• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 9 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ТҰРАҚТЫ НАЗАРДА

07.06.2023
in Басты ақпарат
ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ТҰРАҚТЫ НАЗАРДА

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тауып келеді.

Оқи отырыңыз...

На заседании Совета образования обсудили вопросы финансирования частных школ

08.10.2025
Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды

Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды

08.10.2025
Түркістан облысында ауқымды «AQ-DALA» мақташылар фестивалі өтті

Түркістан облысында ауқымды «AQ-DALA» мақташылар фестивалі өтті

08.10.2025

Бұл орайда, Түркістан облыстық Бірыңғай байланыс орталығына 20-30 мамыр аралығында 4327 өтініш келіп түсті. Оның 3816-не мезгілінде жауап беріліп, оң шешілген.

Қаралған мәселелердің басым бөлігі: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы, оның ішінде электр жарығы, ауыз су және табиғи газбен қамту, сондай-ақ көшелерді жарықтандыру, кәріз құдықшалары мен қоқыс қалдықтарын тазарту, ветеринарлық қызметтер көрсету, жол салуға байланысты.

Мәселен, Түркістан қаласының Құлыншақ ақын көшесіне суару жұмыстары жүргізілсе, Жаңқожа Батыр және Құлан ақын көшелері бойындағы көгалдарды суару жалғасуда. Арыс қаласы, Ө.Жәнібеков көшесі №1 үйдің алдындағы кәріз құдықшасынан тасыған кәріз суларына «Ақаба-Сервис» мекемесінің тарапынан тазаланды. Төлеби ауданы, Бірінші мамыр ауылы, С.Мұханов көшесі №5 үй алдындағы жер астынан ағып жатқан суға мамандар тарапынан тиісті істер атқарылды.

Тұрғындардың мәселелерді жедел жеткізуі мен кері байланысты оңтайландыру бойынша өтініш беру көздерінің аясы кеңейген. Атап айтқанда, азаматтар 109 қысқа нөміріне қоңырау шалу, «Aikey» мобильді қосымшасы, Telegram-да чат бот, Whatsapp желісі, Instagram және Facebook әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы өтініштерін жолдай алады. Байланыс орталықта тәулік бойы тұрғындардың арыз-шағымы қабылданады.

Осы орайда, таяуда Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Әсет Әбдіраханов 1 күн бойы «109» бірыңғай байланыс орталығының операторы болып жұмыс атқарып, тұрғындардың өзекті мәселелеріне жауап берген болатын.

– Халықтың ұсыныс-тілегіне, арыз-шағымына құлақ асу – басты міндетіміз. Өзім бастап оператор қызметкерінің 1 күндік жұмысын атқардым. Тұрғындардың өтініштеріне жауап бердім. Күнделікті 700-1000-ға жуық қоңыраулар түседі. Әсіресе коммуналдық мәселелер, жарық өшу, газ, жол салу, балалар алаңшасын орнату мәселелері бар. Өтініштің орындалу мерзімі болады. Тез орындалатын өтініштерге 1 күнмен 7 күннің арасында уақыт беріледі. Ал орындалуы ұзақ уақыт болатын арыздарға мейлінше түсіндірме жұмыстары жүргізіледі, — деді Әсет Маратұлы.

Сонымен қатар, өңірімізде аталмыш орталықтың жұмысын жандандыру бағытында «109» телебағдарламасы қолға алынған. Тұрғындардан түскен өтініштердің орындалу барысы көгілдір экран арқылы апта сайын бейсенбі күні сағат 17:00-де Turkistan телеарнасынан көрсетіліп жатыр.

Жұматай ДИХАНБАЙ,
Түркістан қаласының тұрғыны.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

На заседании Совета образования обсудили вопросы финансирования частных школ

08.10.2025
Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды

Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды

08.10.2025
ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ – ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ

ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ – ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ

08.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған