• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 13 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАБЫСТЫ ОТБАСЫ» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

07.12.2022
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАБЫСТЫ ОТБАСЫ» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысында «Самұрық-Қазына» АҚ-ның қаржылық қолдауымен мұқтаж және көпбалалы отбасыларға кәсіп ашуға мүмкіндік беретін «Табысты отбасы» жобасы басталды. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникацялар қызметіне өткен брифингте Түркістан облысы әкімнің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев мәлім етті.

Оқи отырыңыз...

Жұмысшы мамандықтар жылы: жастарды ерте баулу маңызды

Жұмысшы мамандықтар жылы: жастарды ерте баулу маңызды

13.05.2025
Түркістанда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға арналған жиын өтті

Түркістанда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға арналған жиын өтті

13.05.2025
ТҮРКІСТАНДА «МАРХАБАТ БАЙҒҰТ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАНДА «МАРХАБАТ БАЙҒҰТ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

13.05.2025

Баспасөз мәслихатында «Табысты отбасы» жобасының бренд-амбассодоры Айжани Нұрланова жобаның мақсаты мен шарттары туралы баяндады. Оның айтуынша, бұл жоба негізінен мемлекеттің әлеуметтік көмегіне іліне алмаған отбасыларға арналады. Ондағы мақсат — осындай отбасылардың ірі кәсіп ашып кетпесе де, әр отбасы үй жағдайында ісін дөңгелетіп, күнделікті отбасына табыс әкелетін мүмкіндік жасау.

Биылғы 1 желтоқсаннан бастау алған жоба еліміздің 5 өңірінде, яғни Түркістан, Ұлытау, Абай, Жетісу және Ақтөбе облыстарында пилоттық негізде жүзеге асып жатыр. Таңдалған бес өңірге барлығы 300 грант қарастырылған.

Түркістан облысынан әзірге 70 адам іріктеледі, бұл ретте оқыту нысаны ретінде өңірдегі ірі аудандардың бірі Сарыағаш ауданы таңдалған. Қатысушыларға Қор тарапынан құрал-жабдық негізінде грант беріледі, яғни грант ақшалай берілмейді. Гранттар негізінен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға беріледі.

– Жобаның басты ерекшелігі – бес бағытта шеберлік-сыныптары өткізіледі. Атап айтқанда сұлулық саласы, әлеуметтік желілерді сүйемелдеу, тігінші, автодәнекерлеуші және кондитер. Қатысушылардың қалауы бойынша бағыт таңдалады. Олар екі апта бойы өздері қалаған кәсіптің түрі үйреніп алуына мүмкіндік болады, жаңа дағдыларға үйреніп, тәжірибелік тренингтерден өтеді. «Табысты отбасы» жобасына көпбалалы және аз қамтылған, толық емес отбасылардың мүшелері, сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған және табысы төмен отбасылардан шыққан жастар қатысады. Түркістан облысы — қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Біз өңірдің мұқтаж отбасыларын «Табысты отбасы» жобасына қатысуға шақырамыз, — деді Айжани Адайқызы.

Брифингте сөз алған Түркістан облысы әкімнің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев бұл жоба тұрғындардың өз ісін ашып, қаржылық жағдайын нығайтуға және жалпы өңіріміздің экономикасына оң ықпал ететінін атап өтті.

– Түркістан өңірінің өнеркәсіптік әлеуеті жоғары. Сонымен бірге туристік инфрақұрылым, тарихи-мәдени мұра түріндегі артықшылықтары аз емес, ең бастысы, аймақтың еңбекқор халқы бар. Елдегі халық ең тығыз орналасқан өңірде азаматтардың бәсекеге қабілеттілігін, адами капиталды, яғни құзыреттілікті дамыту маңызды. Бұл басымдықтар туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиі айтып келеді. Сондықтан халықтың осал топтарынан шыққан азаматтарға өз ісін ашуға және әл-ауқатын жақсартуға көмектесетін «Табысты отбасы» қайырымдылық жобасын қызу қолдаймыз әрі осы маңызды бастаманы кеңейту үшін қолдау көрсетуге дайынбыз, — деді Бейсенбай Дәулетұлы.

Айта кетсек, «Табысты отбасы» жобасын қолдауға «Samruk-kazyna Trust» қоры 200 млн теңгеге жуық қаржы бөлген. Аталған қайырымдылық жобасын іске асыру кезеңдері туралы толық ақпаратты @tabysty.otbasy жобасының инстаграм-парақшасынан алуға болады.Байланыс тел: +7 701 558 0856.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Жұмысшы мамандықтар жылы: жастарды ерте баулу маңызды

Жұмысшы мамандықтар жылы: жастарды ерте баулу маңызды

13.05.2025
Түркістанда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға арналған жиын өтті

Түркістанда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға арналған жиын өтті

13.05.2025
ТҮРКІСТАНДА «МАРХАБАТ БАЙҒҰТ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАНДА «МАРХАБАТ БАЙҒҰТ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

13.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған