• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 9 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ЖАҢА ЖОБАЛАР МҰНАЙ-ГАЗ ХИМИЯ КЛАСТЕРІН ДАМЫТУҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

09.06.2023
in Басты ақпарат
ЖАҢА ЖОБАЛАР МҰНАЙ-ГАЗ ХИМИЯ КЛАСТЕРІН ДАМЫТУҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

Шымкенте мұнай өңдеу өнімдерін өндіру бойынша 14 кәсіпорын жұмыс істейді. Солардың қатарында «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» және «HILL Corporation» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері бар.

Оқи отырыңыз...

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

09.10.2025

На заседании Совета образования обсудили вопросы финансирования частных школ

08.10.2025
Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды

Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды

08.10.2025

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС республикадағы мұнай өңдейтін үш зауыттың бірі. Ірі кәсіпорында автомобиль бензиндері, дизель отыны, авиациялық керосин, сұйытылған газ, қыздырғыш мазут, вакуумдық газойл өндіріледі. Зауыттың өндірістік қуаты жаңғыртудан өткеннен кейін өнім көлемі ұлғайып, қазір жылына 6 млн. тонна мұнай өңдейді. Мұнда қазір 1800-ден астам адам жұмыспен қамтылған.

Ал «HILL Corporation» ЖШС майлау материалдарын өндірумен айналысады. Кәсіпорын моторлы, трансмиссиялық, компрессорлық, газ, турбиналық жағармай материалдарын және өзге де пластикалық майларды шығарады. Зауыт жылына 100 мың тонна майлау материалдарын, 28 мың тонна пайдаланылған майларды регенерациялауға және 1500 мың тонна майлау материалдары шығаруға қауқарлы. Кәсіпорында 200-ден астам адам жұмыс істейді.

Сонымен қатар, алдағы 20223-2026 жылдары қала аумағында мұнай қалдықтарын шикізат ретінде қайта өңдейтін 3 жобаны іске асыру жоспарланған. Олар:
— «Hill Resources» ЖШС – негізгі майларды өндіру (құны 270 млрд.тг, қуаттылығы — жылына 500 мың тонна мазутты қайта өңдеу).
— «Алмэкс Полимер» ЖШС – ұнтақты полипропилен өндіру (құны — 38 млрд.тг, қуаттылығы жылына 80 мың тонна ұнтақты полипропилен). Аталған жоба 2023-2029 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының отын-энергетика кешенін дамыту тұжырымдамасына қосылды.
— «Эколайф Астана» ЖШС құрамында мұнай бар және басқа да қалдықтарды кәдеге жарату зауытын салу (құны 500 млн.тг.). Жобаны жүзеге асыру мақсатында «Жұлдыз» индустриялық аймағынан жер телімін алу бойынша инвестор тарапынан тиісті құжаттар ұсынылып, өңірлік үйлестірушілер кеңесінің оң қорытындысын алды.

Қазіргі таңда, аталған жобаларды шикізатпен қамтамасыз ету бойынша «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-мен келіссөздер жүргізілуде.

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

09.10.2025
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты және шешімдердің орындалуы – заң үстемдігінің кепілі

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты және шешімдердің орындалуы – заң үстемдігінің кепілі

09.10.2025
Әкімшілік істер бойынша аумақтан тыс соттылық қағидаттары – әділдіктің заманауи тетігі

Әкімшілік істер бойынша аумақтан тыс соттылық қағидаттары – әділдіктің заманауи тетігі

09.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған