• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.03.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Өңірге жұмыс сапары барысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров бизнес өкілдерімен кездесу өткізді.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

08.05.2025
«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

08.05.2025
ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

08.05.2025

Жиынға Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің төрағасы Нұралы Әбішов және кеңес мүшелері, облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров пен басқарма басшылары, кәсіпкерлер қатысты.

Бизнес өкілдері балық шаруашылығы саласындағы шикізатты өңдеу, өңдеу өнеркәсібіндегі ҚҚС (қосылған құн салығы) мөлшерлемесі, еңбекақы төлеу қорынан мөлшерлемелері мен электр энергетикасы және газ саласындағы тарифтерді белгілеу мәселелерін талқылады.

Министр атап өткендей, бұл мәселелер мұқият зерделенетін болады. Салық саясатын жетілдіру бойынша ҰЭМ қазіргі уақытта жаңа Салық кодексін әзірлеуде. Салықтық әкімшілендіруді түбегейлі оңайлатуға және цифрландыруға ерекше көңіл бөлінетін болады. Кешенді жұмыс жұртшылықпен бірлесіп, сарапшылар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, кәсіпкерлер индустриялық аймақты одан әрі дамытуға және инфрақұрылымды жүргізуге жәрдемдесуді сұрады. Бұдан бөлек, қолжетімді тұрғын үй құрылысын қаржыландыру, ЖСҚ-ға (жобалау-сметалық құжаттама) түзетулер енгізу, керамика өндірісін кеңейту үшін жеңілдетілген несиелеу, кәсіпкерлікті тексеруге арналған мораторий бойынша мәселелер көтерілді.

«Бизнесті жүргізу үшін жағдайды жақсарту бойынша жүйелі шаралар қабылдануда. Ескірген және негізсіз нормативтік талаптарды қысқарту, мемлекеттік бақылау және қадағалаудың барлық салаларында тәуекелдерді басқару жүйелерін автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар, 2024 жылдан бастап «таза парақтан» реттеуді толыққанды іске қосу пысықталып жатыр», — деді Әлібек Қуантыров.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің төрағасы облыс бойынша ең өзекті мәселелер көтеріліп, назарға алынғандығына өз ризашылығын білдірді.

«Ашық форматта кәсіпкерлермен сөйлесу біз үшін маңызды, әдетте сұрақтар бірнеше сипатта болады, облыстық, республикалық деңгейде шешілетін сұрақтар бар, кәсіпкерлер реттеп отырып ең өзекті мәселелерімен бөлісті. Біз енді үлкен үміт күтеміз. Жалпы кәсіпкерлер өте риза», — деді Нұралы Әбішов.

Әлібек Қуантыров көтерілген барлық мәселелер мен айтылған ұсыныстар бойынша Министрліктің ұстанымын жеткізіп, ҰЭМ-ның құзыретіне кірмейтін мәселелер тиісті мемлекеттік органдарға жолданатынын айтты.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

08.05.2025
«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

08.05.2025
ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

08.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған