• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 3 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Шымкентте 60-тан астам сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды

09.12.2022
in Басты ақпарат
Шымкентте 60-тан астам сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен атқарылған жұмыстар қорытындыланды.
Комиссия жұмысына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қалалық департаментінің басшысы Шаттық Өтеев, Қоғамдық кеңестің төрағасы Бауыржан Әлтеев, қала кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау Кеңесінің төрағасы Мелес Сейтжанов, Комиссия мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ қоғам және бизнес өкілдері қатысты.
Өңір басшысы қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
Отырыс барысында қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Шаттық Өтеев комиссия мүшелерін маңызды заңнамалық өзгерістерден хабардар етті.
«Тек соңғы бірнеше жылда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға жаңашылықтар енгізілді, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы бекітілді, мемлекеттік органдардың қызметінде жобалық басқару енгізілді, еліміздің әрбір өңірі үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің арнайы карталары әзірленді. Бұл стратегиялық өзгерістер алдын алу бағытында да, жедел тергеу тәжірибесінде де қолданылады», —  деп атап өтті Өтеев.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасын жүзеге асыру барысында  Департаментпен әртүрлі әлеуметтік маңызы бар салаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы 12 тақырыптық талдау жүргізіліп, 60-тан астам сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Талдау қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға әкімшілік кедергілерді және құқықтық базаның басқа да кемшіліктерін жою бойынша 100-ге жуық ұсыным енгізілді.
«Айта кету керек, мемлекеттік мекемелердің бірінші басшыларының қатысуымен ұсынымдар 100% — ға орындалды», — деп атап өтті қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев.
Педагогтер мен дәрігерлерді жұмысқа орналастыру кезінде мектептер мен ауруханалар басшылығымен тікелей байланыстар жойылды, конкурстан тыс жер беру практикасы тоқтатылды, ӘКК пәтерлерін өткізу тәртібі өзгертілді, бірқатар құқықтық актілерді өзгерту бойынша орталық мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізілді, сондай-ақ әкімдіктің бейінді мекемелеріне тұрғын үй беру тәсілдерін қайта қарау, жаңа бизнес-идеяларға гранттар беру, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, мемлекеттік сатып алу кезеңдерінің ашықтығы және т. б. салалар бойынша нақты ұсыныстар енгізілді.
Сатып алулардың бірыңғай терезесі арқылы мемлекеттік сатып алу мониторингімен 5,2 млрд. теңге қаржы үнемделді.
Сөз соңында Жұмабаев сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын бірлесіп жүзеге асыру, жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау практикасын жетілдіру және ISO 37001 Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын енгізу жөнінде ұсыныстар берді.
Сессия соңында қала әкімі атынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табысталды.

Оқи отырыңыз...

Түркістанда қоғамдық тамақтану кәсіпкерлеріне қойылатын санитариялық талаптар түсіндірілді

Түркістанда қоғамдық тамақтану кәсіпкерлеріне қойылатын санитариялық талаптар түсіндірілді

02.10.2025
Түркістанда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Түркістанда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

01.10.2025
«Бір ауыл – бір өнім» көрмесінің финалистері анықталды

«Бір ауыл – бір өнім» көрмесінің финалистері анықталды

01.10.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЦИФРОВАЯ ТРАНСФОРМАЦИЯ КАК ПРИОРИТЕТ СТРАТЕГИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА

ЦИФРОВАЯ ТРАНСФОРМАЦИЯ КАК ПРИОРИТЕТ СТРАТЕГИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА

03.10.2025
Түркістанда қоғамдық тамақтану кәсіпкерлеріне қойылатын санитариялық талаптар түсіндірілді

Түркістанда қоғамдық тамақтану кәсіпкерлеріне қойылатын санитариялық талаптар түсіндірілді

02.10.2025
Астанада Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумы басталды

Астанада Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумы басталды

02.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған