• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 13 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Сайлау-2022

ЕЛ ТАҒДЫРЫ ҮШІН ДАУЫС БЕРЕМІЗ!

11.11.2022
in Сайлау-2022
ЕЛ ТАҒДЫРЫ ҮШІН ДАУЫС БЕРЕМІЗ!

Дүниежүзіндегі елдердің басым бөлігінде мемлекет басшысы халықтың таңдауы арқылы сайланады. Олардың ішінде Қазақстан да бар. Биыл 20 қараша күні кезектен тыс Президент сайлауы өткізілетіні баршаға мәлім. Жалпы, Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанда жалпыхалықтық президент сайлауы алты рет 1991, 1999, 2005, 2011, 2015 және 2019 жылдары өткен болса, оның басым бөлігі кезектен тыс болып есептеледі. Ал, жетінші сайлауды өткізу не үшін қажет болды? Алдымен осыған тоқталайық.

Оқи отырыңыз...

САЙЛАУ — ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН САЯСИ НАУҚАН

В ШЫМКЕНТЕ ГОЛОСУЮТ ОБЩЕСТВЕННЫЕ ДЕЯТЕЛИ

19.03.2023
САЙЛАУ — ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН САЯСИ НАУҚАН

САЙЛАУ — ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН САЯСИ НАУҚАН

19.03.2023
ШЫМКЕНТТЕ 100-ГЕ КЕЛГЕН КЕЙУАНА ДАУЫС БЕРДІ

100-ЛЕТНЯЯ ЖИТЕЛЬНИЦА ШЫМКЕНТА СДЕЛАЛА СВОЙ ВЫБОР

19.03.2023

Саяси сарапшылардың пікірінше, алдағы сайлау ең алдымен – еліміздегі соңғы бірнеше жыл бойы жүргізіліп келе жатқан реформалардың жалғасы әрі саяси жүйені қайта жаңғыртудың тиімді тетігі. Олай дейтініміз, біріншіден – бұл саяси науқанның өтетіні ел тарихында алғаш рет алдын ала жарияланды. Бұл қазақстандағы саяси күштердің сайлауға алдын-ала дайындалуына мүмкіндік берді деп ойлаймын. Сонымен қатар, биылғы жалпыхалықтық референдум нәтижесіне сәйкес, мемлекеттегі саяси партияларды тіркеу біршама жеңілдетілді. Демек, жаңа саяси күштер өз кандидаттарын еркін ұсыну мүмкіндігіне ие болды деген сөз.

Сондай-ақ, бұл шешімге әлемдегі шиеленіскен геосаяси жағдай да әсер еткені айқын. Себебі, біз көршілес Ресей мен Украина арасындағы соғыстан, Армения мен Әзірбайжан, Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы қақтығыстардан сабақ алып, ел ішіндегі тұрақтылықты сақтауға ерекше назар аударған жөн. Халықтың бірлігі және елдің әл-ауқатын арттыратын ұзақмерзімді, тың бағдарламалардың жүзеге асырылуына күш салсақ, діттеген мақсатқа жетеміз. Осы тұрғыдан алғанда жеті жылдық әрі бір реттік президенттік мерзімнің тиімділігі мол болады деп болжанып отыр. Тиісінше, осыған дейін орын алған саяси реформалар, кезектен тыс Президент сайлауы, келер жылдың көктеміндегі Парламент және мәслихат сайлаулары, халықтың ауыл, аудан, қала мен облыс әкімдерін сайлауы елдегі дамып келе жатқан демократияның, саяси жүйенің жаңғыруының негізгі көрінісі болмақ.

Сонымен, бүгінгі таңда кандидат ретінде ұсынылған үміткерлер мен олардың сенімді өкілдері еліміздің түкпір-түкпірін аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жалпы, бұл сайлауды мемлекет басшысын таңдау ғана емес, ел болашағы үшін жасалатын маңызды қадам деп есептегеніміз дұрыс. Осы орайда түркістандық тұрғындардың саяси науқандарға өте ыждахаттылықпен атсалысып, еліміз бойынша үздік көрсеткіштерге қол жеткізіп жүргенін атап өткім келеді. Мәселен, 2019 жылы өткен кезектен тыс Президент сайлауында өңірдегі 1 181 946 сайлаушының 1 002 178-і немесе 84,8 пайызы дауыс берсе, 2020 жылы өткен ҚР Парламенті мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында 1 160 196 сайлаушының 748 643-і немесе 64,5 пайызы таңдау жасаған.

Ал, биылғы жылдың 5 маусымында ҚР Конституциясына өзгерістер енгізуге байланысты өткізілген жалпыхалықтық референдумға 1 162 994 сайлаушының 940 288-і қатысып, 80,66 пайыздық көрсеткішке ие болған Түркістан облысы көш басынан көрінді. Бұл – өңір тұрғындарының еліміздегі саяси үдеріске бейжай қарамайтындығының және сайлауалды үгіт-насихат жұмысын жүргізетін өкілдердің аянбай еңбек еткендігінің айқын белгісі. Және облыс азаматтарының 20 қараша күні өтетін сайлауға белсене қатысып, өз таңдауларын жасайтындығына сенемін!

Құрметті отандастар!
Жаңа, теңқұқықты, тұрғындардың қауіпсіздігі мен бостандығы қамтамасыз етілетін, ұлттық байлықтың игілігін әр азамат бірдей көретін Қазақстанға бірге қадам жасайық!

Бейсен ТӘЖІБАЕВ,
«AMANAT» партиясы
Түркістан облыстық филиалының
Атқарушы хатшысы,
Фракция жетекшісі,
облыстық мәслихат депутаты

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Жұмысшы мамандықтар жылы: жастарды ерте баулу маңызды

Жұмысшы мамандықтар жылы: жастарды ерте баулу маңызды

13.05.2025
Түркістанда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға арналған жиын өтті

Түркістанда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға арналған жиын өтті

13.05.2025
ТҮРКІСТАНДА «МАРХАБАТ БАЙҒҰТ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАНДА «МАРХАБАТ БАЙҒҰТ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

13.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған