• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 13 марта, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІНЕ 71 ЖАҢА АВТОБУС ТАПСЫРЫЛДЫ

17.03.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІНЕ 71 ЖАҢА АВТОБУС ТАПСЫРЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балаларға жан-жақты жағдай жасау, алаңсыз білім алуына қолдау көрсету жөнінде тапсырма берген болатын. Осыған орай, Наурыз мерекесін атап өту жөніндегі онкүндік аясында Түркістанда ауыл мектептеріне арнайы 71 автобус беріліп отыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жаңа автобустардың кілтін тапсырып, көпшілікті қуанышты сәтпен құттықтады. Балалардың қауіпсіздігі, сапалы білім алуы облыс әкімдігінің басты назарында екенін жеткізді.

Оқи отырыңыз...

ТУРКЕСТАН: СОВЕТНИК ПРЕЗИДЕНТА МАЛИК ОТАРБАЕВ ВСТРЕТИЛСЯ С ЖИТЕЛЯМИ ОРДАБАСИНСКОГО РАЙОНА

ТУРКЕСТАН: СОВЕТНИК ПРЕЗИДЕНТА МАЛИК ОТАРБАЕВ ВСТРЕТИЛСЯ С ЖИТЕЛЯМИ ОРДАБАСИНСКОГО РАЙОНА

12.03.2026
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: ҰЛТ САУЛЫҒЫ – ҰЛЫ БАЙЛЫҚ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: ҰЛТ САУЛЫҒЫ – ҰЛЫ БАЙЛЫҚ

12.03.2026
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН МАЗМҰНДЫ АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН МАЗМҰНДЫ АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

12.03.2026

– Алдымен баршаңызды Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Білім саласын дамытуда Түркістан облысында ауқымды жұмыс атқарылуда. Жуырда ғана өңірде 1 мыңыншы мектеп ашылды. Облыста білім ұялары тапшылығын жою бағытында жұмыс жалғасады. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 60-тан астам білім ұясы салынады. «Балалар жылы» аясында заман талаптарына сай автобустардың 101-і Түркістан облысының балаларына бөлінді. Бүгін сол автобустардың 71-і ел игілігіне тапсырылды. Тұрғындармен кездесулерде де осы мәселе көтерілетін. Өтініштер орындалды. Әсіресе, өңіріміздің таулы аймақтары мен шалғай елді мекендері бар аудандарында қауіпсіз тасымал мәселелері шешіледі. Ендігі кезекте оқу сапасын арттыруға басымдық беру керек. Білімді ұрпақ қана әділетті қоғамды орната алады. Бұл ретте білім саласындағы жемқорлықпен күресті күшейткен жөн. Жауапты орган басшыларына да ұсыныс берілді. Қоғамның бұл дертімен өзім бастап күресемін және жауапты басқармаға, білім бөлімі басшыларына да әділдікті сақтауды тапсырамын. Жаңа автобустар оқушыларымыздың игілігі үшін қызмет етсін! – деді Дархан Сатыбалды.

«Балаларды тасымалдауға арналған автобустарды сатып алу» инвестициялық жобасы аясында 2022 жылы Түркістан облысына қажетті 101 мектеп автобусын лизинг тәсілімен алу үшін «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамымен келісімшарт жасалған.
Бұл автобустар облыстағы тасымалданып оқытылатын 56 ауыл мен бастауыш сыныптары ғана бар 124 елді мекендегі 15 мыңнан астам баланы тасымалдайды. Бұған дейін балаларды мердігерлер есебінен – 169 автокөлік және мектеп баланысындағы 19 көлік тасымалдап келген еді.

Қолданысқа берілген 101 автобустың 71-і 20 орындық болса, 30-ы – 38 орындық. Жаңа автобустар қауіпсіздік белдіктерімен, оқу сөмкесіне арналған сөрелермен, есіктері ашық кезде қозғалысты тежейтін механизммен және тағы да басқа қауіпсіздік құралдарымен жабдықталған. Ыңғайлы әрі ықшам қоғамдық көліктер аудандардағы тасымалданатын оқушылар санына сәйкес үлестірілді. Ең көп автобус Келес, Төлеби, Сайрам, Ордабасы, Сарыағаш және Түлкібас аудандарына жолданды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Жаңа өзгерістер өмір сапасын жақсартуды көздейді

Жаңа өзгерістер өмір сапасын жақсартуды көздейді

12.03.2026
Шымкентте шахмат шеберлері бас қосты: әлемдік жарыстарға жолдама сарапқа салынады

Шымкентте шахмат шеберлері бас қосты: әлемдік жарыстарға жолдама сарапқа салынады

12.03.2026
Әлеуметтік тұрақтылықты нығайту – әрбір азаматтың жауапкершілігі

Әлеуметтік тұрақтылықты нығайту – әрбір азаматтың жауапкершілігі

12.03.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған