• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 9 сентября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

БЕЙБІТ ЕЛДЕН БЕРЕКЕ КЕТПЕЙДІ

05.01.2023
in Басты ақпарат
БЕЙБІТ ЕЛДЕН БЕРЕКЕ КЕТПЕЙДІ

Бүгін қаңтар оқиғасына байланысты тергеу амалдарының нәтижелерін ашық жариялау мақсатында Мәжіліс қабырғасында арнайы тыңдау өтті.

Оқи отырыңыз...

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026
Шымкент цифрлық сауаттылықты оқытуда өңірлер арасында бірінші орынға ие болды

Шымкент цифрлық сауаттылықты оқытуда өңірлер арасында бірінші орынға ие болды

07.09.2026

Жиында Бас прокурор мен құқық қорғау органдары басшылары есеп берді. ҚР Бас прокуроры Берік Асылов қайғылы қаңтарда 5 149 адам жарақатанып, 238 адам қаза тапқанын айтты. Оның ішінде 19 қаза тапқан адам – күштік құрылым қызметкерлері. Қаншама адам баласынан, әкесінен, жарынан, бауырынан айырылды. Бұдан бөлек, 100 млрд теңге көлемінде жалпы шығын келген. Дүние шығыны қайта қалпына келеді, ал адам шығыны қайтарымсыз.

Газдың бағасын төмендетуді сұраған Маңғыстаудағы бейбіт митинг, өзге қалаларда арампиғылды топтардың айтағымен жаппай тәртіпсіздікке, ұрып-тонауға ұласып, еліміздің тұтастығы бұзыла жаздады. Әуежайға, әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарға, күштік құрылымдардың ғимараттарына шабуыл жасалды. Тоналды. Өртенді.

Елдің тұтастығын құртуға әрекеттенген бұзақы топтар бейбіт шеруге шыққан халықты арандатып, бейберекетсіздікке үгіттеді. Әлеуметтік желіде арнайы топтар мен каналдар арқылы жымысқы әрекеттерін жүзеге асырған. Бейбіт шерушілерге қару таратқан. Нәтижесінде бейбіт шерудің барлық талаптары бұзылды. Экстремистік топтардың мүшелері мен бұрын сотты болған азаматтар тәртіпсіздікті ұйымдастыруға араласқан.

Президенттің батыл қадамы арқасында мемлекеттік билікті басып алғысы келген топбасшылары мен қатысушылардың шабуылдары тоқтатылды. Ұсталды. Темір торға тоғытылды. Атап айтқанда, тыйым салынған экстремисттік топтың 25 мүшесі, қылмыстық топтардың 42 мүшесі тұтқындалған. Сондай-ақ, 8 – діни теріс ағым өкілдері бар. Алданған, арбанған азаматтарға кешірім берілді. Босатылды. Рақымшылыққа ілінді. Мемлекет басшысы жариялаған рақымшылық шарасымен 1095 адамнің ісі қысқарды.

Қазақ даналары «Бір күн ұрыс болған үйден қырық күн береке қашады» дейді. Елімізден береке мен бейбітшілік кетпесін. Дұшпанның арбауы мен айдауына жүрген ел – елдігінен айырылады. Отанымыздың тұтастығын сақтау – баршамыздың перзенттік парызымыз. Елімізді енді жаудан, даудан сақтасын. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, халқымыз сабырлы болғай!

Айдар СЕЙДАЗЫМ,
Ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026
Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған