңгір орналасқан жер телімін мемлекет мұқтаждығына қайтару мәселесі қарастырылып жатыр. Бұдан әрі үңгір айналасында шағын және орта бизнесті дамыту жұмыстары жүргізілмек.

Сондай-ақ брифинг барысында «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы» ЖШС-нің Бас директоры Мұхамеджан Мусалиев 14 шілде күні «Түркістан тв» телеарнасымен бірлесіп «TouristTime» онлайн телешоу бағдарламасы іске қосылатынын айтты. Ондағы басты мақсат — Түркістан қаласының мәдени және рухани орталығында туристердің қызығушылығын арттыру. Іс-шара барысында түрлі онлайн конкурстар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға облысымыздың туристік бизнес өкілдерінен арнайы жүлделер табысталады. Аталған іс-шара әр аптаның жұма күні көрсетіліп, жыл соңына дейін жалғасады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ПІКІРІНШЕ, ЖИ ЭКОНОМИКА, САУДА ЖӘНЕ ЖАҺАНДЫҚ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТЫҢ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН, ТОЛЫҚҚАНДЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ БАР САЛАҒА АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ДАМЫТУДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫНА ТОҚТАЛДЫ

17.07.2026
ПРЕЗИДЕНТТІҢ ПІКІРІНШЕ, ЖИ ЭКОНОМИКА, САУДА ЖӘНЕ ЖАҺАНДЫҚ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТЫҢ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН, ТОЛЫҚҚАНДЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ БАР САЛАҒА АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ПІКІРІНШЕ, ЖИ ЭКОНОМИКА, САУДА ЖӘНЕ ЖАҺАНДЫҚ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТЫҢ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН, ТОЛЫҚҚАНДЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ БАР САЛАҒА АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ

17.07.2026
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ АШЫЛУЫ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ АШЫЛУЫ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

17.07.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған