• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 4 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Түркістанда «әлеуметтік дүкендерді» жүргізіп отырған кәсіпкерге 20 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

18.01.2023
in Басты ақпарат
Түркістанда «әлеуметтік дүкендерді» жүргізіп отырған кәсіпкерге 20 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

 «Үш жылдан бері жүргізіп отырған кәсібіме келісімшарт бұздың деп 20 млн көлемінде айыппұл салынып отыр», – деп шағымданды жеке кәсіпкер «Әділет». Кәсіпкердің айтуынша «Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ осы уақытқа дейін төлемдерді кешіктіргені жөнінде ескерту хат жолдап отырған. Алайда ол хатта айыппұл туралы мәлімет болмаған. Түркістан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Департаментінің тексеру актісінен кейін 20 млн айыппұл салынғандығы жөнінде ескерту хат жолданған.

Оқи отырыңыз...

Түркістанда қоғамдық тамақтану кәсіпкерлеріне қойылатын санитариялық талаптар түсіндірілді

Түркістанда қоғамдық тамақтану кәсіпкерлеріне қойылатын санитариялық талаптар түсіндірілді

02.10.2025
Түркістанда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Түркістанда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

01.10.2025
«Бір ауыл – бір өнім» көрмесінің финалистері анықталды

«Бір ауыл – бір өнім» көрмесінің финалистері анықталды

01.10.2025

 Осы мазмұндағы уәжбен Палатаға Түркістан қаласының бірнеше кәсіпкері арызданып, «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамымен жасалған келісімшарттардың талаптарының заңдылығына қатысты көмек сұраған.

Өңірлік палата аталған мәселенің маңыздылығы мен жүйелілігін ескеріп оны жан-жақты объективті талқылап, шешу жолдарын қарастыру мақсатында, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Н.Арынбаев, Түркістан қаласы прокуратурасының прокуроры Т.Құрасбек, «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы АҚ-ның өкілдері мен Тұрақтандыру қорының директоры Л.Жанасбаеваның  қатысуымен арнайы дөңгелек үстел өткізді.

Кездесу барысында Комиссионер Тұрақтандыру қорынан алынған тауарлар үшін бір аптадан асқан қарыздар болғандығы, кешіктіріп төлегендігі үшін айыппұл салынғаны анықталды. Комиссионерден өндіру жөнінде тиісті шаралар жасалмағандықтан, шарт талабын бұзғандығы үшін 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әрбір уақытылы төленбеген қарызға айыппұл салынатындығы түсіндірілді.

«Бүгінгі таңда Акционерлік қоғамның кәсіпкерлермен жасалатын келісімшарттарының талаптарын өзгерту бағытында жұмыстар жүріп жатыр, осыған дейін төлемдерді кешіктіру фактісі бойынша кәсіпкердің пайдасына сот шешімі қабылданған, алдағы уақытта бизнес өкіліне енгізілген ескерту хаттар қайта қаралады», – деп атап өтті Тұрақтандыру қорының директоры Лаура Сақтағанқызы.

«2022 жылы Департамент өкілдерімен «Түркістан» ӘКК» АҚ-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді. Нәтижесі бойынша Акционерлік Қоғам мен бизнес өкілдері арасында жасалған келісімшарттардың талаптары бір жақты, кәсіпкер үшін қолайсыз жасалғаны анықталып, осы сәйкессіздіктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізілді», – деп атап өтті Нұрлан Керімханұлы.

Жиын соңында Палата атынан бұл мәселені екі жақты Заңды шешу мақсатында «Түркістан» ӘКК АҚ-ның заңгерімен зерделеу жұмыстарын жүргізіп, қажет болған жағдайда медиаторға жүгіну жолымен кәсіпкерге бір жолға қатаң ескерту беруді немесе салынған айыппұлдың сомасын төмендету ұсынылды.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

В Шымкенте чествовали учителей

Шымкентте үздік ұстаздар ұлықталды

03.10.2025
В Шымкенте чествовали учителей

В Шымкенте чествовали учителей

03.10.2025
Умная мобильность в действии: Шымкент внедряет интеллектуальный транспорт

Умная мобильность в действии: Шымкент внедряет интеллектуальный транспорт

03.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған