• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН: БАСШЫЛАР ТҰРҒЫНДАРҒА КӘСІПКЕРЛІККЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЖЕҢІЛДІКТЕР АЛУ ЖОЛДАРЫН ТҮСІНДІРДІ

03.02.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН: БАСШЫЛАР ТҰРҒЫНДАРҒА КӘСІПКЕРЛІККЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЖЕҢІЛДІКТЕР АЛУ ЖОЛДАРЫН ТҮСІНДІРДІ

Бүгін Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығына бағытталған мемлекеттік қолдауларды насихаттау мақсатында «Ашық алаң» форматында тұрғындармен кездесу өтті. Жиынды облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев ашып беріп, мақсатына тоқталды.
– Қазір ашықтық пен қолжетімділіктің кезеңі. Тұрғындар мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына көп жағдайда күмән келтіреді. Себебі, жобалар халыққа кең көлемде түсіндірілмейді. Сол себепті облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының қолдауымен осындай алаң арқылы жеткізуді көздедік. Жастарға берілетін жеңілдетілген несиелер, кәсіпкерлерге арналған субсидиялар, туризм саласы бойынша берілетін гранттар туралы жан-жақты ақпарат алуға мүмкіндік бар. Биыл Түркістан облысында алғаш рет «Ауыл аманаты» жобасы іске асырылады. Түрлі жобалар бойынша 2,5 пайыздық жеңілдетілген несиелер беріледі. Зейнет жасына дейінгі азаматтарды уақытша жұмыспен қамту мақсатында «Күміс жас» және NEET санатындағы жастарды тұрақты жұмысқа орналастыру бойынша «Алғашқы жұмыс орны» сынды жобалар ұйымдастырылады. Мұнымен қоса, Мемлекет басшысының тапсырмасымен жастарға 2,5 пайызбен 2,5 млрд теңге несие беріледі. Бұлардың барлығы халықтың табысын арттыру үшін қолға алынған жаңа бағдарламалар. Бүгін барлық жауапты мекеме өкілдері елге қажетті мағлұматтар беріп, бетпе-бет кездесулер өткізеді, – деді Бейсен Дәулетұлы.
Ашық форматтағы кездесуде облыстық жауапты басқармалардың өкілдері мен микроқаржы ұйымдарының мамандары кәсіпкерлерге кеңестер беріп, бағыт-бағдар көрсетті. Атап айтқанда, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, туризм, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік және сауда басқармалары түсіндірме жүргізді.
– Бүгінгі ашық алаңға өз ісін алға жүргізгісі келетін немесе кәсібін үлкейткісі келетін кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы саласының өкілдері, жастар келіп, өз көкейіндегі сұрақтарды қойып, жобалармен танысты. Мемлекеттік бағдарламалармен тұтынушылардың қолына жеткен жағдайда игі істер атқарылып, кәсіпкерлік саласында қозғалыс болып, дамитынына сенімдіміз, – деді «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік АҚ портфельдік активтерді басқару департаментінің директоры Үмбет Еркінжан.
Іс-шараға қатысқан азаматтар өздеріне қажетті ақпарат алғандарын айтуда.
– Мен хабарландыруды әлеуметтік желіден көріп, қатысуға шешім қабылдадым. Тігін саласы, оның ішінде қолөнер бойынша кәсібімді ашқалы отырмын. Ұлттық нақыштағы киімдер арқылы құндылықтарымызды көрсететін дүниелерді шығаруға ниеттімін. «Ашық алаңға» келе отырып, мен жеңілдетілген несие мен мемлекеттік грантқа ие болу, субсидиялау мәселесі, кәсіпті өрбіту жолдары сияқты сұрақтарға жауап алдым. Мамандардан кеңес алу барысында барлық талапқа сай екенімді анықтадым, – дейді қала тұрғыны әрі жас кәсіпкер Динара Алипова.
Таңғы сағат 10.00-де бастау алған «Ашық алаң» форматындағы кеңес беру қызметтері сағат 13:00-ге жалғасты. Кездесуге жалпы 50-ден астам түркістандық келді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

08.05.2025
«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

08.05.2025
ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

08.05.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

08.05.2025
«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

08.05.2025
ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

08.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған