• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Миллиондаған шығынға батқан кәсіпкерлерге мемлекеттік орган тиісті жерін беруге кедергі келтіріп отыр

22.02.2023
in Басты ақпарат
Миллиондаған шығынға батқан кәсіпкерлерге мемлекеттік орган тиісті жерін беруге кедергі келтіріп отыр

Өңірлік палатаға бірнеше кәсіпкерден  жергілікті атқарушы органдардың әрекетсіздігіне қатысты арыз-шағымдары түсті. Бизнес өкілдері қызметін жүзеге асыру үшін 100 млн теңгенің техникасын сатып алған, алайда мемлекеттік органдар қызметіне кірісуге негізсіз рұқсат бермей отыр.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

08.05.2025
«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

08.05.2025
ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

08.05.2025

«Мега Групп Холдинг», «Samgau Group-2020», «Шымкент Мега Групп» мекемелері орталық уәкілетті және жергілікті атқарушы органдардан Арыс қаласының аумағында пайдалы қазбаларды барлауға арнайы лицензиялар – рұқсат құжаттар алған. Кен орнында пайдалы қатты қазбалардың қорын анықтап, оны «ОңтүстікҚазЖерҚойнауы» ОҚО өңіраралық геологиялық департаментінің хаттамасымен бекітіп, жер қойнауы қорының бағдарламасына енгізген.

Кәсіпкерлердің ұсынған құжаттары толыққанды әрі заңды болуына байланысты «пайдалы қатты қазбаларды өндіруге лицензия» берілген. Арыс қаласы әкімінің шешімімен бизнес өкілдеріне пайдалы қатты қазбаларды өндіру үшін сұратылған жер учаскесін беру мақұлданып, іс-құжаттар облыстық әкімдікке, жер қатынастары бөліміне жолданған.

Бизнес өкілдері кен орындарын барлауға арнайы техникалар сатып алып, құжаттарды рәсімдеуге, оларды сараптамадан өткізуге әрқайсысы 100 млн астам қаражат жұмсаған.

«Басқарма кәсіпкерлерге жер учаскесін беру туралы өтінімін комиссияның қарауына кіргізбей, жер учаскесін табыстау не табыстаудан бас тарту туралы түпкілікті шешім қабылдамай отыр», – деп шағымдануда кәсіпкерлер.

Жер учаскелерін уақытылы бермеуі «пайдалы қатты қазбаларды өндіруге берілген лицензиялардың» мерзімі өтіп кетуіне, ондағы міндеттемелерді орындауға мүмкін емес жағдайлар туындауына әкеп соғатынын айтып шағымданды.

Палата Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті өкілдерінің, арызданушылардың қатысуымен Түркістан облысының жер қатынастары басқармасының басшылығымен іскерлік кездесу ұйымдастырды. Жергілікті атқарушы органның тарапынан кәсіпкерлік субъектілерінің құқығын шектеу, әкімшілік кедергілер тудыру фактілері орын алып отырғанын ескеріп, мемлекеттік орган мен бизнестің  өзара іскерлік қарым-қатынасын орнатуды қамтамасыз ету, сондай-ақ туындаған мәселені шешу мақсатында Кеңестің қарауына ұсынылды.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

08.05.2025
«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

08.05.2025
ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

08.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған