• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 8 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТЫҚ ШАРУА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА КӨМЕГІМЕН ҚОЙ БАСЫН КӨБЕЙТІП ОТЫР

05.05.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТЫҚ ШАРУА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА КӨМЕГІМЕН ҚОЙ БАСЫН КӨБЕЙТІП ОТЫР

Созақ ауданында жылдан-жылға мал басы саны артып келеді. Мұны мамандар мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмекпен байланыстырады. Ауданда ауыл шаруашылығын дамытуға арналған бағдарлама аясында асыл тұқымды мал өсіруді қолға алған шаруалар көбейген.
Созақ ауданы мал шаруашылығына қолайлы аймақтың біріне жатады. Жайылым жер де жеткілікті. Осы ерекшелікті жергілікті шаруалар тиімді пайдаланып келеді. Соның бірі — «Қанжарбек» шаруа қожалығы. 2005 жылы құрылған қожалық ет өндіру бағытын қолға алған.
Қожалық төрайымы Айгүл Ашетова 2020 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 10 млн теңге несие алып, 400 бас қой сатып алған. Бүгінде 1130 бас уақ мал, 50 бас мүйізді ірі қара, 75 бас жылқысы бар. Шаруақожалық 2000 га аса жайылымдық жерді пайдаланып отыр. Сондай-ақ, «Инвестициялық салымдар есебінен кеткен шығынның бір бөлігін өтеп беру» бағдарламасы бойынша құдық қазылып, күн сәулесінен энергия алатын қондырғылар қойылған.
Қазіргі таңда, мұнда 8 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Орташа жалақы мөлшері 200 мың теңгенің төңірегінде. Кәсіпкер алдағы уақытта тағы төмен пайызбен несие алып, мал басын арттыруды көздеп отыр. Мұндай мүмкіндікті пайдаланып, ісін ілгерілетіп отырғандар баршылық дейді салаға жауапты маман.
– Біздің шаруа қожалықтың басым бағыты – мал басын көбейту. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жеңілдіктер болып жатыр. Субсидиялар көптеп бөлінуде. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша өз бизнесін дамытуға немесе кооператив құрамында жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, жастардың кәсіпкерлік бастамаларына жәрдемдесу мақсатында 21 мен 35 жасқа дейінгі азаматтарға 2,5%-бен 5 млн теңгеге дейін несие беріле бастады. Менің ойымша, бұл – үлкен мүмкіндік. Алдағы уақытта осы бағдарламалар аясында қожалықтың иелігіндегі мал басын тағы да көбейтуді жоспарлап отырмыз, — деді шаруа қожалық мүшесі Бағлан Қанжарбекұлы.
Еске сала кетсек, жалпы ауданда 330 мыңға тарта ұсақ мал, 15 мыңнан астам түйе, 25 мыңға тарта жылқы, 40 мың бас ірі қара бар. Сала мамандары мемлекеттік қолдаудың көмегімен бұл көрсеткішті арттыра түсу негізгі міндет екенін жеткізді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында ауқымды «AQ-DALA» мақташылар фестивалі өтті

Түркістан облысында ауқымды «AQ-DALA» мақташылар фестивалі өтті

08.10.2025
ПРЕЗИДЕНТ: «ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫ АЯСЫНДА ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІГІ ЖӨНІНДЕГІ ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕ КЕҢЕСІН ҚҰРУДЫ ҰСЫНАМЫЗ»

ПРЕЗИДЕНТ: «ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫ АЯСЫНДА ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІГІ ЖӨНІНДЕГІ ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕ КЕҢЕСІН ҚҰРУДЫ ҰСЫНАМЫЗ»

07.10.2025
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: «БІЗ 2040 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ДАМУ БАҒДАРЫН ТОЛЫҚ ІСКЕ АСЫРУҒА БАСА МӘН БЕРУІМІЗ ҚАЖЕТ»

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: «БІЗ 2040 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ДАМУ БАҒДАРЫН ТОЛЫҚ ІСКЕ АСЫРУҒА БАСА МӘН БЕРУІМІЗ ҚАЖЕТ»

07.10.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында ауқымды «AQ-DALA» мақташылар фестивалі өтті

Түркістан облысында ауқымды «AQ-DALA» мақташылар фестивалі өтті

08.10.2025
КӨКСАЙ: 8 ОТБАСЫҒА ЖАҢА ПӘТЕР БЕРІЛДІ

Зелёная балка: ещё восемь семей получили новые квартиры

07.10.2025
КӨКСАЙ: 8 ОТБАСЫҒА ЖАҢА ПӘТЕР БЕРІЛДІ

КӨКСАЙ: 8 ОТБАСЫҒА ЖАҢА ПӘТЕР БЕРІЛДІ

07.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған