• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 27 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ЗИЯТКЕР ҰЛТ ТӘРБИЕЛЕУ — МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ

09.06.2023
in Басты ақпарат
ЗИЯТКЕР ҰЛТ ТӘРБИЕЛЕУ — МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ

Бүгінгі жаһандану дәуірінде ұлтжанды, отаншылдық рухы биік, зияткер ұлт тәрбиелеу — маңызды міндет. Себебі, надандық пен ескілікке, радикализм мен масылдыққа, тоғышарлыққа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитеті қалыптасқан саналы ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің ертеңін қалыптастырамыз.
XXI ғасыр білім мен интеллект ғасыры екені айдан анық. Яғни, біз өмір сүріп отырған кезеңде еліміздің экономикасын, әлеуметтік әлеуетін және саясатын, бір сөзбен айтқанда, болашақ дамуын интеллектуалды адам капиталы айқындайды. Жаппай жаһандану дәуірі қоғам дамуының жаңа талаптары мен міндеттерін алға тартуда. Ғылыми-техникалық үрдістердің жылдам қарқынмен дамуы қоғамдық сананы өзгертті. Білім мен ғылымның қоғаммен байланысы мүлде жаңа арнаға ауысты. Міне, сондықтан да қазіргідей ақпарат тасқынына адасып кетпей, бәсекелестік көшіне ілесу үшін интеллектуалды ұлт қалыптастырудың маңызы зор болып отыр.
Зияткер ұлт қалыптастыру – ол жастарымызды жаңа формацияға тәрбиелеу. Ал, ол үшін негізгі үш бағытта әрекет ету қажет. Бірінші бағыт — білім беру сапасын заманауи талаптарға сай дамыту. Екінші бағыт — ғылымды дамыту және ғылыми әлеуетті арттыру. Үшіншісі, инновациялық даму жүйесіне басымдық беру. Осы мәселелердің қаншалықты өзекті екенін оқу-ағарту саласындағы өзгерістен-ақ байқауға болады. Яғни, білім мен ғылымды қарқынды дамыту үшін былтыр ҚР Білім және ғылым министрлігі екіге бөлініп, ҚР Оқу-ағарту министрлігі және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі болып қайта құрылды.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті жоғарыда аталған бағыттарды негізге ала отырып, білім беру процесіне түрлі жаңалықтар енгізуде. Әсіресе, химиялық инженерия және биотехнология жоғары мектебінде екінші бағыт бойынша тиімді жұмыс жүргізіліп келеді. Білім беру бағдарламасы жұмыс берушілердің сұранысына сай толықтырылып, зертханалар түрлі тәжірибені сынақтан өткізу үшін заманауи құрал-жабдықтармен қамтылып, теория мен тәжірибені ұштастыруда дуальді білім беру жүйесі сәтті түрде қолданылып отыр.
Мемлекеттің интеллектуалды әлеуетінің негізі және басты көрсеткіші сапалы білім мен сындарлы ғылым десек, жоғары оқу орындары еліміздің білікті кадрларын қалыптастыратын және интеллектуальды әлеуетін дамытатын орта болып табылады. Бұл жүйе қаншалықты тиімді жұмыс істесе, еліміз саяси тұрғыдан да, экономикалық тұрғыдан да тұрақты түрде дамиды деп сенемін. Бүгінгі экономика интеллектуалды еңбекке негізделген. Ал, интеллектуалды еңбектің қозғаушы күші — жастар. Сондықтан саяси тұрғыдан жаңарған Қазақстанда рухани дүниесі бай, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, елінің ертеңіне бей-жай қарамайтын, кәсіби шеберлігі жоғары, технологиялық процестерді меңгерген жан-жақты, зияткер ұлт тәрбиелеу — әрбір ұстаздың міндеті деп санаймыз.

Оқи отырыңыз...

Шымкентте негізгі практикалық емтиханға дейін дайындықты тексеруге болады

Шымкентте негізгі практикалық емтиханға дейін дайындықты тексеруге болады

27.04.2026
Рухани жаңғыру: Бәсекеге қабілетті ұлт – саналы ұлт

Рухани жаңғыру: Бәсекеге қабілетті ұлт – саналы ұлт

26.04.2026
Шымкент: Өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 8 мыңнан астам бос орын ұсынылды

Шымкент: Өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 8 мыңнан астам бос орын ұсынылды

23.04.2026

Мырзабай НАРМАНОВ,
М.Әуезов атындағы ОҚУ «Химия және фармацевтикалық инженерия»
кафедрасының доценті, химия ғылымдарының кандидаты

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Шымкентте негізгі практикалық емтиханға дейін дайындықты тексеруге болады

Шымкентте негізгі практикалық емтиханға дейін дайындықты тексеруге болады

27.04.2026
Рухани жаңғыру: Бәсекеге қабілетті ұлт – саналы ұлт

Рухани жаңғыру: Бәсекеге қабілетті ұлт – саналы ұлт

26.04.2026
ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ

В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЛА ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ АКЦИЯ В РАМКАХ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»

25.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған