• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 3 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ЕЛ ӨТКЕНІН ҰМЫТПАЙДЫ

25.12.2022
in Басты ақпарат
ЕЛ ӨТКЕНІН ҰМЫТПАЙДЫ

Алматыда қаңтар оқиғасының құрбандарына арналған «Тағзым» мемориалы ашылды. Шараға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Президент қаңтар қасіреті ел тарихындағы үлкен сынақ ретінде халқымыздың жадында сақталатынын айтты. Бұл оқиға бәріміз үшін сабақ болғанын атап өтті.

Оқи отырыңыз...

Түркістанда қоғамдық тамақтану кәсіпкерлеріне қойылатын санитариялық талаптар түсіндірілді

Түркістанда қоғамдық тамақтану кәсіпкерлеріне қойылатын санитариялық талаптар түсіндірілді

02.10.2025
Түркістанда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Түркістанда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

01.10.2025
«Бір ауыл – бір өнім» көрмесінің финалистері анықталды

«Бір ауыл – бір өнім» көрмесінің финалистері анықталды

01.10.2025

«Тағзым» мемориалы – көп сатылы сәулет кешені. Бұл ескерткіш әртүрлі түстен тұратын төрт эмоционалды-архитектуралық бөлікке бөлінеді. Әр түстің өзіндік мән-мағынасы бар. Сондай-ақ, мемориалда халқымыздың ұлы тұлғаларының қанатты сөздері жазылған. Мұнда кемеңгерлеріміздің жақсы сөздері алынған. Бұл ескерткіш алаңын біздің ең қасиетті орнымыз деп есептеуіміз керек. Жас ұрпақ біздің ұлыларымыздың, қасиетті адамдарымыздың, ақындарымыздың ең жақсы сөздерін оқу арқылы ертең өздеріне сабақ алуы тиіс.

Ескерткішті орнату үшін 20-дан астам жоба ұсынылған. Олардың ішінен қазақстандық жас сәулетші Алексей Ивженко бастаған топтың жұмысы таңдалды. «Мемориалда еңсеру, тұрақтылық пен дамуға ұмтылу идеясы жатыр.Қаңтар оқиғасының құрбандарына арналған мемориал орнату үшін арнайы конкурс жарияланған еді. 8 адам болып бірнеше ай бойы тынымсыз еңбек еттік. Шынымды айтсам, қобалжыдым. Мойнымызға артылған жауапкершілікті сезіндім. Жұмысымыздың нәтижесі халықтың көңілінен шықты деп үміттенемін», — дейді сәулетші.

Мемориал қала әкімдігі ғимаратының жанындағы саябақта орналасқан. Мемлекет басшысы стеллаға гүл шоғын қойған соң, қаңтар оқиғасында қаза тапқан азаматтарды еске алу үшін бір минут үнсіздік жариялады.
— Қираған дүниені қалпына келтіруге болады. Бірақ үзілген өмір қайта жалғанбайды. Мұндай оқиға ешқашан қайталанбауы үшін біз қолдан келгеннің бәрін жасап отырмыз. Еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғау – бәріміздің перзенттік парызымыз. Бұл мақсат – президент ретінде мен үшін ең қасиетті борыш. Тұрақтылық пен татулық болса ғана, осы міндетті ойдағыдай орындай аламыз, — деді Президент.
Мемлекет басшысы мыңдаған отандасымыздың – волонтерлердің, дәрігерлер мен полицейлердің және қарапайым адамдардың қаңтар оқиғасы кезінде шынайы батылдық пен жоғары азаматтық жауапкершіліктің үлгісін көрсеткеніне арнайы тоқталды.

— Бір сөзбен айтқанда, біз ұлт болып осы қасіретті оқиғадан сабақ алуымыз керек. Құқық қорғау органдары және арнаулы құрылымдар ауқымды жұмыс атқарды. Тергеу барысы депутаттардың, Бас прокуратура өкілдерінің және заңгерлер қауымының қатысуымен Парламентте талқыланды. Жалған ұрандарға сеніп, қылмыскерлердің ықпалына түскен, алайда ауыр қылмыс жасамаған азаматтарға менің Жарлығыммен рақымшылық жасалды, — деді Мемлекет басшысы.

Қорыта айтқанда, ең бастысы – еліміздің егемендігі! Біз үшін Қазақстанның Тәуелсіздігі бәрінен қымбат. Осы тұрақсыз, құбылмалы әлемде Қазақстанымыз бізден басқа ешкімге керек емес. Сондықтан, еліміздің амандығы мен жеріміздің тұтастығынан асқан ешбір құндылық жоқ.

Қаңтардың қасіретті оқиғасы ұмытылмақ емес. Сол оқиғада жазықсыз құрбан болған, жазықсыз оққа ұшып кеткен, жазықсыз жазым болған жастарды біз ешқашан да естен шығармауымыз керек.

Бекжан АЙТҚҰЛОВ,
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЦИФРОВАЯ ТРАНСФОРМАЦИЯ КАК ПРИОРИТЕТ СТРАТЕГИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА

ЦИФРОВАЯ ТРАНСФОРМАЦИЯ КАК ПРИОРИТЕТ СТРАТЕГИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА

03.10.2025
Түркістанда қоғамдық тамақтану кәсіпкерлеріне қойылатын санитариялық талаптар түсіндірілді

Түркістанда қоғамдық тамақтану кәсіпкерлеріне қойылатын санитариялық талаптар түсіндірілді

02.10.2025
Астанада Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумы басталды

Астанада Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумы басталды

02.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған