• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 8 сентября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Қазақстан мен Өзбекстанның кәсіпкерлері 900 мың долларға экспорттық келісім жасады

27.04.2023
in Басты ақпарат
Қазақстан мен Өзбекстанның кәсіпкерлері 900 мың долларға экспорттық келісім жасады

Ел кәсіпкерлері көрші мемлекеттің бизнесімен байланысты нығайтып жатыр. Екіжақты алыс-берісті дамытуға бағытталған меморандумдар құрылыс саласынан бастап тоқыма өнеркәсібіне дейін қамтиды.

Оқи отырыңыз...

Шымкент цифрлық сауаттылықты оқытуда өңірлер арасында бірінші орынға ие болды

Шымкент цифрлық сауаттылықты оқытуда өңірлер арасында бірінші орынға ие болды

07.09.2026
Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
Камбоджа Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру тәжірибесін меңгеруде

Камбоджа Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру тәжірибесін меңгеруде

04.09.2026

Мұндай шаралар Ташкентте Қазақстан — Өзбекстан Іскерлік кеңесінің V отырысында талқыланды. «Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы өңіраралық ынтымақтастық шеңберінде өнеркәсіптік кооперацияны дамыту» тақырыбында өткен кеңесте экспорттық келісімдерден бөлек, кәсіпкерлердің өзекті мәселелері де талқыланды.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев көршілерге өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері туралы айтты.

«Біз Өзбекстанмен тығыз сауда-экономикалық байланыстамыз. 2022 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 4,9 млрд доллар, облыс пен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 445,7 млн доллар болды. Бұл жалпы тауар айналымының 51,7% құрайды. Негізінен Қазақстаннан бидай, смартфондар, жеңіл автомобильдер, ұн, ірі қара малдың еті экспортталады. Ал автомобиль бөлшектері мен керек-жарақтары, кендер мен концентраттар, тыңайтқыштар, жемістер мен көкөністер импортталады», – деп атап өтті Асылан Ибадуллаев.

Кәсіпкерлер ең көп көтерген мәселе – логистикалық кедергілер. Екі елдің де бизнесмендері тариф бағасы мен бюрократияға шағымданды. Сонымен қатар, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Өзбекстанмен тауар айналымы, агроөнеркәсіп кешені, азық-түлік белдеуі, өнеркәсіп, туризм, жаңартылатын энергетика және өңірдің тауашалық жобаларына тоқталды.

«Осы бағытта сіздерге толық циклді ет комбинатын, құс етін терең өңдеу зауытын салуды, ұсақ мал өнімін қайта өңдеу бойынша ет өңдеу комбинатын, қант зауытын, жылыжай кешенін салу, шырын өнімдерін өндіру, бақша дақылдарын қайта өңдеу зауыты, жиһаз өндіру цехы және басқа да көптеген жоба ұсынылды. Сіздің жобаңызды іске асыру үшін біздің мамандар қажетті жер учаскесін алуға, шикізатты ұйымдастыруға, өнімді шетелде жылжытуға, талдамалық және техникалық қолдау көрсетуге дайын. Біз ынтымақтастыққа қуаныштымыз және екі жақтан да жемісті нәтиже күтеміз», – деді Асылан Ибадуллаев.

Ташкенттегі жиынға еліміздің 10 шақты өңірінен 32 компания мен Қазақстан Сыртқы сауда палатасы, Қазақстандық өндірушілер одағы, Сауда қауымдастығы, «Open Turkistan» ЖШС туризм және аналитиканы ілгерілету бөлімі мен кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты. Ал Өзбекстан тарапынын қазақстандық нарыққа қызығып отырған 39 кәсіпорын мен сауда палатасының мамандары, Ташкент қаласы СӨП аумақтық басқармасы, «Өзбекбалықсаноат» қауымдастығы, Өзбекстанның тамақ өнеркәсібі қауымдастығы жиналды. Кеңес соңында В2В форматындағы екіжақты кездесулер өтті.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Тұғыры биік туған тіл

Тұғыры биік туған тіл

08.09.2026
Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026
Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған